Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет7/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
АСУ қаз

Алгоритмдік құрылым. 
Ол қолданылатын алгоритмдер 
жиын тығы мен олардың бөлшектеу реттілігін көрсетеді, бұл ке-
йін нен бағдарламалық жасақтаманы құруға мүмкіндік береді.
Алгоритмдік құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары:
− 
ақпарат өңдеудің стандартты (типтік) алгоритмдерін қол-
дану;
− 
есептеудің дəлдігін, жылдамдығын жəне сенімділігін арт-
тыру;
− 
қажетті жад көлемін қысқарту;
− 
жекелеген алгоритмдерді жетілдіру.


19
Алгоритмдік құрылымды талдау кезінде келесі міндеттер 
шешімін табады:
− 
кешенді міндеттер, жекелеген міндеттер, алгоритмдер, алго-
ритмдер модульдерін бөліп көрсету;
− 
олардың ақпараттық-логистикалық өзара байланысын анық-
тау;
− 
оларды жүзеге асырудың реттілігін анықтау.
Техникалық құрылым.
Техникалық құрылым жүйе құру 
үшін қолданылатын техникалық құрылғылардың тізбегін жəне 
олар дың өзара байланысын көрсетеді. Техникалық құрылымды 
талдау кезінде келесі міндеттер шешімін табады:
− 
негізгі ақпараттық үрдістерге қатысатын элементтер анық-
талады: ақпаратты тіркеу жəне дайындау, жинақтау жəне жіберу, 
сақтау жəне өңдеу, көрсету жəне беру;
− 
элементтердің орналасуы топологиясын, олардың ақпа-
раттық жəне энергетикалық өзара байланысын, сонымен қатар
сыртқы ортамен байланысын ескере отырып, техникалық құрал-
дар жүйесінің формалды құрылымдық үлгісі жасалады.
1.2 АЖ жіктелуі
Ақпараттық жүйені (АЖ) жобалауға жүйенің қызмет ету прин-
цип тері, техникалық құралдарды, ақпарат массивтерін негіздеу 
жəне таңдау, оларды құру жəне өңдеу əдістері, жүйенің жекелеген 
құ рамдастарын құрастыру, енгізу, шығару, бақылау жəне сынау 
əдіс тері мен технологияларын жасап шығару т.б. кіреді. 
Жобалау кезіндегі АЖ жіктеудің негізгі белгілері:
а) өңдеуге берілетін уақыт;
б) алатын көлемі;
в) басқарылатын үрдіс сипаты; 
г) автоматтандыру құралдарының мобильділік дəрежесі;
д) деңгейлер саны;
е) өткізу қабілеті;
ж) сериялық қабілеттілік;
з) автоматтандыру дəрежесі; 
и) реактивтілік белгісі. 


20
Олар АЖ құру кезінде техникалық шешімді таңдауға ықпал 
етеді. Реактивтілік – процесс күйі туралы ақпараттың өңдеу 
пунк теріне дейін жеткізу, келіп түскен ақпаратты өңдеуге неме-
се нəтижелерді тұтынушыға жеткізу үшін жүйенің жұмсайтын 
уақыты. АЖ реактивтілік белгісі бойынша бөлінеді:
а) Кіріс ақпарат ағымының жоғары реактивтілігіне ие АЖ. Бұл 
жүйелерде процесс күйі туралы ақпаратты жеткізу уақыты бірне-
ше секунд, əзірлеуге жұмсалатын уақыт миллисекунд, ал өңдеу 
нəтижелерін жеткізу секунд үлесін алады. Бұл жүйенің мысалына 
əуе қозғалысындағы АБЖ-ны жатқызуға болады;
б) Орташа реактивті АЖ. Барлық көрсетілген көрсеткіштер 
ондаған секунд пен минутта анықталады. Бұған жылу жүйелері, 
мұнай құбырлары, энергия жүйелерінің АБЖ-ы жатады;
в) Реактивтілігі жоқ АЖ. Бұл жүйелерде процесс күйі тура-
лы ақпаратты жеткізу уақыты минуттарға, əзірлеуге жұмсалатын 
уақыт сағаттарға, ал өңдеу нəтижелерін жеткізу тəуліктерге созы-
луы мүмкін. АЖ кəсіпорынды, бірлестікті, салаларды басқаруға 
қолданылады. 
Аумақтық белгі 
бойынша бөлінеді:
− 
Жергілікті АЖ, яғни бір жерге шоғырландырылған жү йе- 
лер сыныбы; 
− 
Аумақтық АЖ. Үлкен аумаққа (200-400 км.) таратылған тех-
никалық құралдар. 

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау