қатынас құралдарын айыру білігін дамыту мен оларды пайдалануға
бағытталған шағын-этюдтер балалардың өзіне жақын адамдардың көңіл күйіне
қызығушылығын тереңдетеді.
Бүгінгі таңда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен
педагогтердің жаңашыл тәсілдері негізінде еліміздің болашағы өскелең
ұрпақтың патриоттық сана және азаматтық сәйкестік, Отанға адалдық,
конституциялық міндеттерді орындау даярлығының, рухани-адамгершілік
мәдениеті деңгейін арттыру аса маңызды. Оқушы жастарда толеранттылық,
ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру да
келелі мәселе. Отбасы тәрбиесінің әлеуетін арттыру, отбасы тәрбиесіне
халықтық педагогика дәстүрлерін енгізу қажет. Оқушылар арасында девиантты
мінез-құлық және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салты мәдениетін
енгізу, дене дамуын жетілдіру бұдан әрі дамытуды қажет етеді. Тәрбие
бағдарламалары мен технологияларын инновациялық тұрғыдан кеңінен іске
асыруды енгізу де уақыт талабы.
54
Қорытынды
Елдегі заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда тәрбиелеу жүйесін жаңғырту
мектептердегі тәрбиелеу процестеріндегі артықшылықтар мен білім беру
ұйымдарының күнделікті өмірінде инновациялық қызығушылықтың
қаншалықты тиімді қолданылуы сияқты құндылықтармен анықталады.
Тәуелсіздік жылдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мақсаттарына,
міндеттеріне, мазмұны мен педагогикалық технологияларына ерекше әсер
еткен тәрбие жүйесі айтарлықтай өзгерістерді бастан кешірді.
Қазақстан Республикасындағы тәрбие жүйесін жаңғырту ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде (тәуелсіздік, патриотизм, ел бірлігі,
толеранттылық, отбасы, денсаулық және т.б.) тұлғаны қалыптастыруға және
дамытуға қажетті жағдай жасауға, ана тілін, мәдениетін, ұлттық салт-
дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Ар, әділеттілік, мейірімділік сияқты мораль
жүйесіне міндетті құрамдас бөлік ретінде кіретін және патриотизм мен
азаматтық жауапкершілік түсініктерімен бірге тұлға адамгершілігінің негізін
құрайтын, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарын нығайту айрықша
назарға алынды.
Инновациялық мектептің тәрбие жүйесі жалпыадамзаттық құндылықтарға
(баланы жақсы көру, құрметтеу және оған сену, бала тұлғасының
құндылықтарын тану); демократияландыру (баланың еркін іс-әрекеті және
өмірдегі өз орнын анықтауы үшін жағдай туғызу); халықшылық (халықтың
тәрбие мұраттарына сүйену; ұлттық және халықтық дәстүрлерді ескеру);
табиғисәйкестілік (жас және жеке ерекшеліктерді ескеру, өздігінен даму,
өздігінен тәрбиелеу және өздігінен білім алу үшін жағдай жасау).
Тәрбиедегі жаңалықтар – тәрбие жүйесіне жаңа элементтер енгізетін,
оның бір күйден басқа, анағұрлым жетілген сапалы жағдайдағы күйге өтуіне
ықпал ететін мақсатты өзгерістер. Қазіргі кезде республика мектептерінде
мұғалімдер мен оқушылар шығармашылығының табысты тәжірибесі бар, ол
тәрбиенің әртүрлі инновациялық жүйеқұраушы түрлерінің, көбі дәстүрлі болған
жиынтығынан тұрады.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ұйымдарында қазақ халқының
ұлттық құндылықтары, қазақстандық және жалпыадамзаттық құндылықтарға
негізделген тәрбиенің құқықтық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-кадрлық
базасы қамтылған тәрбие жүйесін құру қажет. Бұл орайда білім беру
ұйымдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарын Қазақстан
Республикасының ұлттық басымдықтары контексінде жаңарту аса маңызды.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың және жаңаша
педагогикалық тәсілдер негізінде тәрбие жүйесін жаңғырту процесінде
педагогтердің рөлі күннен күнге артуда. Сондықтан осы құралдың мақсаты –
мұғалімдер мен әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету.
55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев, Н.Ә. Интеллектуалды ұлт – 2020 / Қазақстан Республикасы
Президентінің «Болашақ» стипендиаттарының форумында сөйлеген сөзі //
Астана: 2008.– 30 қаңтар. – Оnline Zakon KZ / document/.
2 Евдокимова, С.Л. Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің
алдын алу: 1-11 сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған оқу құралы. –
Астана, 2012. – 244 б.
3Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын
күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары / Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы // ресми мәтін. –
Астана, 2012.
4 Общечеловеческие ценности //Электронный ресурс. – Режим доступа:
http://www.rae.ru/monographs/97-3260
5 Омарова, Г.А. Духовно-нравственное воспитание студентов вузов на
основе общечеловеческих ценностей. Автореф. дис… канд. пед. наук. –
Алматы, 2010. – 25 с.
6 Общечеловеческие ценности //Электронный ресурс. – Режим доступа:
http://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_new.
7
Вл. Соловьев: Любовь // Энциклопедический словарь Брокгауза и
Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). – СПб., 1890-1907.
8 Далай-лама XIV. Искусство быть счастливым. – 1999 //Электронный
ресурс. – Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/.
9 «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік
жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы / Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысы // ресми
мәтін. – Астана, 2013.
10 Назарбаев, Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзі «Қазақстан-2050»
стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр / Егемен Қазақстан, 2013. –
25 сәуір.
11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер
туралы» Заңы // Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі
заңнамалық актілер – Алматы: ЮРИСТ, 2008. - 56 б.
12 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. –
Астана, 2012. − 15 желтоқсан.
13 Смелзер, Н. Социология: учебник / Н. Смелзер. – М.,1994.- 683 с.
14 Проблема сознания // Психология грамматики. М.: Изд-во МГУ, 1968.
С. 178-196. Выступления Л.С. Выготского по докл. А.Р. Лурия 5 и 9 декабря
1933 г.
15 Караковский, В.А. Воспитательная система школы: педагогические
идеи и опыт формирования. – М.,1992.
56
Достарыңызбен бөлісу: |