Кестелік мəліметтерді графиктік түрде көрсету практикада жиі қолданылады. Графиктік өңдеу есептеу нəтижелеріне көрнекілік, көрінушілік береді. Кестелік процессорлар пайдаланушыға диа- граммалар (гистограммалар, графиктер) типтерінің жиынын таңдау мүмкіндігін ұсынады. Мұндай графиктік құралдарды іскерлік графика деп те атайды. Диаграмманы тұрғызу үшін пайдалану- шы оның типін көрсету керек жəне кестелік процессорға кестенің қай блоктарынан қажет ақпаратты алу керектігін хабарлауы керек. Диаграммалардың негізгі типтері [12] оқулықта толық сипатталған жəне оларды қолдану туралы нұсқаулар берілген.
Электрондық кестеде шартты жəне логикалық функцияларды қолдану үлкен мүмкіндік береді. Шартты функцияны қолданбайтын кесте сызықтық есептеуіш алгоритмді жүзеге асырады. Шарт- ты функцияны қолдану кестеге тармақталу құрылымын енгізеді. Есептердегі шарттардың күрделенуі кезінде тармақталу қажеттілігі пайда болады. Мысалы, егер электр энергиясы үшін төлем ережесі мынадай болса: алғашқы 100 кВт/сағ үшін 2 теңгеден төлеу керек, ал бұдан жоғары болған əр кВт/сағ үшін 3 теңгеден төлеу керек. Онда D4 ұяшығындағы есептеу формуласы былай болар еді:
= Если (С4<=100;C4*2;2+(C4-100)*3).
Кестелік процессорларда мəліметтер қоры режимінің бар болғандығынанкестедемəліметтердісұрыптау мүмкіндігібар. Əдетте сұрыптау кестенің ерекшеленген блогында ұйымдастырылады. Мəліметтер қорындағы сияқты сұрыптау жүргізілетін баған жəне сұрыптау реті бағандағы мəндердің өсу немесе кему реті бойынша көрсетіледі:
Мысалы, жоғарыда қарастырылған кестеде 4-ші жолдан бастап жолдарды төлем өлшемінің кемуі бойынша сұрыптауға болады. Сонда басында ең «қымбат» ай тұрады да, содан кемуі бойынша ор- наласады.
Функцияларды табуляциялау – математиканынң қолданбалы есептерінің жиі шешілетіндерінің бірі. Табуляциялау берілген қадам бойынша нақты берілген аралықта өзгеретін аргумент мəндері үшін функция мəндерінің кестесін құру дегенді білдіреді. Табуляциялау функцияны зерттеуге мүмкіндік береді: өзгеру сипатын анықтау, түбірлер облысын анықтау, экстремальды мəндерді анықтау. Көшіру тəсілін қолданып, электрондық кестеде үлкен өлшемдегі функция мəндерінің кестесін жылдам құруға болады. Ол үшін кестенің бастапқы екі жолын енгізу жеткілікті, содан кейін оларды төмен қарай қажет жол санына дейін көшіру жеткілікті. Мысалы,
F (x) x3 0,5 функциясының x=0 мəнінен бастап 0,2 қадам-
мен есептелген кестесі 15.4-кестеде келтірілген.
Кестеде х-тің бастапқы мəнін өзгерту керек болса, А3 ұяшығындағы мəнді өзгерту жеткілікті, ал қадамды өзгерту үшін В1 ұяшығын өзгерту керек. Формулалар қолданылатын кестелік процессорда қабылданған ережелер арқылы жазылады.
Электрондық кестелердің математикалық модельдеу есептерін шешу үшін қолданылуы туралы [16.2] тармақта айтылған.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
«электрондық кесте», «кестелік процессор», негізгі ақпараттық бірліктер (ұяшықтар, жолдар, бағандар, блоктар) ұғымдарын жəне оларды идентификациялау (теңестіру) тəсілдері туралы, электрондық кестенің мəліметтер типтері туралы білуі керек;
динамикалық электрондық кестелерде ақпаратты көрсетудің əртүрлі формасын (формулалар, графиктер, диаграммалар, кестелер) жасау жəне қолдануды істей білу керек;
жеке жəне ұжымдық жобаларды орындау барысында, оқуда, болашақта еңбек нарығында қажет мамандықты меңгеруде ақпараттық нысандарды, нысандар мен процестердің қарапайым модельдерін жасауда алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |