14
Бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартының талаптарына сәйкес. Оқытудың танымдық мазмұнына
«Сөйлейтін қаламмен» бірге өлеңдер, әңгімелер, шығармашылық жобаларды
орындауға арналған тапсырмалар жинағы енеді.
«Сөйлейтін қалам» қалам түріндегі кіріктірілген акустикалық, дербес
қуаттандыру және ақпараттарды сақтау элементтері бар сымсыз құрылғы.
«Сөйлейтін қаламда» белгілерді сәйкестендіру және санау құрылғысы бар.
Балалар көрнекі түсініктерімен қатар, басқа тілді білікті дыбыстық
сүйемелдеуін алады. «Сөйлейтін қалам» балаларды оқытып қана қоймай, ата-
аналар мен тәрбиешілерге де қажет, өйткені балалармен жеке жұмыс істеу
барысында шетел тілінің оқытушысын немесе маман-педагогтің көмегін күтіп
отырмайды.
Сөйлейтін қаламы бар
«Даналық әліппесі»
Интерактивті
оқу-әдістемелік
«Даналық
әліппесі» кешені балаларға, отбасы тәрбиесіне
арналып
әзірленді.
Құрамында
әдістемелік
нұсқаулығымен бірге, 12 кітабы бар: «Қобыз үні»,
«Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні»,
«Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық
тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер
сөзі», «Аталар сөзі» және «Бабалар батасы»,
«Сөйлейтін қалам» бар.
15
«Сөйлейтін қалам» қағаздағы мәтінді дыбыстайды, қолдануда қарапайым
және ыңғайлы.
Кешен мектеп жасына дейінгі балаларға, сонымен қатар, жоғары және орта
деңгейдегі оқу орындарында оқитындарға арналған. Халық өнері мен
шығармашылығының озық үлгілерін қолдану арқылы
ұлттық және ұлтжандылыққа тәрбиелеуді қайта
жаңғыртып, таратудың бірегей жолы.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Даналық
әліппесінің» алғы сөзінде:
«Интеллектуалды
технологиялар
негізінде
әзірленген «Даналық әліппесі» сіздің ой-өрісіңізді
кеңейтіп, біздің халқымыздың асыл мұраларын меңгеру арқылы шешендік
шеберліктеріңізді дамытады, рухани әлемін байыту үшін құнды құрал ретінде
қызмет етеді деп есептеймін»,- деп атап өтті.
«Зерек» сөйлейтін қаламмен бірге дамытушы ойын топтамасы
Озық технологияларды қолдана отырып, компания
Қазақстан нарығына балаларды дамытып, оқыту үшін жаңа
өніммен шықты. Жоғары технологиялық өнім педагогтерден,
балалар
психологтерінен,
дизайнерлерден
құралған
шығармашылық топтың көп жылдық жұмыс нәтижесі болып
табылады.
«Зерек» дамытушы ойын топтамасын әзірлеу барысында
қолданылған әдістемелер Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігімен қолданды.
«ZEREK» қаламы – арнайы әзірленген кітап беттерінен ақпаттарды оқуға
және кіріктірілген динамик арқылы дыбыстауға мүмкіндік беретін электронды
құрылғы.
Бұл топтама 3 жасқа (2-3 жасқа, 4-5 жасқа, 6-7 жасқа) арналған кітаптар
сериясынан, қаламның өзінен, 2 Гб есте сақтау картасынан, МР3 плеерінен
тұрады. Плеердің көмегімен компьютерден алдын-ала жазылған музыканы,
ертегілермен бесік жырларын тыңдап, жұмбақтар шешуге болады. Сонымен
бірге топтамаға алфавит, файлдардың сақтаулы көшірмесі бар диск кіреді. Кітап
бетіне берілген ақпаратты есту үшін «ZEREK сөйлейтін
қалам» сканерін сол беттегі қызықтырған бөлігіне
апарып жүргізу қажет, сонда кіріктірілген динамик
арқылы дауысын шығарады. Берілген электронды
құрылғы дыбыстарды дұрыс айтуға, әріптерді атауда,
сөйлемдерді оқуда, санауда, сұрақтарға жауап беруде
және білімдерін тексеруде көмек көрсетеді. Бұл
баламасы жоқ отандық өнім.
Компанияда 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) оқыту әдістемесі
әзірленіп, енгізілуде.
16
Бұл құрылғыны қолдануда тіліндегі кемістігі бар балаларда жақсы
нәтижелерді көрсетті. Логопедтер тілінде кемістігі бар балаларға қолдануды
ұсынады.
«E-Blocks» бағдарламасы
Дамытушы
технологияларға
«E-Blocks»
бағдарламасы да жатады.
E-Вlocks – білім беру технологияларының үздігі
Positivo Informatica компаниясынан әзірленген ғажайып
білім беру өнімдерінің бірі.
E-Вlocks бағдарламасы көптеген ұлттық және
халықаралық
марапатқа
тағайындалып,
марапатталды. 2005 жылы E-Вlocks Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық
оқытудағы озық шешімі үшін WSA премиясын жеңіп алды.
E-Вlocks – инновациялық сенсорлық оқыту әдісі, ол теория мен тәжірибені
тұтас үдеріске біріктіреді.
E-Вlocks бір ортада мультимедиалық бағдарламамен жасақтама мен алақан
өлшемімен бірдей текшелердің көмегімен 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі
балаларды
тілдерге,
қисынды
ойлауға,
математикалық
түсініктерін
қалыптастыруға керемет жағдайлар жасайды.
Бағдарлама мазмұнының міндеттері:
- дыбыспен, суреттермен және анимациямен сүйемелденетін интерактивті
тәжірибелік тапсырмалар;
- өлеңдер мен әндер бойынша жаңа білімдерді қолдану және тапсырмаларды
орындау;
- ойын арқылы қайталау.
Бағдарламада классикалық текше ойынының оқытудың интерактивті
әдістемелерімен үйлесімділігі, яғни, мультисенсорлық оқыту жүзеге асады. E-
Blocks® адамның ақпаратты қабылдауда барлық сезімдерін қолдануға
бағытталған. Бала естігенін, көргенін және қолымен жасағанын қабылдап, есте
сақтайды. Тілді үйрену барысында қол қимылдарының, есту және түстерді
қабылдауын дамытуға жағдай жасайтын бағдарламалық қамтамасыз ету
қарастырылған
Бағдарлама тілді дамытуға, тілдерді үйретуге,
қоршаған
ортамен
таныстыруға
көмектеседі.
Балалардың белсенді танымдық іс-әрекеттеріне сүйене
отырып, «E-Blocks» балаларға сөздік пен үйренетін
тілдің құрылымына белсенді араласу мүмкіндігін
ұсынады, балалардың ақпараттық тәжірибелері мен
білімдерін жинақтауға жағдай жасайды.
Сөйлейтін плакат ойыны