8-апта. 15-сабақ
116-тапсырма. Ресми іс қағаздарындағы терминдердің қалыптасу
жолдарын сабақ барысында талқылаңыздар.
117-тапсырма. Қазақ халқының даму барысында
енген кірме
сөздердің пайда болуы тарихына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
118-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп,
мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу
жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің
ең өзекті мəселелерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары термин мəселесіне
айрықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікір
білдіріп, атсалысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерін
қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес.
Қазақ халқы өзінің даму тарихының əр кезеңінде түрлі елдермен
араласып, əр түрлі қарым-қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым-қатынастың
нəтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме сөздер пайда болды.
Олар негізінен VIII-XI ғасырларда ислам дінінің енгізілуімен байланысты
енген араб-парсы жəне XVIII ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-
қатынастың күшеюіне байланысты енген орыс сөздері.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің
төл сөздеріндей болып, негізгі сөздік қорынан орын алуда. Солардың бірқатары
ресми іс қағаздары тілінде қолданылып, жалпы халыққа түсінікті болып
қолданылып келеді.
Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жəрдем, жарнама,
хабар, куə, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, əкім, мəртебе, азамат, айып,
мырза, мекеме, мағлұмат, мəжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, əйел,
т.б.
Қазір қолданыста жүрген іс қағаздары атауларының бірқатары араб-
парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған. Мысалы: арыз, есеп, ереже, үкім,
өкім, шарт, кепілдеме, мəлімет, т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ислам
діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша болғандықтан,
қазақ іс қағаздары тілінде араб-парсы тілдерінің элементтері көп қолданылды.
Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы тілдеріндегі элементтердің жаңасы
кірмей, олардың сан жағынан азая бастағандығы байқалады. Қазан төңкерісінен
кейінгі кезеңде іс қағаздары тілінде қазақтың төл сөздері мен орыс тілінен
енген сөздер біршама көбейе бастады.
119-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Қазақ іс қағаздары терминдері қалай қалыптасқан? 2. Қазақ халқының
даму тарихында əр түрлі елдермен жасаған қарым-қатынасының нəтижесі не
берді? 3. Орыс сөздері неге байланысты енді? 4. Араб-парсы тілдерінен енген
сөздердің қазақ тілінің сөздік қорындағы орны қандай? 5. Қазақ тіліне сіңіп,
төл сөзіміздей болып кеткен кірме сөздерді атаңыздар. 6. Қолданыста жүрген іс
қағаздары атаулары қай тілдерден енген сөздерден жасалған? 7. Іс қағаздары
тіліндегі тілдік элементтер неге байланысты көп қолданылды? 8. Орыс
тілдерінен енген кірме сөздер қай уақыттан бастап көбейе бастады?
120-тапсырма. Орыс тілінен енген кірме сөздерді сөзбе-сөз аударып,
қолданудағы жіберіліп келген кемшіліктерден мəлімет алыңыздар.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс – іс қағаздарын, олардағы
терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатыр. Сөзбе-сөз аудару
арқылы, сөздердің дұрыс мағынасы берілмейді. Мысалы: орыс тіліндегі
делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғы
кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан, іс жүргізу деп
айтылып жүр.
Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылып жүрген термин.
Мысалы: істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істі
жүргізу тапсырылды, т.б.
Олай болса,
делопроизводство терминін іс жүргізу деп қолдану дұрыс
мағына бермейді. Сондықтан,
делопроизводство терминін іс қағаздарын
жүргізу деп қолданған дұрыс. Себебі:
1. Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу термин ретінде бұрыннан
қалыптасқан.
2. Екіншіден, ол сөз мағынасын толық, айқын бере алады.
3. Үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан.
4. Делопроизводство – іс қағаздарын жүргізу; деловые бумаги – іс
қағаздары болып қолданылуға тиіс
121-тапсырма. Іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Жазбаша
жазып, іс қағаздарындағы терминдердің бірнешеуімен 5-6 сөйлемдер
құрастырыңыздар.
122-тапсырма. Төмендегі
тілімізде
қолданыста
жүрген
іс
қағаздарына қатысты терминдердің аудармасын есте сақтаңыздар.
анкета – сауалнама аннулирование – күшін жою
адресат – қабылдаушы виза – бұрыштама
адресант – жолдаушы выписка – көшірме
актуальный – көкейкесті дубликат – екінші дана
документирование – құжат рəсімдеу
инструкция – нұсқаулық
административная ответственность – əкімшілік жауаптылық
8-апта. 16-сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 17-сабақ
123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары
қандай дəрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.
124-тапсырма. XIX ғасырдың II жартысында қандай ілгері
дамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
125-тапсырма. Берілген мəліметпен толық танысып, мəтінді
мазмұндаңыздар.
XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары
тілінің қалыптаса бастауы
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздары тіліндегі
лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері XVIII ғасырдағы
ресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздары
тілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптаса
бастағандығын көрсетеді.
XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өз
алдына едəуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы
ретінде танылады. Бұл дəуірде патшалық Россияның əкімшілік орындарының
қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа
жүзінде жарияланып отырды. Ресми іс қағаздары XIX ғасырдың II
жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.
Қазақ даласының саяси-əлеуметтік, экономикалық-мəдени өмірінде XIX
ғасырдың II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілі
дамуының жаңа дəуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны əдеби
тілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығының
əкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметі
жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін жəне отаршылдық
саясатты қарқынды түрде жүргізе беру үшін əрбір əкімшілік бөлікте екі тілде
газеттер шығара бастады. Олар: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала
уалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша
өкіметінің жергілікті əкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ
əдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздары
стилін одан əрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның əрі қарай дамуына ықпал
етті.
Достарыңызбен бөлісу: |