Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет15/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36

кейде  хат  мазмұнына  байланысты  мекеменің  жауапты  қызметкері  де  қол
қояды.
5. Бұйрық-жарлық хат – циркулярное письмо.
Циркуляр хаттар. Əкімшілік жағынан бағынышты барлық мекемелерге
бір  мерзімде жіберілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
6. Сұраныс  хаттары. Бұл  хаттар  да  белгілі  бір  мақсатпен  ғана
жазылады. Мекемеден  керекті  ақпаратты  немесе  белгілі  бір  құжатты  жіберуін
сұрайды. Сұраныс хатқа  мекеменің жауапты адамы қол қояды.
7. Жолдама хаттар. Жіберілген  құжаттардың аттары, сол құжаттармен
бірге  жіберілген  қосымша  материалдардың  құрамы, мазмұны, көлемі, саны
жайлы мəліметтерді көрсету үшін жазылады. Жолдама хатқа мекеме  басшысы
қол қояды.
8. Өтініш  хатта  мекемелерден  бір  нəрсе  жөнінде  мəлімет  беру
сұралады.
9. Хабарлама хат – анықтамалық сипатта жазылады.
Ол  жұмыс барысында ескеру, басшылыққа алу үшін жоғарыдан төменгі
бөлімшелерге жіберіледі.
 10. Кепілдеме хат. Белгілі бір  мекеменің   іс-əрекеттің   орындалуын  өз
мойнына алып, екінші мекемеге  кепілдік бере жазатын хат.
11. Ілеспе  хаттар – сопроводительные  письма. Бұл  хаттар  адресатқа
хатқа  қоса  жіберілген  құжаттар  туралы  ақпарат  беретін  құжат. Ұсынылып
отырған құжатқа түсінік береді, оның орындалу уақытын  көрсетеді, кешіктіру
себебін түсіндіреді.
12. Хабарлама хаттарда фактілер көрсетіліп, «хабарлаймыз»,  «хабардар
етеміз» деген  сөздер  арқылы  жазылады. Стиль  бойынша  шақыру  хатына
ұқсайды.
13. Жарнамалық  хаттар – нақты  адресатқа  жіберіледі. Жарнамалап
отырған  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулердің  бағасы  көрсетіледі. Бұл  хаттың
негізгі мақсаты – ұсынылып отырған іске  қызығушылықты арттыру.
14. Шақыру  хатта  (письмо-приглашение) адресатты, нақты  тұлғаны,
мекеме  қызметкерлерін  белгілі  бір  іс-шараға  қатысуға  шақыру. Шақыру
хатында жүргізілетін іс-шараның сипаты беріліп, өтетін мерзімі, нақты уақыты
көрсетіледі.
15. Коммерциялық  хаттар – келісім-шарттар  жасау  жəне  орындау
кезінде  жазылады. Сатып  алушының  өтініші  бойынша  тауарлар  жəне  өнімдер
туралы ақпарат беруін өтіну немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардың
жауаптары, жарнамаға жауаптар болуы керек.
16. Бастама  хаттар  жауап  беруді  талап  ететін  хат. Бұл  хаттар  қандай
да бір мəселені шешуді өтіну, ұсыныс жасау, сұрау мазмұнында болады.
17. Жауап  хаттар  бастама  хаттардың  сипаттамасына  байланысты
болады. Бастама  хатта  қойылған  мəселелерді  шешетінін, ұсыныс, өтінішті
орындап  қабылдайтындығын  немесе  бас  тартатындығын, сұралған  мəліметтің,
іс-əрекеттің орындалған, орындалмағаны жөнінен хабар, мəлімет береді.


18. Ескертпе 
хаттар – жүргізілген 
іс-шаралардың, небір
міндеттемелердің  орындалу  мерзімінің  жақындағанын  немесе  өтіп  кеткенін
көрсетеді. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.
96-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.
Просим  сообщить, составляются  при  заключений  и  выполнений
контрактов, обязательство, мероприятия, разновидность данных писем, принять
участие, мы рады пригласить  вас, прошу принять.
97-тапсырма. Қызметтік  хаттардың  бір  түрі – Жолдама  хаттың
үлгісімен танысыңыздар.
Ж о л д а м а    х а т
                                               Қазақ мемлекеттік ғылыми-
                                                                  техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
             Ү л г і:
                                      институтының   директорына
Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік  педагогикалық  университетіндегі
филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дəрежесін  алу  үшін  диссертация
қорғайтын ДР 14.05.2010  диссертациялық кеңес 10.02.02 – қазақ тілі бойынша
Карамендина  Мағжан  Өміртайқызының «Қазақ  тіліндегі  көсемшенің
мағынасы  мен  қызметінің  дамуы» атты  кандидаттық  диссертация  жұмысын
жəне  авторефераттың  екі  данасын  мемлекеттік  тіркеу  мен  микрофильмнен
өткізу үшін жіберіп отыр.
Диссертацияның  қорғалатын күні  11 маусым  2011 ж.
 Диссертация кеңесінің
 төрайымы, профессор            __________         Тұрсынова Гүлбаршын
                                                                  қолы                 Тұрсынқызы
98-тапсырма. Топтағы  студенттер  қызметтік  хаттардың 18 түрін
өзара 3-4 хаттан бөліп алып, хат жазыңыздар.
7-апта. 13-сабақ
99-тапсырма. Іс  қағазының  бір  түрі – мінездеме  туралы  мəлімет
алып, оның қай жағдайда, қалай жазылатынын түсініп алыңыздар.
100-тапсырма.  Мінездеменің  қандай  түрлері  бар, олардың
əрқайсысын неге байланысты жазады? Өзара бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.
101-тапсырма. Мінездемеге  берілген  түсініктемемен  мұқият
танысып, оның құрылымын меңгеріп, есте сақтаңыздар.


М І Н Е З Д Е М Е
Мінездеме – түрлі  мекеме, ұйым, бірлестік, оқу  орны  тарапынан
берілетін, белгілі  бір  адамды  өмірбаяндық, біліктілік, кəсіптік, адамшылық
тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс
қағазының бір түрі.
*  *  *  *  *
Мінездеме белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну,
конкурстан  өткізу, т.б. мақсатта  жазылады. Мінездемеде  ұсынылған  адамның
адамшылық  қасиеттері, мінез-құлқы, кəсіптік  шеберлігі, отбасы  жағдайы
жазылады.
Мінездеменің  екі  түрі  бар: 1. Қызметтік  мінездеме; 2.
Аттестациялық мінездеме.
Қызметтік  мінездеме – мінездеменің  айрықша  кең  тараған  формасы.
Қызметкерді объективті, əрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.
Аттестациялық  мінездеме  белгілі  бір  адамның  атқарып  отырған
қызмет  орнына  лайық, лайық  еместігін  тексеру  мақсатында  жүргізілетін
аттестация қорытындысына орай жазылады.  Мұндай мінездеменің қорытынды
бөлігі міндетті түрде атап көрсетіледі.
Қорытындысында:   Атқарып  отырған  қызметіне  лайық; Атқарып
отырған  қызмет  орнына  лайық  емес; Қызмет  бабында  жоғары  қызметке
ұсынуға  лайық; Кəсіптік  дайындық  деңгейін,  басшылық  қызметтегі
тəжірибесін  ескере  отырып, Қ.Т.Орынбаевты  конкурстық  негізде  статистика
бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады, – деген нақты шешімі жазылады.
Мінездеме төмендегідей құрылымдардан тұрады:
1. Құжат аты: Мінездеме.
2. Мінездеме 
берілетін 
адам 
туралы 
қысқаша 
анкеталық
мəліметтерге   мыналар  кіреді: аты-жөні, туған  жылы, білімі, мекемедегі
жұмыс  өтілі, қазіргі  атқаратын  қызметі, əскери  қызметке  қатысы, азаматтығы,
т.б.
3. Негізгі  мəтінде  атқарып  жүрген  қызметін, өз  мамандығын
қаншалықты  меңгергендігі, кəсіптік  білім  деңгейі, біліктілігі, қызмет  бабында
жеткен жетістіктері мен кемшіліктері, əріптестерімен қарым-қатынасы, отбасы
жағдайы, ұжымдағы орны, сын көтеру қабілеттілігі жазылады. Мысалы:
Университетте  қызмет  істеген  жылдары  С.У.Омарбаев  өзін  өте
білімді, сауатты, алға  қойған  мақсатына  жете  білетін, өзіне  де, өзгеге  де
талап  қоя  білетін  жауапты  қызметкер, білгір  маман  ретінде  көрсете
біледі деген сияқты т.б. мəліметтер қамтылады.
4. Қорытынды.  Қорытынды  негізгі мəтіннің түйінделген, жинақталған
 бөлігі болып табылады.
5.
 Мінездемені  талап  етуші  ұйымның  аты.   Бұл  бөлікте
мінездеменің не мақсатпен  жəне қай ұйымға берілгендігі  жазылады. Мысалы:
Мінездеме  жеке  еңбек  шартын  ұзарту  үшін  берілді; Мінездеме
диссертациялық  кеңеске  тапсыру  үшін  берілді; Мінездеме  Қ.И. Сəтбаев


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау