Электр энергиясының төлем тізімдемесі
Ай
|
Есептеуіш
|
Вт/сағ-қа шығын
|
Төлем
|
Желтоқсан
|
4000
|
|
|
Қаңтар
|
4200
|
–В4-В3
|
–С4*2
|
Ақпан
|
4350
|
–В5-В4
|
–С5*2
|
Наурыз
|
4475
|
=В6-В5
|
=С6*2
|
1-типтегі есептерді шешу кезінде болатын негізгі əдістемелік мəселелерді мынандай тапсырмалар мысалында қарастырайық: есепші құралының көрсеткіштері бойынша электр энергиясының шығындарының ай сайынғы төлемін жəне 1кВТ/сағ құнын есептеу кестесін құру.
Есепті шешуді кестені жобалаудан бастау керек. Бұл оқушылар үшін неғұрлым күрделі кезең болып саналады. Алдымен, электр шығындары үшін төлемді есептеу алгоритмін түсіндіру керек, себебі бұл барлық балаға бірдей белгілі емес. Есепші құралының көрсеткіші əр айдың соңында алынады.
Электр энергиясының шығындары бір ай үшін осы айдағы жəне алдыңғы айдағы есепші құралының көрсеткіштерінің айырмасы ретінде анықталады. Содан соң төлем 1кВт/сағ бағасына шығын көбейтіндісімен анықталады. Қаңтар айындағы электр энергия- сы төлемін анықтау үшін есепші құралының қаңтар айындағы
жəне өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштерін білу ке- рек. Осы айтылғандардан қай шамалардың бастапқы мəліметтер екенін, қайсысы формулалармен есептелетін мəліметтер екендігін анықтау керек. Бастапқы мəліметтер – əр айдағы есепші құралының көрсеткіштері жəне 1 кВт/сағ құны, ал есептелетін мəліметтер – электр энергиясының ай сайынғы шығындары жəне төлем сомасы.
Енді кестені құруға көшуге болады. Оқушыларға кестені безендірудің кейбір ережелерін айта кету керек. Біріншіден, кестенің міндетті түрде атауы болуы керек. Кестенің жолдары мен бағандарының аты болуы керек. Мұғалім біртіндеп оқушыларды безендірілген құжатты алу үшін кестені форматтаудың негізгі құралдарымен таныстыруы керек. Кестенің бастапқы бөлігі 14.3-кестеде көрсетілген (1 кВт/сағ 2 теңгеден, ал төлем теңгемен есептеледі).
Кестелік процессормен жұмыс кезінде формулаларды көшіру тəсілін қолдану керек. С4, D4 ұяшықтарында формулалар бастапқы болып табылады. Олардан төмен орналасқан барлық формулалар көшіру арқылы алынған. Осы мысалдан оқушылар салыстырмалы адрестеу принципінің мағынасын анық түсінеді. Ол формулаларды қайта-қайта жазбай-ақ үлкен кестелерді жасауға мүмкіндік береді.
Осы есепті талдау абсолютті (қатып қалған) адрестеуді қолдануға əкеледі. 1кВт/сағ бағасын жеке ұяшықта сақтаған ыңғайлы (мысалы В16 ұяшығында), ал D4 ұяшығында С4*$B$16 формуласы жазылған. Осы формуланы көшірген кезде абсолютті адрес өзгермейді. Ал егер 1 кВт/сағ бағасы өзгеретін болса, онда тек бір ұяшықта (В16) өзгеріс жасаса жеткілікті.
Сандықкестелердеəртүрлі қорытындымəліметтержиіесептеледі. Атап айтқанда: қосынды, орташа мəн, мəндердің ең үлкен жəне ең кіші мəндері. Осындай мəліметтерді алу кестені статистикалық өңдеу деп аталады. Барлық кестелік процессорларда ол үшін сəйкес функциялар бар. Жоғарыда қарастырылған есепке мəліметтерді статистикалық өңдеу тапсырмасын қосуға болады. Мысалы, электр энергиясының төлемі кестені 1 жылға төленген ақшаның барлық со- масын (СУММ() функциясы), электр энергиясының орташа айлық шығынын (СРЗНАЧ() функциясы), айлық төлемнің ең үлкенін жəне ең төменін (МАКС(), МИН() функциялары) есептеулер қосуға бола- ды.
14.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |