16 Караковский, В. Общечеловеческие ценности - основа целостного
учебно-воспитательного процесса // Воспитание школьников. - 1993. - № 4. –
С. 2-8.
17
Сборник
материалов
международной
научно-практической
конференции «Современный музей: Наука. Традиции, Инновации», Астана,
2009
18 Фромм, Э. Психоанализ и этика. – М.: ООО «Издательство АСТ-ЛТД»,
1998. –
568 с .
19 Гершунский, Б.С. Толерантность в системе ценностно-целевых
приоритетов образования // Педагогика. − К. − 2002. − №7. − С. 3-12.
20
Бондаревская,
Е.В.
Ценностные
основания
личностно
ориентированного воспитания. − Педагогика, 1995, №4 − С.29.
21
Щуркова, Н.Е., Павлова Е.П. Воспитание счастьем, счастье воспитания.
–
Педагогический поиск, 2004. – 160 с.
22 Демеуова, М.Е., Кожахметова, К.Ж.Аратай, Л.Б.,Молдыбаева, Ш.Б.
Воспитательные системы воспитания в Казахстане / М.Е. Демеуова,
К.Ж. Кожахметова, Л.Б. Аратай, Ш.Б. Молдыбаева // Педагогика. − Алматы:
Изд. Сигнет-Принт. − 2006.
23 Дж.Дьюи. Школы будущего. – Берклин, 1992. – С.9.
24 Сухомлинский, В.А. Разговор с молодым директором. – М., 1972. –
С. 37.
25 Введение в предмет «Самопознание»: Учебное пособие /Составители:
У.И.Ауталипова, Г.М.Касымова, Х.Т.Шерьязданова. – Алматы, 2006. – 181 с.
26 Афанасьев, В.Г. Общество: системность, познание и управление. − М.,
1981.− С. 26.
27 Вентцель,К.Н. Свободное воспитание: Сб. избр. трудов. М., 1993.
28 Воропаев, М.В. Воспитательные системы образовательных учреждений:
основы типологии.− Тамбов, 2002.
29 Воспитательная система в современной школе //Электронный ресурс. –
Режим доступа: http://www.bank.orenipk.ru
30 Блонский, П. П. Педагогика. − М., 1924. − С. 25.
31 Лузина, Л.М. Философско-антропологический подход в современной
методологии воспитания // Современные гуманитарные подходы в теории и
практике воспитания. Сб. научных статей. − Пермь, 2001.
57
1-
қосымша
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
тақырыбындағы сынып сағаты
Мақсаты:
1. Оқушыларда қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға ықпал ету
2. ҚР рәміздері туралы білімін тереңдету
3. Жалпы ой-өрісін кеңейту
Көрнекілік:
1. Мемлекеттік рәміздер
Сынып сағатының барысы
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен
біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Н.
Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ, «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың
рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін,
арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер».
Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген
таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын
әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің паттриоттық рухын
көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен қарыштап қадам басып келеміз! Азат
елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу –
бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.
1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
гимнінің музыкалық редакциясы туралы» мемлекеттік жарлықтарына қол
қойды.
1992 жылдың 6 маусымында Алматы қаласында Абай атындағы опера
және балет театрында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің
тұсаукесері өтті және дәл осы күні Қазақстанның жаңа туы Мемлекет
басшысының Резиденциясы мен Парламент Үйі төбесіне асқақтаған әнұран
әуенімен көтерілді.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның
Әнұраны Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6
қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. "Менің Қазақстаным" әнұран
ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.
Әні – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен
Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны – еліміздің өзіндік
сазды-поэтикалық белгісі болып табылады.
(
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны авторларының
портреттері).
Қаһарман қажыр, қайратым,
58
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап, егіле
Жанып тұрар мың жанар.
(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы авторының портреті)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – суретшi Шәкен
Ниязбеков.
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің
астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш
сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.
Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының
жартысына тең: 1:2.
Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн
елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын
аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң,
тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде
көк түс және оның түрлi реңкi – адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк
қасиеттерге сай келедi.
Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк
түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де
халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып,
мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке
ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға
болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн –
қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана
бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк,
айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан
Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-
дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары
мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран
бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала
адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа
ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның
болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады.
59
Достарыңызбен бөлісу: |