17
Сөйлейтін плакат ойынының бірнеше міндеті мен тәртіптері бар.
50 белсенді түймесі бар. Үлкен ойын алаңында (53х39 өлшемді) орыс халық
ертегілерінің көріністері бейнеленген. Ойынды бірнеше
адам ойнауға болады.
Дамытушы ойынның интерактивті текшесі бар,
ойыншы лақтыра отырып, өз фишкасын неше тор
қозғауға
болатынын
анықтайды.
Бағыттаушы
сызықтардың бойымен текшені лақтыра отырып,
ойыншы
ертегі
көріністерінен
радиоспектакль
тыңдайды, жүрісті жіберіп немесе бағыттаушы сызық
бойынша алға жылжи отырып, ертегі кейіпкерлерінің басынан өткен оқиғаларды
басынан кешіреді. Сонымен қатар ойыншы ертегіні толық немесе ертегі
кейіпкерлері бейнеленген алаңның бөлігін басу арқылы тыңдауға болады.
«Жұмбақтар» тәртібінде (250 жұмбақ) ойын алаңында бейнеленген заттар мен
әріптерге жұмбақтар дыбысталады. Ойыншы жұмбақтың шешуі болатын
түймені басуы тиіс.
Үйрететін, сөйлейтін ойындар
Үйрететін, дамытатын сөйлейтін ойындар сөйлейтін плакат-ойындар
технологиясына негізделген. Жолда жүру ережесі, қоршаған орта (өсімдіктер
және жануарлар әлемі, мамандықтар, т.б.) тақырыбындағы ойындар,
интерактивті тапсырмалары бар түрлі ойындар баланы дамытады, оның есін
шынықтырып, тілін дамытуға жағдай жасайды. Құрал өзіне кез-келген
бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді.
Сөйлейтін кітап пен қалам
Сөйлейтін кітапты қарапайым кітап секілді оқуға болады немесе парақ
бетіне жүргізу арқылы сол парақта бейнеленген ертегі кейіпкерлері мен ертегіні
дыбыстайтын сөйлейтін қаламды қосып тыңдауға болады. Сөйлейтін қалам
парақта бейнеленген ертегі кейіпкерлері мен заттардың дыбыстары, әуендерін,
шуларын және олардың сөздерін дыбыстайды.
Сөйлейтін әліппе
«Дамытушы ойындар» топтамасынан «Сөйлейтін әліппе» ойынының
бірнеше тәртібі мен міндеті бар. 50 белсенді түймесі бар. Үлкен ойын алаңында
(53х39 өлшемді) алфавит әріптері мен түрлі аңдар, сонымен қатар, осы
әріптермен басталатын заттар бейнеленген. Ойын тәртіптерінің бірінде
түймелерін баса отырып, алфавиттің әріптері мен осы әріптен басталатын
сөздерін тыңдауға болады. Ойынның басқа тәртібінде түймелерді баса отырып,
бейнеленген жануарлар мен заттардың шуылы мен дыбыстарын естуге болады.
Үшінші «емтихан» тәртібінде ойыншыға затты немесе әріпті табуды ұсынады,
жауабы дұрыс болмаған жағдайда ойыншыға қайталауды ұсынады, дұрыс
орындаған жағдайда ойыншыға жаңа тапсырма беріледі. «Жұмбақтар» (250
жұмбақ) тәртібінде ойын алаңында бейнеленген әріптер мен заттарға
байланысты жұмбақтарды шешуде жұмбақтың жауабы басталатын әріптің
түймесіне басу керек.
18
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті
мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас
ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің
мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру
стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысында
бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрету нақты бағдарламада берілген. Қазақ тілін
оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламалары арқылы жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік тілге үйретудің басты принциптерінің бірі − тәрбие мен оқуды
бірыңғай үрдіске біріктіру. Қазақ тілі – әлеуметтік, рухани-адамгершілік,
эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму
барысында қазақ тілін оқыту күннен күнге арта түсуде.
Мемлекеттік тілді нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру
керек, өйткені ол – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Қазіргі
таңда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда, көбінесе, мемлекеттік тілді
үйрететін педагогтардың арнайы мектепке дейінгі білімдері жоқ, яғни, олар
бұрын мектептерде жұмыс жасаған жоғары білімді педагогтар болғандықтан,
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау әдістемесін толық меңгермеген.
Демек, мемлекеттік тілді үйретудің әдістемесіне тоқталмас бұрын, педагог,
біріншіден, балалардың жас ерекшеліктерін білуі өте маңызды. Педагогика
ғылымының көрнекті қайраткері Н.К.Крупская: «Педагог, біріншіден, не білуі
тиіс – ол адам денесінің құрылысы мен қызметін, яғни, адам денесінің
анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог
болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеу мүмкін емес» деген.
Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық
ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарында тиімді пайдалану − әрбір
педагогтың міндетті ісі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тілді үйретуде маңыздысы әңгіме әдісі
немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Тәрбиеші
сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс
балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың
белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде
балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар
өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем
беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына
жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада,
мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Сабақтарда өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір
айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Тәрбиеші
бірде тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан, жалпы қорытынды
шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші