|
 Қазақстан республикасы білім жəне ғылым
|
бет | 149/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесіОқытудың технологиялық компоненті
-
тасырма. Информатика мектеп курсын оқыту үдерісінде оқушылар меңгеретін мəтіндік жəне графиктік редакторлардың қызметтік мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. Нəтижелерін кестеде жалпылаңыздар.
-
тапсырма. Мектептің əкімшілік құрылымына сызбалық си- паттама жасаңыздар: 1) графиктік редакторда; 2) мəтіндік редактор- да; Бейнелеу үшін кез келген геометриялық фигураны қолдануға бо- лады: тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, ромб жəне т.б. Мектептің əкімшілік құрылымына мультимедиялық презентация жасаңыз.
ІІ. Жағдаяттық есептер -
жағдаят. Мұғалім: “Сабақ барысында сіздер тапсырмалар жазылған тарапта материалдарды алдыңыздар. Тапсырмаларды талқылауға көшейік. Кімде қандай ұсыныстар бар?”.
Оқушылар тапсырмаларды алудың өз нұсқаларын айта- ды. Мұғалім оқушыларды сұхбатқа шақырып, шешудің мүмкін нұсқаларын айта отырып, олардың қызметтеріне бағыт береді.
Мұғалім: «Міндетті тапсырмаларды жəне бірінші деңгейдің тапсырмаларын барлықтарыңыз орындау керексіздер. Осы тапсыр- маларды орындап болғаннан кейін екінші жəне үшінші деңгейдің күрделі тапсырмаларына жəне шығармашылық жұмыстарға көшулеріңізге болады. Өздеріңіздің шығармашылық карточкалары- нызды толтыруды ұмытпаңыздар» (14.5-кесте).
14.5-кесте
тапсырма
деңгейі
|
тапсырма
нөмірі
|
өзіндік
бағалау
|
қиын-
дықтар
|
шешу
жолдары
|
бақылау
|
ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: 1. Əрбір деңгейде орындалған тапсырманы (*)-мен белгілеу керек.
-
Міндетті тапсырмалар жəне 1-деңгейдің тапсырмалары толығымен орындалуы керек.
-
«Қиындықтар» бағанында қиындық туғызған тапсырмаларды белгілеу керек.
Оқушының шығармашылық карточкасы
Фамилия, аты Сынып Сабақ тақырыбы
Сұрақтар жəне тапсырмалар:
-
Бұдан кейін мұғалім шығармашылық карточкаларды қалай қолдана алады? Оқушылардың білімі деңгейін жəне тапсырмаларды орындау сапасын шығармашылық карточка бойынша қалай талдауға болады?
-
Мəтінді ақпаратты өңдеу тақырыбы бойынша əртүрлі деңгейлі тапсырмалар əзірлеңіздер. Өзіңізді оқушы рөліне қойып, тапсырманы орындау үрдісінде өз мүмкіндігіңізді бағалаңыз.
-
жағдаят. Информатика мұғалімі мəтіндік жəне графиктік редакторлар құралдарымен ақпараттық нысандарды жасауды оқытуда қолданылатын қызықты тапсырмаларды жинақтады:
а) мектеп бланкісін дайыңдаңыз жəне онда осы мектепте оқитындығыңыз туралы анықтаманы шығарыңыз;
ə) бір аптаға сабақтар кестесін құрыңыз;
Қаланың ықшам ауданында 3 үй жəне əртүрлі бағыттағы 4 автобус аялдамасы бар. Үйлерден аялдамаларға барлығы қанша бағыт жүреді? Осы тапсырманың шешімінің сызбалық суретін салыңыз.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Ұсынылған тапсырмалардың қайсысын мұғалім оқушыларға
мəтіндік редакторда орындауға ұсынады? Бұл тапсырмалар мəтінмен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған?
-
Бұл тапсырмалардың қайсысын мəтіндік жəне графиктік ре- дакторларда орындауға болады? Неліктен? Оқушының рөліне кіріп, тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда пайда болатын қиындықтарды болжаңыз.
-
Нəтижесінде мультимедиялық презентация жасау қажет бола- тындай берілген тапсырмалардың ішінен қайсысын өзгертуге бола- ды?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|