12
- көптеген оң сезімдерін береді;
- үйдегідей секілді серуенде, қонақта дайындалуға мүмкіндік береді;
- баланы оқу үдерісімен қызықтырады.
Топтаманың құрамына 30 «кітапша-парақша», 480 сөзден құралған
үлестірме қағаз, әріптер жазылған 82 үлестірме қағаз, А.Маниченконың
«Жөргектен сөйлеп, оқимыз. Тіл дамыту.» кітабы енген. Онда балалардың
қызығушылықтарын қолдайтын ойын үлгілері беріліп, ақпараттарды
қабылдауын жеңілдетуге арналған кестелер мен иллюстрациялар, сабақтағы
жетістіктерін, жеңіл бақылауға, баланың қызығушылық деңгейі мен баланың
ерте дамуына жеке бағдарлама құруға көмек береді. Сонымен қатар, ата-аналарға
арналған видеокурстар бар: «Жөргектен сөйлейміз» - 2 DVD, «Жөргектен оқуға
үйрету» DVD.
Глен Доманның үлестірме қағаздары
«Доманның үлестірме қағаздары» 6 айдан асқан
балаларды дамытуға арнайы жасалған. Олар тілінің,
ойының, ес, баланың елестетуі мен жылдам оқу және
жылдам ойлауын дамытуға жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар, баланы қоршаған ортамен таныстырып,
сөздік қорын арттыруға керемет мүмкіндік. Топтама
артында сабақтардың өзіндік күнделіктері бар және
көрсетім саны белгіленген үлестірме қағаздардан
құралған. Бала жиі қолданатын 150 сөз және «Алғашқы
сөздер»,
«Күнделікті
сөздер»,
«Жануарлар»,
«Сөз
тіркестері»
тақырыптарындағы 600 сөз тіркестері жазылған 5 интерактивті DVD дискілері
бар.
Сонымен қатар, дискілерде оқуға үйрету және тілдерін дамыту бойынша
қызықты ойын сабақтары бар сөздер мен сөз тіркестерін; сөздер мен сөз
тіркестерінің мағыналары ашылатын балалармен түсірілген видеороликтер,
қызықты фотолар мен суреттерді; түрлі фонда және әртүрлі әріптермен жазылған
сөздер мен сөз тіркестерін; сөз жасаушылармен, ойындармен және көңілді
әндермен анимация көрсету.
Әдістемелігі қарапайым: балаға бірнеше рет роликтерді 5 минуттан көрсету
қажет, сөздерді тұтас оқуға, әріптер ұғымын дербес түсінуге үйренеді.
«Үш тілдің патшалығы»
Бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік-коммуникативті
құзыреттіліктерін дамытуға және оларды үш тілге – қазақ, орыс, ағылшын
тілдеріне үйретуге мүмкіндіктер жасайды. «Шикула и К» баспасының «Үш
тілдің патшалығы» әдістемелік кешені қолданылады.
Кешен құрамына:
- «Үш тілдің патшалығы» (27 қоршаған ортаның тақырыптары: сөздер,
фразалар, әңгімелер, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ойындар) 5 кітабы;
13
- «Үш тілдің патшалығы» кітабына қосымша дәптері (бояу, шығармашылық
тапсырмалар: «Лабиринт», «Суреті аяқта», «Артығын тап», «Бірдей заттарды
тап» және т.б.);
- кітаптарға арналған тақырыптық суреттер (плакаттар) – 3 тілде
сүйемелдеу;
- «Үш тілдің патшалығы» кітаптарына қосымша шағын кітапшалар (негізгі
тақырыптар бойынша 28 кітапша). Шағын кітапшаларда сөздер мен үш тілдегі
екі жолды өлеңдер берілген, бояуға арналған суреттер енеді.
«Мультимедиа»
Білім беру қызығушылығын
«Мультимедиа»
(Қытай) технологиясы ұсынады.
«Мultimedia» –
көп орталылық немесе ортаның көптігін білдіреді.
Орта деп дыбыс, видео, мәтін және басқалары да
түсіндіріледі. Мультимедиа деп персоналды
компьютерді мәтінмен ғана емес, сонымен бірге
дыбыспен, графикамен, анимация және видеомен
жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық
құралдар мен кешенді түсінуге болады.
Мультимедиалық
кешен
құрамына
балалармен жұмыс барысында оқытудың тиімділігі жоғары техникалық
құралдар кіреді: сенсор арқылы басқарылатын проекциялық экран,
мультимедиа
лық платформа, тілдік зертхана, интерактивті тақта, видео қабырға,
бағдарламалық
жасақтама.
Мультимедиа компьютерді мәтінмен ғана емес, сонымен қатар, дыбыс,
жоғары сапалы бейнелер, видеофильмдерден құралған мәліметтер қорымен
жұмыс істеуге ыңғайлы құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сәйкес
бағдарламалық өнімдермен жұмыс сапасы мен деңгейі тез әрекет етуге,
компьютердің жадында сақтау көлеміне, дыбыстық сипаттамаларға және
қосымша жабдықтардың соның ішінде CD-ROM-ның болуына тәуелді.
Мультимедиа бағдарламалары – ғылымды қажетсінетін және қымбат
бағалы өнім, өйткені оларды әзірлеуде пәндік саладағы мамандар, педагогтер,
психологтер, бағдарламашылардың, сонымен қатар, суретшілер, дыбыс
операторлары, сценаристер, құрастырушылар мен басқа да мамандардың
күштерін біріктіру қажет. Көптеген елдерде қытай аналогиясы бойынша білім
берудің түрлі деңгейлерінде оқыту бағдарламалары, соның ішінде мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары әзірленуде. Осындай білім беретін
электронды бағдарламалардың келешегі алда.
Мектепке
дейінгі
ұйым
тәжірибесіне
енгізілетін
ақпараттық
технологияларға «Сөйлейтін қалам» мен «Дыбыстық карталар» таңбалық -
белгілік технологиялар да жатады. Олардың оқыту мүмкіндіктері, ойлау, зейін,
ес, қабылдау, елестету қабілеттерін дамытуға әсері зор.