форманың қозғалысындағы өзгерістердің ықпалымен үнемі даму және өзгеру
үстінде болады; қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері,
ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең
маңызды жетістіктері мектеп білімінде көрінуі арқылы оның ұлттық
құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен
патриотизмі, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде
ықпал етеді. Ұлттық құндылықтардың осылай әрекет етуінің бірден бір шешуші
шарты ретінде олардың нақты гуманистік бағыттылығы мен демократиялық
мәнін, ұлтшылдық пен шовинизмнің кез келген көріністерінен толық, табанды
түрде іргені аулақ салуды атауға болады.
Жоғарыда аталғандар білім берудің ұлттық құндылықтарын тек отандық
педагогикалық тәжірибенің ғана емес, сонымен қатар теория дамуының өзіндік
бағдары ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Білім берудің негізгі ұлттық құндылықтарын шартты түрде келесі
топтарға бөлуге болады:
− мектеп жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқыту көзделген
мәдениеттің ұлттық құндылықтары;
− фольклорлық шығармаларда көрініс тапқан Отандық педагогикалық
мәдениет пен халық шығармашылығының ескерткіштері;
− уақыт тексерген және отандық педагогиканың алтын қорын құрайтын
балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу және оқыту саласындағы халықтың
тарихи қалыптасқан дәстүрлері;
− аса көрнекті ұлттық педагогтардың классикалық мұралары, олардың
ғылыми және публицистикалық жанрдағы еңбектерінде көрініс тапқан,
педагогикалық пікірлер мен практиканың дамуына ықпал еткен жетекші ойлар,
теориялар мен тұжырымдамалар;
− оқытудың технологиялық әдістері мен тәсілдері, отандық, сондай-ақ
әлемдік білім беру практикасында кең танымал және үлкен қолданысқа ие
болған дидактикалық және әдістемелік әзірлемелер, оқу кітаптары және
әдістемелік құралдар;
− оқыту мен тәрбие жүйесі, білім берудің отандық және әлемдік
тәжірибесіне шынайы ынталандырушы ықпал еткен жеке оқу орындарының
тәжірибесінде немесе педагогтердің дара іс-әрекетінде қалыптасқан
инновациялық шығармашылық педагогикалық тәжірибе;
− білім беру саласында прогрессивті реформаларды анықтайтын
құқықтық және заңнамалық актілер, шешуші маңызы бар бағдарламалық
құжаттар;
− педагогикалық бейімділік және таланттар, мұғалімнің инновациялық
әрекетінің шығармашылық әлеуеті, оған тән кәсіби-құндылықты сипаттар.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қоса келе, білім берудің ұлттық
құндылықтарын берілген қоғам мен халықтың жалпыадамзаттық және ұлттық
рухани және материалдық құндылықтарының өзіндік туындысы ретінде
анықтауға болады.
50
Білім берудің ұлттық құндылықтарына тән қасиет ол өзінің ең үздік
үлгілерінде білім берудің жалпыадамзаттық құндылықтары бола алады.
Білім берудің ұлттық құндылықтарына тән ерекшеліктер ретінде
мыналарды тануға болады: халықтық педагогикадағы олардың терең, тарихи
тамырын; рухани және материалдық ұлттық құндылықтармен табиғи
байланысты; тарихи даму процесінде олардың жаңару және көбею қабілеттері,
сонымен бірге оларға тән дәстүрлермен сабақтастықты сақтай отыра, бірақ бір
мезгілде өз генезисінің белгілі бір кезеңдерінде өзектілігін жоғалтуы немесе
керісінше осы ұлттық мектептің және педагогикалық теорияның алға
жылжуында басым бағдары болуы мүмкін, бұл кезде білім берудің
жалпыадамзаттық құндылықтары сәйкес жоспармен тығыз байланысын
үзбейді.
Бұл тәсілдер бірлесе отыра тұжырымдамалы ой – патриотизм, құқықтық
мәдениет, өз қылықтары үшін жауапкершілік, рухани-адамгершілік қасиеттері
жоқ жерде мүмкін болмайтын – Қазақстан азаматын тәрбиелеуді, яғни тұлғада
жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, болмыстың мәнін түсінуді,
кәсіби қасиеттерінің орнауы мен өзіндік жетілуі үшін жауапкегшілік, азаматтық
ұстанымын белсендіруді іске асырады.
Жоғарыда аталған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен
педагогтердің жаңашыл тәсілдері негізінде тәрбие жүйесін жаңартуды іске
асыруды төрт кезеңде қарастыруға мүмкіндік береді.
I кезең – жүйенің пайда болуы. Жүйенің ішкі байланыстары жеткілікті
берік емес. Мектеп ұжымына тиістілік сезімі тек белсенді оқушыларға ғана тән.
Педагогикалық қызметте бірлік жоқ. Қоршаған ортамен өзара әсерлесу
стихиялы сипатта болады. Кезеңнің мақсаттары: мектеп ұжымын
қалыптастыру; тәрбие процесін ұйымдастыруда басты бағдарларды дайындау.
II кезең – жүйе құрылымы мен ұжым қызметінің мазмұнын меңгеру.
Біртұтас ұжым әлі пайда болған жоқ. Тәрбие жүйесінің сыртқы ортамен өзара
байланысы күрделі қалыптасады. Алайда бұл кезде көшедегі нашар аулалық
топтар бұзылады, балаларда мектепішілік істерге қызығушылықтары артады.
Кезеңнің мақсаттары: қызметтің жүйеқұраушы түрлерін, жүйенің басым
бағыттарын бекіту; тәрбие қызметінің неғұрлым тиімді нормаларын меңгеру;
мектептегі оқушы ұжымының дамуы (жасаралық қарым қатынастың дамуы,
уақытша бірлестіктердің пайда болуы, ұжымдық дәстүрлердің туындауы,
бастаманың, дербестік пен шығармашылықтың дамуы); мектептің оқушы
тұлғасына ықпал ету күресінің күшеюуі.
III кезең – жүйені ақырғы рет дайындау. Ортақ мақсат, ортақ қызмет,
ортақ жауапкершілік біріктірген балалар мен ересектердің ынтымақтастығы
пайда болды. «Мектептің сезімі» қалыптасады. Оқушылар ұжымының тұлғаға
аударған назары күшейеді. Басқару әдіс-құралдарынан әкімшіл-бұйрықтық
түрлері жоғалады – оларды өзін-өзі басқару және өзіндік іске асыру процестері
алмастырады. Педагогтер тәрбиеге тұлғалық қатынасты меңгереді. Оларда
өзіндік талдауға, педагогикалық шығармашылыққа, педагогика ғылымына
51
Достарыңызбен бөлісу: |