атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдау
комиссиясына құжат тапсыру үшін берілді, т.б.
6. Мінездеме беруші туралы мəлімет. Бұл бөлікте мінездеме беруші
мекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, фамилиясы жазылып, қолы
қойылады. Мысалы:
Қ. Тұрысов атындағы Геологиялық-
барлау институтының директоры,
профессор _____________ Өмірсеріков М.Ш.
қолы
7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.
8. Қосымша (егер бар болса).
102-тапсырма. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыздар.
ҚР-сы Ғылым Академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші
ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Н. Шаймерденова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
экспериментальды-фонетика бөлімінде 1989 жылдан бері кіші ғылыми
қызметкер болып жұмыс істейді. Жалпы тіл білімі мен фонетика саласында
теориялық дайындығын жетілдіру үстінде. Сол уақыттан бері Н.Шаймерденова
өзінің ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен
қарайтындығымен, жұмысты мұқият орындайтындығымен көрініп келеді.
Бөлімнің жоспарлы жұмысын уақытылы орындап, фонетикалық
материалдарды жинап, дайындады. Бөлімнің ұйымдастырған I-ші
Бүкілодақтық «Түркі
фонетикасы» атты
ғылыми-тəжірибелік
конференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып, басқа да
ғылыми-теориялық конференцияларға қатынасып, бірнеше рет баяндама
жасады. Өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген зор қабілетін
көрсете білді.
Қоғам жұмысына, мəдени іс-шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы мен
оқыту əдістемесі бағытындағы түрлі жұмыстарға белсене араласып келеді.
Ғылым кандидаты дəрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындап, 1991
жылдың наурыз айында «Қазақ тіліндегі қосымшалардың ерін үндестігі»
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы уақытта əр түрлі
жоба тақырыптарымен шұғылдануда.
Мінезі жайдары, біртоға, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса біледі,
айтылған сынды дұрыс қабылдайды, ағылшын тіліне жетік, жолдастарына адал.
Бөлім Н.Шаймерденованы аға ғылыми қызметкер дəрежесіне көтеруге
лайық, ғылыми жұмыс істеуге қабілеті бар деп есептейді.
Бөлім меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор ___________ Жақсылықова Күлəй
қолы Бəймендіқызы
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті
Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Жаманкеев Нұрлан Қамалұлы 1985 жылы 9 ақпанда Алматы облысы,
Ұйғыр ауданы, Шонжа ауылында дүниеге келген. 1991-2001 жылдар
аралығында Шонжа орта мектебінде оқыды. Мектепті бітірген соң, 2001 жылы
ҚазҰТУ-дың I курсына қабылданды.
Жаманкеев Нұрлан мінезі ашық, əрқашан көңілді жүреді, музыкаға əуес.
Достарына адал, олардан көмегін аямайды. Қандай тапсырмаға да
жауапкершілікпен қарайды. Өз қателерін түсініп, түзетуге тырысады, сынды
дұрыс қабылдайды.
Университет қабырғасындағы қоғам жұмыстарына белсене араласады,
спортпен шұғылданады. Университетте жылда өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі»
атты конкурсқа қатысып, 2-ші орынға ие болды. Базалық білімін жетілдіріп
отырады, əдебиеттерді көп оқиды.
Мінездеме Медеу ауданының əскери бөлімшесіне тапсыру үшін берілді.
Тау-кен институтының
директоры,
т.ғ.д., профессор _____________ Искаков Б.И.
қолы
* * * * *
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ə.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының
аға оқытушысы
Қуаныш Өміртайұлы Əлихановқа
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Қ.Ө.Əлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы,
Баршатас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның
азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік
техника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.
1985-1988 жылдар аралығында – Ғылыми-жобалау институтының аға
ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ Металлургия институтының аға оқытушысы.
Ол
Ғылыми-жобалау
иститутының
бақылау-өлшеу аппараттары
бөлімінде аға инженер болып жұмыс істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты
қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өзі жұмыс істеген
қызметтерінде кəсіптік шеберлікті жақсы меңгерген.
«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» бойынша дайындықтан өтті.
1988-1991 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім
аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Қ.Ө.Əлиханов – өз ісін жетік білетін тəжірибелі маман. Ол бірнеше
ғылыми еңбектердің авторы, оның «Металлургия өнеркəсібінің терминдері»
атты еңбегі Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Əлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен
жұмыс істеуде тəжірибесі мол. Спортқа ынтасы зор, республикалық
жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.
Студенттер мен əріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Жұмыстағы əріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста, өндірістік
мəселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл
.
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне
ұсыну үшін берілді.
Ə.Бүркітбаев атындағы
Металлургия институтының
директоры, т.ғ.д., профессор ___________ Байымбетов Б.С.
қолы
103-тапсырма. Кафедрадағы профессорға қызметтік мінездеме,
доцентке, аға оқытушыға аттестациялық мінездеме жазыңыздар.
104-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Характер, должность, грамотный, авторитетный, образованный, опытный,
квалифицированный.
105-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Мінездеме не үшін беріледі? 2. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың
қай түріне жатады? 3. Мінездеме құрылымына қандай мəліметтер кіреді? 4.
Мінездемеге кім қол қояды?
106-тапсырма. Мінездемеге берілген тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. Мінездеме қандай стильде жазылады?
А) Ауызекі сөйлеу стилінде
Ə) Ғылыми стильде
Б) Ресми іс қағаздары стилінде
В) Көркем əдеби стильде
2. Мінездеме мəтінінде қолданылатын стандартты
тілдік бірлікті көрсетіңіздер.
А) Жұмысы дұрыс
Ə) Жұмысты жақсы істеп жүр
Достарыңызбен бөлісу: |