Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


АБЖ-ның математикалық қамсыздандырылуы



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет5/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
АСУ қаз

АБЖ-ның математикалық қамсыздандырылуы
техника-
лық құралдардың жұмысын жəне ақпараттық базалар дың қыз-
метін басқаратын əрі адамның АБЖ техникалық құралдарымен 


13
өзара əрекеттестігімен қамтамасыз ететін тұрақты қолданылатын 
бағ дарламалар кешені. Математикалық қамсыздандыруды шарт-
ты түрде бағдарламалау, операциялық жүйе, жалпы жүйелік ке-
шен жəне типтік модульдер пакеттеріне бөлуге болады.
Бағдарламалау жүйесі бағдарламаның адамға ыңғайлы фор-
мальды тілде көрсетілген машина тіліне ауыстырылуын, оның 
реттелуін, өңделуін жəне өңдеуге арналған бағдарламалар па-
кетіне енгізілуін қамтамасыз етеді. Бағдарламалау жүйесіне бағ-
дарламалау тілдерінің сипаттамалары, трансляторлар кешені, 
стандартты бағдарламау кітапханасы, байланыстарды өңдеу бағ-
дар 
ламалары, түрлі типтегі (бағдарламалық) ЭЕМ сабақтас-
тығын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны жатады. Со-
нымен қатар, бағдарламалау жүйесі əдетте пайдаланушының 
маши намен өзара əрекетін жеңілдететін жəне пайдаланушы ның 
шешетін міндеттеріне байланысты бағдарламалау жүйесінің 
да муына мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынын қамтиды. 
АБЖ-ға арналған типтік бағдарламалау тілдері ретінде КСРО-да 
Алгол-68, Фортран, Кобол, жоғары деңгейлі ПЛ-1 балама тілі, 
сонымен қатар, ассемблер типті машинаға бағытталған тілдер 
қабылданған болатын.
Операциялық жүйелер барлық ЭЕМ құрылғыларының қа-
жетті режимде жұмыс істеуін жəне түрлі басқару процедура-
ларын жүзеге асырудың қажетті міндеттер тізбегін орындауды 
қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе əдетте АБЖ құрамына 
кіретін есептеу құралдарының ажырамас құрамдас бөлігі бо-
лып табылады. Алайда, бірқатар жағдайларда АБЖ-ны жоба-
лау кезінде арнайы жүйелік талаптарды жүзеге асыру үшін опе-
рациялық жүйелерді кеңейтуге тура келеді (мысалы, басқару 
үр дісіне тəн болатын тіркеушілер мен көрсету жүйелерін қосу, 
тер миналдар мен орталық есептеу кешендері арасындағы диалог-
ты ұйымдастыру). Бұл тұрғыдан қарағанда, АБЖ операциялық 
жү йенің аса маңызды құрамдас бөлігі жүйелер генераторы болып 
табылады. Бұл – басқарушы бағдарламалардың белсенді бөлігіне 
жатпайтын жəне есептеу үрдісімен тікелей байланыста болмай-
тын, бірақ кез келген конфигурацияға ие жүйе үшін басқару-
шы бағдарламаны автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін 
бағдарлама. Мұндай əдіс əсіресе ЭЕМ құрамы мен шешілетін 


14
міндеттер құрамы айтарлықтай өзгешеліктерге ие болған кезде 
ЭЕМ-ді АБЖ кең диапазонында түрлі деңгейлер мен түрлі ны-
сандарда пайдаланған жағдайда тиімді болады.
Жалпы жүйелік кешен есептеуіш жүйелер мен периферия лық 
құрылғылардың (тіркеушілердің, деректерді өңдеу нəтижелерін 
көрсету құралдарын т.б.) жұмысын басқаратын бағдарламалар 
жиыны. Бұл кешен жадылағыш құрылғылардың түрлі деңгей лері 
бойынша біріктірілетін бірнеше ЭЕМ-ның ортақ жұмысының 
бағдарламаларын, байланыс арналарына қызмет көрсететін бағ-
дарламалар, уақытты бөлу, ақпараттық массивтерге шектеулі 
қатынас режимінде тапсырмалардың қашықтан шығарылған 
ше
шімдерін, т.б. қамтиды. Жалпы жүйелік кешендерге, соны-
мен бірге, қажетті массивтерді арнайы іздеу (немесе деректер 
үзінділерінен қажетті массивтерді құру), оларды өңдеу жəне 
тұтынушыға белгіленген формада беруді (немесе кезекті жұмыс 
бағдарламаларымен қолдану үшін осы массивтерді жадыла ғыш 
құрылғыларға берумен) жүзеге асыратын ақпараттық-іздеу жү-
йелері жатқызылады. Оларға нақты уақыт ауқымында жұмыс 
істейтін құралдарға қызмет көрсететін, сонымен қатар, терми-
налдық құрылғылар мен ақпаратты көрсету құралдарына қызмет 
көрсететін бағдарламалар жатқызылады.
Типтік қолданбалы модульдер (стандартты ішкі бағдар 
ла-
малар) пакеттері қандай да бір функционалдық тапсырманы ше-
шу кезінде түрлі комбинацияларда қолданылуы мүмкін. Типтік 
түр - деректерді сұрыптаудың, ақпаратты статистикалық өңдеу-
дің, жоспарлау мен басқарудың желілік кестелерін өңдеудің, 
нақты үрдістерді модельдеудің жəне т.б. қолданбалы модульдері. 
АБЖ-ны математикалық қамсыздандыруға, сондай-ақ, жүйені 
ыңғайлы пайдалану мен жетілдірумен қамтамасыз ететін жүйені 
функционалды талдау бағдарламалары да жатқызылады.
Ұйымдық-экономикалық база дегеніміз экономикалық прин-
циптердің, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру əдістерінің, құ-
қықтық құжаттар негізінде басқару міндеттерінің өзара əре кет-
тестігі схемаларының жиынтығы. 
Ұйымдық-экономикалық базаға кіретіндер: 
− 
ұйымдық-экономикалық құрам мен басқарылатын нысан-
ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін құру тəсілдері;


15
− 
көрсетілетін қызмет тиімділігін арттырудың негізгі прин-
циптері;
− 
жалпы жоспарлау, есепке алу жəне реттеудегі АБЖ орны; 
− 
нысанның (цехтың, бөлімнің жəне т.б.) ұтымды құрылы мын 
анықтайтын өндірісті, еңбекті жəне басқаруды ұйымдастыру, тех-
нологиялық маршруттарды жүзеге асыру тəртібі, жұмысшылар 
мен қызметкерлердің жоғары еңбекке қабілеттілігін сақтайтын 
неғұрлым қолайлы еңбек жағдайлары, сонымен қатар, нысан-
ды ғылыми негізделген басқару жүйесі, барлық бөлімшелер, 
олардың бағыныңқылығы, қызметкерлерлердің міндеттері мен 
жауапкершілігі туралы дəл ережелер; 
− 
АБЖ негізгі міндеттерінің өзара əрекеттестігі схемасын 
құруды көздейтін ұйымдық-экономикалық модель, ақпараттық 
ағым құрылымы, сонымен қатар, тапсырмаларды жүзеге асыру 
тəртібін əдістемелік қамтамасыз ету жəне оларды шешу нəти-
желерін қолдану; 
− 
ұйымдық-құқықтық қамсыздандыру (АБЖ құру мен қол-
данудың құқықтық негіздері жəне нормалары, АБЖ-да айналымға 
түсетін ақпараттың құқықтық мəртебесі, сонымен қатар, лауа-
зымды тұлғалардың құқықтары мен жауапкершілігі). 
Сонымен қатар, ұйымдық-экономикалық базаға АБЖ-ның 
нысан қызметінің негізгі көрсеткіштеріне, тиімділік бағасына 
жəне АБЖ-ның одан əрі дамуы жолдарына ықпалын анықтайтын 
əдістемелік жəне нұсқаулық материалдар жатады.
АБЖ функционалды бөлігі басқарудың нақты функцияла-
рын (мысалы, қаржы-бухгалтерлік қызмет жəне т.б.) жүзеге 
асыруға арналған өзара байланысты бағдарламалар жиынынан 
тұрады. Функционалды бөліктің барлық міндеттері аталған АБЖ 
үшін жалпы ақпараттық массивтерге жəне жалпы техникалық 
құралдарға негізделеді. Жүйеге жаңа міндеттер енгізу негіздің 
құрылымына ықпал етпейді жəне АБЖ үшін типтік болып табы-
латын ақпараттық формат пен процедуралық схема арқылы жү-
зеге асырылады. АБЖ функционалды бөлігі нысанды басқару-
дың негізгі функцияларына сəйкес ішкі жүйелерге бөлінеді. Ішкі 
жүйелер өз кезегінде жүйенің жалпы концепциясына сəйкес 
нақты басқару тапсырмаларын шешуге арналған бағдарламалар 
жиындарын қамтитын кешендерге бөлінеді. АБЖ функционал-


16
ды бөлігі тапсырмаларының құрамы басқарылатын нысан типі
оның күйімен жəне оның орындайтын тапсырмаларының түрімен 
анықталады. Мысалы, КАБЖ-да келесі ішкі жүйелер бөлініп 
шығады:
а) өндірістің техникалық дайындығы; 
б) өнім сапасын басқару; 
в) техникалық-экономикалық жоспарлау; 
г) оперативтік-өндірістік жоспарлау; 
д) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 
е) өнімді өткізу; 
ж) қаржы-бухгалтерлік қызмет; 
з) кадрларды жоспарлау жəне орналастыру; 
и) көлік басқару; 
к) көмекші қызметтерді басқару.
АБЖ функционалдық бөлігін ішкі жүйелерге бөлу шартты 
түрде жүргізіледі, себебі барлық ішкі жүйелердің процедурала-
ры өзара байланыста болады жəне бірқатар жағдайларда түрлі 
басқару функциялары (мысалы, техникалық-экономикалық жос-
парлау, оперативтік-өндірістік жоспарлау жəне материалдық-тех-
никалық қамтамасыз ету) арасында дəл шек қою мүмкін емес. 
Ішкі жүйелерді бөліп көрсету жүйе құру жұмыстарын үлес ті ру 
ыңғайлылығы мен сəйкес ұйым звеноларына басқару нысан-
дарын бекіту үшін қолданылады. АБЖ құрылымдық функ цио-
на дық бөлігі барлық басқару элементтерінің өзара байланысын 
анықтайтын жəне автоматтандырылған, ішінара механи 
ка 
лан-
ды
рылған жəне қолмен орындалатын процедураларын қамти-
тын басқару процедураларының схемасына байланысты болады. 
Функционалды бөлік негізге қарағанда анағұрлым мобильді 
болады əрі жүйенің негізгі элементтерімен стандартты байла-
ныс тырылған жағдайда құрамы мен міндеттердің қойылуының 
өзгеруіне жол береді.
АБЖ дамытудың перспективті бағыты елдің барлық əкім-
шілік, өнеркəсіптік жəне басқа нысандарының өзара байланы-
сын көздейтін Жалпы мемлекеттік автоматтандырылған басқа ру 
жүйесін (ЖМАБЖ) құру болып табылады. ЖМАБЖ тех ни калық 
базасы ел орталықтары жұмысының ақпараттық жəне функ-


17
ционалды координациясын жүзеге асыратын Есептеу орталық-
тарының бірегей жүйесі болады.
АБЖ құрылымдық талдауының негізгі міндеттерінің бірі 
жүйе құрушы элементтер мен ішкі жүйелердің өзара əрекеті мен 
олар 
дың сыртқы ортадағы өзара əрекеттестігі процесін көрсе-
тетін көрнекі формалды үлгіні құру болып табылады.
АБЖ құру кезінде олардың құрылымдық үлгілері түрлі по-
зициялар тұрғысынан қарастырыла алады: ұйым, басқару функ-
циясы, қолданылатын алгоритмдер, қолданылатын техникалық 
құралдар жəне т.б. Осыған сəйкес бір жүйе құрылымының келесі 
аспектілері, нəтижесінде келесі үлгілер бөлініп шығады:
− 
ұйымдық құрылым жəне оның үлгісі;
− 
функционалдық құрылым жəне оның үлгісі;
− 
алгоритмдік құрылым жəне оның үлгісі;
− 
техникалық құрылым жəне оның үлгісі т.б.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау