Сабақтың тақырыбы: Су астындағы тамаша әлем
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
мүсіндеудегі сюжетті бейнелеу туралы білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық: бедердегі күрделі пішіндегі нысандарды жапсырмалау дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік:
табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Жоспарланатын нәтиже:
Пәндік: бедерді жапсырмалау тәсілдерін білу, осы білімдерін жартылай көлемді бейнелеу кезінде қолдана білу.
Тұлғалық: табиғаттың сұлулығын түсіне білу.
Жүйелік-іс-әрекеттік: мүсінді жапсырмалау дағдыларын қолдану, затты қабылдай білу, нысанның пропорциясын бере білу тәілдерін меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыстар: музыка, дүниетану, әдебиет, еңбекке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, түсіндіру, сұрақ жауап, жұмбақтар шешу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат, суретшілер шығармалары.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ әдісі.
1. Ертегінің қандай түрлері бар?
2. Ертегі басталғанда қалай басталады?
III. Үй тапсырмасын қорыту. Дайын салынған суретті қорғап шығу.
IV. Қызыгушылығын ояту. Топқа болу.
1-топ Балық 2- топ Тасбақа
3- топ Сегізаяқ 4- топ Дельфин
V. Мағынаны тану.
Су асты әлемі сондай тамаша және өзгеше. Алуан түрлі балықтар, әдемі маржан тастар, ерекше ұлу қабыршықтары қандай әдемі.Теңіз астында тағы дақандай ғажайып нәрселер бар екенін елестету. Теңізді мекендейтіндердің суретін қарап шығу. Біз бүгін қызықты жұмыс түрін атқарамыз. Яғни су асты әлемнің ғажайыптарын бедерлі кескіндеу тәсілімен орындаймыз.
Ол үшін түрлі түсті ермексаз қолданамыз. Сен бедер деп, жазық бетте шығыңқы мүсіндік кескіндеуді айтатамыз.
Жұмысымызды бірнеше кезеңде жүргіземіз.Сондықтан шыдамды бол.
Алдымен қатырғы қағаз бетіне көгілдір түсті ермексазды жұқалап жаймала. Оның бетіне ақ, көк түсті ермексаз жағындыларын түсіруге болады. Сонда су бетіне ұқсайды.Ал балық, ұлуқабыршығы, теңіз маржанына ұқсас болып шығады.
Теңіз маржандарын жеке мүсіндеп, содан соң негізгі бетке жапсыру керек. Жұмыстың соңғы кезеңінде ұсақ бөлшектерін жөндеуге кіріс. Балықтың көзі, қабыршығы, жүзбе қанаты және балдыр сияқты ұсақ бөлшектерді тегістегіш құрал көмегімен жөндеу керек.
Оқушылар алдарындағы дайындалған материалдарымен жұмыс жасайды. Техникалық қауіпсіздікті сақтау.Мүсінді жасау жолына қарап жасау.
VI. Ой толғау. Жұмбақ шешу.
1. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
2. Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді.
(Тасбақа)
3. Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді.
(Су)
4. Ұшында бір тамшы
Уы бар сұр қамшы.
(Жылан)
5. Күміспен апталған,теңгемен қапталған. (Сазан)
VII. Сабақты қорыту: Оқушылар шығармашылық жұмыстарын аяқтағаннан кейін ,өз жұмыстарын тақтаға қойып ,өз-өздерін бағалайды.
VIII. Үйге тапсырма: Ермексаздан жануарлар мүсінін жасау.
Сабақтың тақырыбы: « Алғашқы гүлдер »
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
мүсіндеудегі сюжетті бейнелеу туралы білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық: бедердегі күрделі пішіндегі нысандарды жапсырмалау дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік:
табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Жоспарланатын нәтиже:
Пәндік: акварельмен «а-ля прима» техникасында жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру.
Тұлғалық: өмірге эстетикалық көзқарасты дамыту.
Жүйелік-іс-әрекеттік: кескіндеу білімдері мен дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыстар: музыка, дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, түсіндіру, сұрақ жауап, жұмбақтар шешу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат, суретшілер шығармалары.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз -еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу!
II. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ әдісі.
1. Күннің түсі қандай?
2. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?
3. Пейзаж дегеніміз не?
4. Монохромды кескіндеме дегеніміз не?
5. Грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
III. Үй тапсырмасын қорыту.
Дайын салынған суретті қорғап шығу.
IV. Қызыгушылығын ояту. Топқа болу.
1-топ Қызғалдақ 2- топ Бақ-Бақ
3- топ Бәйшешек 4- топ Роза
V. Мағынаны тану.
Оқушылардан көктем және көктем гүлі туралы алған әсерлерімен бөлісуді сұрау. Бұл әңгіме балалардың эмоциялық көңіл күйін дайындауға жақсы негіз болады.
Көктем гүлдерін тамашалап, олардың ерекшелігіне, құрылысына, түсіне балалардың көңілін аудару.
Алғашқы көктем гүлдерін бейнелеу үшін біз акварельдің «а-ля прима» тәсілін таңдаймыз.
«А-ля прима» - «бірден салу» деп аударуға болады. Яғни акварельді біз парақтың бетіне жұқалап жақпаймыз, бірден бояуды қанық етіп түсіреміз.
Жұмыс ретін көрсете отырып түсіндіреміз. Қарындашты жеңіл жүргізіп өтеміз, палитрада бояуды езіп, күзгі гүлдердің нәзіктігі мен әдемілігін беруге тырысып, суретті салуға бірден кірісеміз.
Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу кезінде оларға мынандай кеңестер беруге болады:
- қарындаш іздері әлсіз түсіп, жіңішке болуы керек, себебі акварельдің бетінен көрініп қалуы мүмкін;
- «а-ля прима» тәсілін пайдаланғанда су мөлшері көп болмауы керек, себебі су көп болса, сурет «жүзіп» кетеді, ал су өте аз болса, «шөлдеп» қалады;
- бояуды палитрада езген дұрыс, палитра ретінде альбом парағын да пайдаланамыз, одан акварель түсі анық көрінеді.
Балалардың бояулы суреттері мектептегі кез келген мерекенің сәнін келтіреді.
VI. Ой толғау. Мақал-Мәтел «Гүл туралы».
1. Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
2. Таулы жердің суы әдемі,
Жарық жердің гүлі әдемі.
3. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
4. Гүл қайда болса көбелек сонда.
5. Гүлсіз бұлбұл үнсіз
6. Дала көркі - гүл,
Ана көркі – ұл.
7. Гүл өмір қызығы.
8. Гүл табылады, мал сатылады.
9. Үкісіз қыз болмас,
Тікенсіз гүл болмас.
10. Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл салып ашылады.
VII. Сабақты қорыту: Гүлдер туралы тақпақтар сұрау.
VIII. Үйге тапсырма: Ермексаздан жануарлар мүсінін жасау.
Бағалау .
Достарыңызбен бөлісу: |