Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Мəліметтерді сақтау жəне іздеу технологиясы



жүктеу 5,38 Mb.
бет145/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Мəліметтерді сақтау жəне іздеу технологиясы




Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар


Бұл технологияның қолданылу аумағы – компьютерлік ақпарат- тық жүйелерді жасау жəне қолдану. Компьютерлік ақпараттық жүйелер мəліметтердің үлкен көлемін сақтауға, оларға жылдам іздеу жасауға, өзгерістер енгізуге, мəліметтерге барлық мүмкін басқаруларды (топтау, сұрыптау жəне т.б.) орындауға мүмкіндік береді. Осындай ақпараттық жүйелерге мысал келтірейік: теміржол жəне əуе жолы билеттерін сату жүйесі. оқушылардың көбіне таныс ірі халықаралық жарыстардан, олимпиадалық ойындардан телере- портаж жүргізіліп жатқанда экранға комментатордың айтып жатқан спортшысы туралы ақпарат лезде шығарылатын, бұл компьютерлік ақпараттық жүйенің жұмыс жасап тұрғанын байқатады.


Кез келген ақпараттық жүйенің негізі – мəліметтер қоры болып табылады. Мəліметтер қоры – магниттік дискілерде мəліметтердің ұйымдастырылған жиынтығы. Оқушылар ақпараттардың магниттік дискілерде файлдар түрінде сақталатынын өте жақсы біледі. Сол себепті үлкен мəліметтер қорын ұйымдастыруға қатысты жасалатын алғашқы қорытынды – олардың дискінің жадысында үлкен көлем қажет ететіндігінде.
Теориялық негіздер. Мəліметтерді ұйымдастырудың үш тəсілі, яғни мəліметтердің модельдерінің 3 типі бар: кестелік, иерархиялық жəне желілік. Ақпаратты ұйымдастырудың сəйкес тəсілін қолданатын мəліметтер қоры реляциялық (кестелік мəліметтер қоры), иерархиялық жəне желілік мəліметтер қоры деп аталады.
Информатиканың негізгі курсында реляциялық мəліметтер қоры қарастырылады. Мəліметтер қорының реляциялық типі қазіргі кезде кеңінен қолданылады жəне əмбебап болып табылады. Мəліметтердің кез келген жүйесі кестелердің көмегімен бейнелетіні теориялық түрде дəлелденген. Қарапайым реляциялық мəліметтер қоры 1 ғана кестеден тұрады, одан күрделілері өзара байланысқан кестелердің жиынынан тұрады.
«Мəліметтер қоры жəне ақпараттық жүйелер» тақырыбы теориялық ұғымдарға бай (9-қосымша). Бұл ұғымдар негізгі курстың басқа да тақырыптардың мазмұндық желісімен ұштасады: ақпараттық модельдеу, ақпаратты көрсету (логикалық ақпарат). Мəліметтер қорының теориясы белсенді түрде 1970 жылдары дами бастады. Мұнда Е. Кодд жасаған реляциялық мəліметтер қоры тео- риясы ерекше орын алады.
Бір кестелік реляциялық мəліметтер қорының құрылымы: Кес- те нысандардың немесе оқиғалардың қандай да бір жүйесі тура- лы ақпараттардан тұрады. Əртүрлі жолдарда жүйеде сипаттала- тын əртүрлі нысандары туралы ақпарат болады, ал бағандар осы нысандардың əртүрлі атрибуттарына сəйкес келеді. Реляциялық мəліметтер қорының терминологиясында кестенің жолдары – жазба- лар, бағандар – өрістер деп аталады. «Реляциялық мəліметтер қоры» атауының өзі ағылшынның «relation» сөзінен шыққан, қазақшаға аударғанда «қатынас» мағынасында, яғни кестенің өрістерінің арасындағы өзара байланысты білдіреді. Бұл материалды түсіндіруде нақты мысалдар келтірген дұрыс болады. Мысалы: оқулықта мысал- дар ретінде əртүрлі кестелер келтірілген: «Үй кітапханасы», «Ауа райы», «Үлгерім», «Факультативтер» [4]. Мəліметтер қорының əрбір кестесінің өзінің аты болатындығын байқауға болады. Мұғалімге осы кестелерді плакаттар түрінде көрсеткен ыңғайлы болады.
Оқушылардың білуі қажет негізгі ұғымдары:

  • Кез келген кесте қандай да бір нақты жүйе (процес) туралы ақпараттардан тұрады жəне оның ақпараттық моделі болып табы- лады.

  • Кестедегі кез келген жазба – берілген жүйенің нақты нысаны

(оқиғасы) туралы ақпаратты құрайды.

  • Əрбір жазбадағы өрістің мəні – нысанның нақты сипаттамасы

(қасиеті, атрибут).

  • Жазбалармен жəне өрістермен байланысты негізгі ұғымдар: жазбаның басты (алғашқы) кілті, өріс аты, өріс мəні, өріс типі.

  • Аталған ұғымдарды тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге болады. Мысалы: 1-ші типті тапсырма: кесте аты жəне өрістер тізімі берілген, алғашқы кілтті көрсетіп, барлық өрістердің типтерін анықтау керек.

2-ші типті тапсырма: Мəліметтер қорының пəндік аймағы анықталған, кестенің атын беру керек; өрістердің аттарын жəне олардың типтерін анықтау керек; алғашқы кілтті беру керек. Əрине бұл тапсырма мəліметтер қорын жобалау облысына қатысты болғандықтан күрделі тапсырма болып табылады. Осы тақырыпқа қатысты болатын бірнеше өрістерді көрсетсе жеткілікті жəне өрістердің типтерін дұрыс анықтаса болғаны. Мысалы: «Əлем елдері», «Сыныптастар», «Кинофильмдер» мəліметтер қорының өрістерін, өріс типтерін жəне кілттерді анықтау қажет. Келесі шешімдер болуы мүмкін:


əлем-елдері

сыныптастар

кинофильмдер

ел-символдық

фамилия-символ

атауы-символ

астана-символдық

аты-символ

ел-символ

аудан-сандық

мекен жай-символ

жанр-символ

халқы-сандық

телефон-символ

режиссер-символ

болған-логикалық

туған-мерзім/уақыт

қайталанған-логика

Программалық жабдықтау. Реляциялық мəліметтер қорында ақпаратты ұйымдастыруға қатысты негізгі ұғымдармен таныстырған соң мəліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған программалық жабдықты оқып-үйренуге көшу керек. Мұндай программалық жабдық мəліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады.


Н. Д. Угриновичтің негізгі курсында [12] МҚБЖ-ін оқушылардың оқып-үйренуі қарастырылмаған. Мəліметтердің кестелік сақталуын ұйымдастыруда программалық құрал ретінде MS Word мəтіндік про- цессорын жəне MS Excel кестелік процессорын қолдану сипатталған.
Мəліметтерді басқару үшін Word жəне Excel кестелерінде жол- дарды сұрыптау мүмкіндіктері қолданылады. Мəліметтерді іздеу электрондық кестелерде фильтрация механизмінің көмегімен жүзеге асады.



жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау