Ү л г і:
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
ЖТТДИ
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, профессор
Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы
___________________________________
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56
480091, Алматы қаласы факс
(3727)392-50-31
Ұялы телефон: 8 701 756 28 16
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
ЖТТДИ
Қазақ тілі кафедрасы
Профессор
Шүленбаева Ұлбике Рахымбердіқызы
____________________________________
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92
480091, Алматы қаласы факс
(3727) 364-47-15
Ұялы телефон: 8 701 342 67 19
ASTUR корпорациясы
Микрохирургия орталығы
Итемирова Ақмарал Сейітқызы
Бас дəрігер
___________________________________
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56
480091, Алматы қаласы факс
(3727) 392-50-31
Ұялы телефон: 8 701 756 28 16
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
ЖТТДИ
Қазақ тілі кафедрасы
Ф.ғ.к., доцент
АйтжановаСəуле Сейіткəрімқызы
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92
480091, Алматы қаласы факс
(3727) 364-47-15
Ұялы телефон: 8 701 342 67 19
Корпорация Kaz Book Promotion
Ахметбаева Ұлан Жапашқызы
Президент
___________________________________
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56
480091, Алматы қаласы факс
(3727) 392-50-31
Ұялы телефон: 8 701 756 28 16
Қазақстан Республикасы
Жазушылар Одағының төрағасы
Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы
_________________________________
Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92
480091, Алматы қаласы факс
(3727) 364-47-15
Ұялы телефон: 8 701 342 67 19
6-апта. 11-сабақ
85-тапсырма. Іс қағаздарындағы тілдік норманы қалай
түсінесіздер? Мəтінмен танысып, тақырып төңірегінде пікірталас
ұйымдастырыңыздар.
86-тапсырма. Мəтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші
мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Екінші мағыналық
бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.
87-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп,
мазмұндаңыздар.
Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма
Норма – тілдің өзі ұсынып отырған тəртіп,
нормалану – сол
тəртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Жалпы тілдік норма, мүлдем
өзгермейтін құбылыс емес. Қоғамдағы түрлі қарым-қатынастың өзгеруіне
байланысты тілдік норма да өзгеріп отырады. Сондықтан тілдік норманы сөз
еткенде, қазіргі қазақ іс қағаздарына тəн тілдік норма тарихи құбылыс ретінде
қарастырылады. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның
əлеуметтік, саяси өміріндегі факторлар үлкен рөл атқарады.
Іс қағаздары тілінде жиі қолданылатын
«талқылау» сөзі бұрын
«теріні талқыға салып жұмсарту» мағынасында тілдік норма болып
қолданылса, кейін
«мəселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу»
мағынасында қолданылып, тілдік нормада айтылған.
«Талқылау» сөзіндегі
«талқы» – илеуден шығып шала кептірілген теріні жұмсарту үшін
қолданылатын ағаштан жасалған құрал-аспап.
Бір кезде қолданылған түрлі құрылымдар мен формалар уақыт өте
келе əдеби тіл нормасынан шығып қалуы мүмкін. Мысалы,
XVIII-XIX
ғасырлардағы іс қағаздары үшін ресми хаттың басында адресатты мақтайтын,
дəріптейтін сала құлаш сөздер мен ұзақ эпитеттердің қолданылуы сол кездегі
ресми стиль үшін норма болып табылған.
1773 жылы 18 желтоқсанда жазылған Досалы сұлтанның
Е.И.Пугачевқа жазған хатының аудармасынан мысал келтірейік. Хат:
«Аса
жоғары мəртебелі держава иесі, ұлы император, бүкілресейлік
самодержавец жəне басқа да сансыз көп аймақтардың əміршісі, аса
мархаббатты патша жəне менің жоғар мəртебелі патшам Емельян
Ивановичке », – деп басталады.
Мұндай мадақ сөздердің тек хат мəтіндерінде ғана емес, іс
қағаздарының басқа түрлері үшін де норма болғандығын 1823 жылы жазылған
құжаттардан да көруге болады. Тіл дамуының бір кезеңінде норма емес
элементтер нормаға, керісінше норма болып есептелетін элементтер нормаға
жатпайтын элементке айналуы мүмкін. Бұл айтылғандарға ғылыми-зерттеу
еңбектерінен мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
Іс қағаздарын тек сауатты жазу ғана талап етілмейді, ондағы
сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс, тілдік номада қолдану талап етіледі.
88-тапсырма. Қызметтік хаттардың жеке хаттардан
айырмашылықтарын ажыратып, өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.
89-тапсырма. Қызметтік хаттарды жазудың қалыптасқан
тəртібі қандай, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.
90-тапсырма. Қызметтік хаттардан мəлімет алып, мəтінді
мазмұндаңыздар.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
* * * * *
Қ ы з м е т т і к х а т т а р
Қызметтік хаттар – қандай да бір мəселе туралы мекемелер,
ұйымдар жəне жеке тұлғалармен ақпарат, пікір алмасу, байланыс жасау құралы
қызметін атқаратын, ресми мақсаттарда қолданылатын əр түрлі мазмұндағы
басқару құжаттарының бірі.
Қызметтік хаттар жұмыс
барысында, басқару қызметінде туындайтын
жеке мəселелерді шешу үшін қолданылады. Оның негізгі мақсаты – іс-əрекетке
кірісудің қажеттілігін сендіру, көрсету, түсіндіру болып табылады.