Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
Р. Х. Айтмағанбетова, пед. ғылым. канд., доцент
Н. Ғ. Юсупова, балабақша меңгерушісі
Ж. Г. Махмутова, әдіскер
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың
инновациялық әдістері әдістемелік ұсынымы. – Астана, 2014. – 28 бет.
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың
инновациялық әдістерін енгізу және қолдану бойынша материалдар берілген және мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбие сапасын және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог қауымға, педагогикалық жоғары оқу орындары
мен колледж студенттеріне арналған.
«
Мектепке дейінгі балалық шақ
республикалық орталығы», 2014
3
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазір білім мен ғылым саласында
инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса,
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық
технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Бұл педагогтардың
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуында педагогикалық технологияларды қолдана білу
сауаттылығына да байланысты.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше,
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім
беру
реформасының
басты
мақсаттарының
бірі
−
инновациялық
технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды,
бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына
қолайлы жағдай туғызу – ең негізгі міндеттер деп айқындалған.
Жоғарыда келтірілген мәселелерді ескере отырып, «Мектепке дейінгі
ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістері
әдістемелік ұсынымын» әзірлеп, ұсынып отырмыз.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда ересек жастағы балаларды
инновациялық әдістерді қолдану арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің
жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік тілге үйретуде
педагогтардың тәжірибесін зерделеу;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық-тілдік құзыреттілігін
қалыптастырудың инновациялық әдістерін талдау;
- қазақ тілін үйренуде мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын
дамыту шарттарын анықтау.
4
ИННОВАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Инновация – латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңарту», «жаңалық»
дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш
ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.
Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше
түрлері ажыратылады:
1.Технологиялық
инновациялар
–
өнімдерді,
өндірістің
жаңа
технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл жаңалықтар білім беру
саласында оқытуда қолданылатын әртүрлі технологиялық құралдар мен
жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға
ену және бағдарламалық қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
2. Әдістемелік инновациялар – сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және
оқыту әдістемесі, оқыту және оқу саласындағы инновациялар. Олар білім беру
саласында ең көп таралған, жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық
пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейін
оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды.
3. Ұйымдастырушылық инновациялар – еңбекті ұйымдастырудың жаңа
формалары мен әдістерін орнықтыруға қатысты.
Ал, білім беру технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және
оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын
негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы
балалардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық
технологиялар жүйесін
қалыптастырған
еңбектер
мен
зерттеулерде
қазақстандық білім беру ұйымдарының болашағына игі ықпалын тигізер жолдар
мен бағыттар да айқындалды. Баланы білім беру үдерісінің нысаны ғана емес,
сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең
ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында
алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай
әрі дұрыс қолдана алатын
дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мақсаты.
Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру
жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі,
осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен
тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Олар Монтессори
технологиясы, Н. Зайцев, Ф. Фребель жүйесі бойынша Вальдорфский
педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу материалдары қолданылады.
Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде
құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығышулық тудырады.
Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға
жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру