9
1.1-сурет
. АБЖ жалпы құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде)
АБЖ негіздері ақпараттық база, техникалық база, матема-
тикалық қамтамасыздандыру, ұйымдық-экономикалық базадан
тұрады. Негіз – АБЖ шешетін барлық міндеттердің жалпы бөлігі.
АБЖ ақпараттық базасы
– машиналық ақпарат тасымалда-
уыштарда орналастырылған, нысан немесе процесті басқаруды
авто маттандыруға қажетті барлық ақпараттың жиынтығы. Əдет-
те, ақпараттық база үш массивке бөлінеді: басты, туынды жəне
оперативтік. Массивтер мен олардың өрістерінің конструкцияла-
ры (тасымалдауыштарға орналастыру тəсілдері, массив ішіндегі
10
деректердің өзара байланыс ерекшеліктері, деректердің нақты
жинақталуы жəне т.б.) АБЖ типімен жəне нысандардың жалпы
сипаттамасымен анықталады. Алайда, жалпы нысандар сыныбы
(мысалы, машина жасау кəсіпорындары) үшін типтік конструк-
тивтік құрылымды сақтаған орынды. Басты массив барлық мін-
деттер үшін жалпы болып табылатын əрі орналастырылған
кезде қандай да бір басқару функциясын орындауға бағыттал-
маған əмбебап құрылымға жауап беретін деректерді бірік-
тіреді. Ірі нысанға арналған басты массив жүздеген милли-
он таңбаларды қамтиды, жадылағыш құрылғылардың көп
көлемін алады жəне шешімі үшін арнайы ақпаратты қажет
ететін нақты міндетте қолдануға ыңғайлы бола бермейді.
Бұл мəселе деректерге көп бағдарлама
лық өңдеу жасау бары-
сында жəне процессорлармен функционалды түрде ажыра-
тылған машиналық мұрағаттарда (лентотекалар, картотека-
лар) көптеген массивтерді сақтайтын оперативті жады көлемі
жеткіліксіз болғанда күрделене түседі. Осыған байланысты
нақты қызмет ететін АБЖ-ларда нысан құрылымының маман-
дандырылуын, əрбір кезеңде орындалатын функциялардың
ерек шеліктерін, түрлі міндеттердің қайталануы жиілігін жəне
ағым дағы жүйе жұмысымен байланысты басқа бірқатар функ-
цияларды көрсететін туынды массивтерді қалыптастыру қажет-
тігі туындайды. Барлық туынды массивтер əдетте басты мас-
сивтен құрылады. Қызмет көрсетілетін нысанның сипаттама-
ларына жасалатын қандай да бір тұрақты өзгерістер басты мас-
сивте көрсетілуі тиіс. Оперативтік массив ағымдағы ақпаратты,
со нымен қатар, есептеулердің аралық нəтижелерін қамтиды.
Мұнда байланыс арналары арқылы келіп түсетін немесе дербес
тасымалдағыштарға (перфолента, перфокарта, магниттік лен-
та т.б.) жазылатын қызмет көрсетілетін нысан туралы бастапқы
ақпарат орналастырылады. Өңделген жəне жалпыландырылған
деректер туынды жəне басты массивтерге енгізіле алады немесе
тікелей тұтынушыларға беріледі.
АБЖ техникалық базасына деректерді өңдеу, жинақтау жəне
тіркеу, көрсету мен беру құралдары, сонымен қатар, өндірісті
автоматтандырылған басқарудың барлық контурларында реттеу-
ші сигналдарды шығаруды қамтамасыз ететін басқару нысан-
дарына (мысалы, автоматты реттеушілер, датчиктер т.б.) ықпал
11
ететін атқарушы механизмдер кіреді. Техникалық базаның негізгі
элементтері – АБЖ-да айналымдағы деректерді жинау, сақтау
жəне өңдеуді қамтамасыз ететін ЭЕМ. ЭЕМ басқару параметр-
лерін оңтайландыруға, өндірісті модельдеуге, шешім қабылдау
үшін ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Əдетте АБЖ-
да қолданылатын ЭЕМ екі түрге жіктеледі: ақпараттық-есептік
жəне есептік-реттеуші. Ақпараттық-есептік ЭЕМ басқару иерар-
хиясының ең жоғары деңгейінде болады (мысалы, зауыттың
координациялық-есептеу орталығында) жəне негізгі жоспар лы-
экономикалық, қамтамасыз етуші жəне есептік функциялары
(техникалық-экономикалық жəне оперативті-өндірістік жоспар-
лау, материалдық-техникалық қамсыздандыру, өнімді өткізу т.б.)
бойынша орталықтандырылған басқаруға қатысты міндеттер-
дің шешімін қамтамасыз етеді. Олар жылдам əрекетпен, үзу
жү йелерінің бар болуымен, деректерді буындық өңдеумен, көп
бағдарламалық жұмыс режимімен т.б., сонымен қатар, жадылау-
шы құрылғылардың кең жиынтығымен жəне үлкен көлемімен
(оперативті, буферлік, сыртқы, біржақты жəне екіжақты, ерікті
жəне реттік қатынас) сипатталады. КСРО-да 70 жылдары АБЖ
үшін арналған типтік ақпараттық-есептік ЭЕМ ретінде ЭЕМ
бірегей жүйесі (ЭЕМ БЖ) алынған болатын. Есептік-реттеу
ші
ЭЕМ əдетте басқарудың төменгі деңгейіне жатады. Олар əдетте
цехтер мен учаскелерде орналастырылады жəне ақпараттың
басқару нысандарын (станоктар, қоймалар, т.б.) жинақтайды,
осы ақпаратты бастапқы өңдеуді жүзеге асырады, деректер-
дің ақпараттық-есептік ЭЕМ-ге берілуін жəне одан директивті-
жос
парлы ақпараттың алынуын қамтамасыз етеді, жергілікті
есептеулерді (мысалы, əрбір станок пен жұмысшының жұмыс
кестесі, қосалқы бұйымдар мен материалдарды беру кестесі, бөл-
шектердің партияларға топтастырылуын өңдеу режимдері т.б.)
жүзеге асырады жəне басқару нысандарының қызметінің ре-
жимі есептік функция режимінен ауытқыған жағдайда оларға
ықпал етеді. Есептік-реттеуші ЭЕМ ерекшелігі – ол үлкен кө-
лемді ақпарат көздері (датчиктер, тіркеушілер) мен реттеуші құ-
рылғылардың автоматты сабақтастырылуының жақсы дамыған
жүйесі. Олардың есептеу бөлігінің даму деңгейі төменірек, себебі
бастапқы өңделген ақпарат одан əрі қолдану мен ұзақ уақыттық
12
сақтау үшін жоғары деңгейлі ЭЕМ-ға беріледі. Есептік-реттеуші
ЭЕМ мысалы – «Днепр» жəне М-6000.
Адамның қатысуымен жүзеге асырылатын деректер жинау
жəне тіркеу құралдарына деректерді тікелей жұмыс орнында
(мысалы, цехте, учаскеде, станокда) жинау жəне тіркеу мүм-
кіндігін беретін түрлі өндіріс тіркеушілері, сонымен қатар, (тем-
пература, дайындалған бөлшектер саны, жабдықтың жұмыс
уақыты т.б.) датчиктер орнатылған технологиялық жəне ұйымдық
ырғақтың бұзылуларының (дайындамалардың, құралдардың, ма-
териалдардың болмауы, станоктардың қате жөнделуі, дайын
өнімді жіберу үшін көлік құралдарының болмауы т.б.) фикса-
торлары кіреді. Мысалы, өндірістің типтік тіркеушілері РИ-7501
(цехтік тіркеуші) мен РИ-7401 (қоймалық тіркеуші) болып табы-
лады.
Ақпаратты көрсету құралдары ақпаратты өңдеу нəтиже-
ле рін ыңғайлы практикалық қолдануға болатындай түрде
ұсынуға арналған. Оларға түрлі баспа құрылғылары, жазба ма-
шиналары, терминалдар, табло, график құрастырушы, инди-
каторлар т.б. жатады. Бұл құрылғылар əдетте ЭЕМ-мен неме-
се өндіріс тіркеушілерімен тікелей байланысты болады жəне
реттеуші (регламенттік) не эпизодтық (сұрау бойынша немесе
апаттық жағдайда) анықтамалық, директивалық немесе ескертпе
ақпаратты береді.
Деректер беруші аппаратура АБЖ-ның түрлі элементтері
арасында (өндіріс тіркеушілері мен ЭЕМ арасындағы коорди-
нациялық-басқарушылық орталықтар мен цехтік ЭЕМ арасын-
да, т.б.), АБЖ мен деңгейлердің іргелес басқармалары арасын-
да (мысалы, КАБЖ жəне САБЖ арасында, аумақтық есептік
орталықтары арасында) ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
АБЖ техникалық базасына, сонымен қатар, ұйымдық техни-
калық құралдарды (көшіру-көбейту техникасы, картотекалар, дик-
тофондар, т.б.), сонымен қатар, негізгі техникалық құралдардың
қажетті режимдерде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
көмекші жəне бақылау-өлшеу құралдарды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |