72
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
IBB 3208 Инклюзивті білім беру
«Білім» тобындағы мамандықтар үшін
2 кредит
Алматы, 2016
73
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Рсалдинова А. Қ - п.ғ.к., доцент ҚРББЖКБАРИ Педагогика жəне инклюзивті
білім беру кафедрасының меңгерушісі
Сатова А.К. - психол.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016
ж., Хаттама №
2
.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
74
Түсінік хат
Гуманизацияның қоғамдағы қажетті шарты - инклюзивті білім беру
болып табылады.
Инклюзивті білім беру барлық балалар əртүрлі оқытуды қажет ететін
тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған əдіснаманы дамытуға
ұмтылады. Білім беруде түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыратын үйрету мен
сабақ беру тəсілінің ұтымдысын өңдеп шығаруға инклюзивті білім беру бар
күшін салуда. Егер оқыту тиімдірек болса, онда ол бүкіл балаларға оңтайлы
жағдайлар туындар еді.
Қазақстанда инклюзивті білм берудің алғашқы қадамдары жасалып
жатыр. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту 2011-2020 жылдардағы ҚР
Мемлекеттік білім беру бағдарламасының басым бағытының бірі. Мүмкіндігі
шектеулі балалардың сапалы білім алуы туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасында бекітілген.
Олай болса, инклюзия – кез-келген тұлғалардың білім беру
ұйымдарында білім алуын қамтамасыз ететін, бүкіл оқушылардың баламалы
мақсаттары қойылған оқу үрдісін қалыптастыратын, əр оқушыны қолдауға,
мейлінше əлеуетін ашуға арналған түрлі кедергілерді жоюға бағытталған
үрдіс.
Пəннің негізгі мақсаты – инклюзивті білім берудің қағидаларымен
жəне
философиялық,
əдіснамалық
негіздері
туралы
түсініктерін
қатыптастыру,
инклюзивті
білім
берудің
құқықтық-нормативтік
қамтамасыздандыруда
кездесіп
отырған
кедергілерін
жою,
ерекше
қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға
байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тəжірибе
аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Пəннің негізгі міндеттері:
1.
Студенттерге
инклюзивті
білім
берудің
нормативтік-құқықтық
базаларымен жəне философиялық, əдіснамалық негіздерін ұғындыру,
2.
Инклюзивті
тəжірибені
ұйымдастыру
мен
жобалау
аумағында
студенттердің кəсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру,
3. Инклюзивті тəжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының əдістемелік,
басқару жұмыстарымен таныстыру
4. Инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктер
қалыптастыру,
5. Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі
шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру.
6. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беруге біріктіру туралы
ғылыми-практикалық көзқарастарын қарастыру;
7. Курс бойынша теориялық жəне практикалық материалдарды қабылдау
жəне түсінуге қажетті негізгі ұғымдық аппаратын меңгерту.
75
Пəнді меңгеру нəтижесіне қойылатын талаптар:
«Инклюзивті білім беру» пəні оқу үрдісінде пəндік құзыреттіліктерді дамыту
мен қалыптастыруға бағытталады:
Пəнді оқу барысында студент білуі керек:
-
инклюзивті білім берудің философиясын, əдіснамалық негіздері мен
нормативтік-құқықтық базасын;
-
инклюзивті тəжірибені ұйымдары мен жобалау аймағындағы басқару
құзыреттілігін;
-
инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға
-
философию, əдіснамалық, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің
заманауи моделдерін;
-
білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдіске мамандардың пəнаралық
қызметінің моделі туралы;
-
жалпы білім беру үрдсіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосудың əртүрлі
мəселелерінің жолдары;
Іскерлікке ие болуы:
-
балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы отандық жəне халықаралық
негізгі тəрбиелерді қолдануы;
-
жеке психикалық жəне психофизиологиялық даму ерекшеліктері мен
жалпы, арнайы (бұзылыстардың түрлі типтері бойынша) заңдылықтарын
ескеруі;
-
мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-педагогикалық іс-əрекетінің
технологиясы мен теориялық білімдері негіздерін қолдануы;
-
білім беру, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау ұйымдары
жағдайында əртүрлі бұзылыстары бар балаларды тəрбиенің түрлі
стратегиялық мүмкіндіктеріне сай жəне саналы бағалай алуы;
меңгеруі:
-
балалардың түрлі іс-əрекеттерін ұйымдастыру қабілетін;
-
сыни тұрғыда ойлау əдістерін;
-
мүмкіндігі шектеулі балалардың жүйке-психикалы жəне дене даму
ерекшеліктерін бағалау мен бақылау, дамудағы ауытқуларды анықтау
технологиялары мен теориялық негіздерін;
-
мемлекеттік əлеуметтік саясат қағидаларын түсіндіруде қалыптасқан
медициналық-психологиялық-əлеуметтік жұмыстарды болжау мен моделдеу
технологияларын жəне теориялық негіздерін;
-
мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасымен жəне басқа мамандармен
педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру іскерлігін;
-
күнделікті өмірде қолданылатын дағдылар мен оларды жетілдіретін
танымдық іс-əрекеттерді, əлеуметтік маңызы бар іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруды, мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту əдістерін.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология», «Білім берудегі
менеджмент», «Оқушылардың даму физиологиясы», «Арнайы педагогика».
Постреквизиттер: «Кəсіби бағдарланған шетел тілі» жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |