3 Қосымша
2015 жылы аяқталған бюджеттік инвестицияларды, бюджеттік программалар әкімшілері бойынша талдау
Бағалауды жүзеге асыру үшін есеп беру құжаттары, жалпы нақты сомасы 78 842 952 мың теңгені құрайтын, заңды тұрғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы 2015 жылы іске асырылған 6 жобалар бойынша тапсырылды.
Бұл жобаларды 82 327 110 мың теңге қабылдаған 4 бюджеттік программалар әкімшілері іске асырды.
2015 жылы аяқталған осы бюджеттік инвестициялар туралы ақпарат, бюджеттік программалар әкімшілері бойынша келесі диаграммада көрнекті көрсетілген:
Бұл жобалардың көбісін жалпы нақты сомасы 67 379 836 мың теңгені құраған 3 жобаларды іске асырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (ҚР ИДМ) жасады, ал қалған бюджеттік программа әкімшілері (ҚР ҰЭМ, ҚР ПІБ және ҚР ІІМ) әрқайсысы 1 жобадан жасады.
ҚР ИДМ жарғы капиталын ұлғайту арқылы келесі жобаларды іске асырды:
«Мемлекеттік органдарға хостинг қызметін көрсететін интернет-платформаның сервер бөлмесін салу», нақты жұмсалған қаражат - 2 719 755,00 мың теңге;
«Қазақстан Республикасы Жерді кашықтықтан бақылау ғарыштық жүйесін салу», нақты жұмсалған қаражат – 60 688 740,00 мың теңге;
«Қазақстан Республикасы жоғарғы дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымдарын құру», нақты жұмсалған қаражат – 3 971 341,00 мың теңге.
«Мемлекеттік органдарға хостинг қызметін көрсететін интернет-платформаның сервер бөлмесін салу» жобасы бағасы бойынша ауытқусыз іске асырылды, жоспарлы тікелей нәтижесі де 100%-ға орындалды. Жобаны іске асырып, пайдалауға берілу нәтижесінде жаңадан 28 жұмыс орындары ашылды.
«Қазақстан Республикасы Жерді кашықтықтан бақылау ғарыштық жүйесін салу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде 2 485 084,00 мың теңгені (бастапқы жоспарланған бағасының 3,93%) құрайтын бюджеттік инвестицияны үнемдеу пайда болды. Бұл үнемдеу мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде орын алды. Жүйенің өзін құрудан басқа тікелей көрсеткіш ретінде орташа сапалы фотосуреттерді алу көрсетілген. Жоспарланған 5,5 мың фотосуреттердің орнына 34,9 мың фотосуреттер алынды. Осы жоба аясында пайдалану мерзімінде жаңадан 70 жұмыс орны ашылды.
ҚР ИДМ есептік кезеңде Қазақстан Республикасы жоғарғы дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымдарын құру бойынша тағы бір жобаны іске асырды. Инженерлік-техникалық нығайтылудың (2011 жылдың 7 қазанындағы №1151 ҚР Үкіметінің қаулысы) талаптарын орындау мақсатында жоғарғы дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің орталығын салудың жұмыс жобасын түзету нәтижесінде жобаның бастапқы бағасының 8,35%-ын құрайтын 361 974,00 мың теңге үнемделді. Пайдалану мерзімінде жаңадан 30 жұмыс орындары ашылды, тікелей көрсеткіштер нәтижелерінің ауытқулары болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚР ҰЭМ ұзындығы 13,9 км болатын «Боржақты-Ерсай» темір жолын салуды аяқтап, жоспарланған тікелей нәтиже көрсеткіштерінің 100%-на қол жеткізді. Жобаны іске асыруға жұмсалған нақты қаражат 7 474 169,00 мың теңгені құрады, және мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде бастапқы бағаның 7,85%-ын құрайтын 637 101,00 мың теңге үнемделді. Жобаны пайдалауға беру кезінде жаңадан 234 жұмыс орындары ашылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ҚР ПІБ 2015 жылы «Астана қонақ үйі» АҚ-ның жарғылық капиталын 3 702 477,00 мың теңгеге ұлғайтып, жоспарланған көрсеткішті 100% орындады. Аталған бюджеттік инвестициялар қонақ үй ғимаратын қайта салуға жұмсалды, және жоба жоспарланған бағадан ауытқусыз аяқталды, тікелей көрсеткіштерде де ауытқулар болған жоқ. Пайдалану мерзімінде жаңадан жұмыс орындары ашылмайды.
Жарғылық капиталды ұлғайту арқылы есептік кезеңде жобаны іске асырған тағы бір бюджеттік программа әкімшісі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. Бұл әкімші 2015 жылы «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғанысының ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның жарғылық капиталын 286 470,00 мың теңгеге ұлғайтты. Жобаға жұмсалған нақты қаражат көрсеткіші бойынша ҚР ІІМ жоспарланған бағаға қол жеткізді. Сонымен, бюджеттік инвестиция көлемі бойынша ауытқулар болған жоқ. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан 5 жұмыс орны ашылды. Алайда, тікелей көрсеткіштер бойынша ҚР ІІМ қажетті межеге жете алмады – жоспарланған 120 дана лабораториялық жабдықтардың орнына 102 дана ғана атып алынған, бұл ауытқу 18 дананы, яғни 15%-ды құрады. Аталған ауытқу валюталық тәуекелдің орын алуына байланысты жабдықтардың қымбаттауы нәтижесінде пайда болды. Бұл жерде, жабдықтардың 16 данасы «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғанысының ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның өз қаражаты есебінен алдағы жылдарда сатып алынады. Ал, қалған 2 дана жабдықтарды сатып алу бойынша әкімші ешқандай мәлімет берген жоқ.
Қорытындылар
Жүргізілген талдаулар бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту арқылы іске асырылатын мемлекеттік инвестициялық жобалардың басты мәселелерінің бірі – жоба бағасының ауытқуы екенін көруге болады.
3 жоба бойынша ауытқулар үнемдеу ретінде орын алды:
2 жоба бойынша – мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде;
1 жоба бойынша – жұмыс жобасын түзетуге байланысты.
Тағы 1 жоба бойынша жоба компоненттерінің қымбаттауы орын алып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жете алмауға ықпалын тигізді.
Қалған 5 жобалар бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне 100% қол жеткізілді.
Есептік кезеңнің соңында жаңадан 297 жұмыс орны ашылды.
Сонымен, 2015 жылы аяқталған және пайдалауға берілген объектілер өндірістік күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ мерзімді ықпалын тигізетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |