46
оқушылар дұрыс пайдаланады, кейбіреулері мұндай жағдайларда да
қателіктер жібереді.
Бұл оқушылар өз жұмысындағы қателерді көрмейді, оларға қателіктерін
анықтап көрсетіп, қалай түзету керектігін түсіндіру қажет. Әрбір келесі
тапсырманы олар жаңа тапсырма ретінде қабылдайды. Білімді механикалық
түрде қабылдап, тез ұмытып кетеді. Төртінші типологиялық топ балалары
үшін, әдетте, әрбір оқу пәні бойынша жеке оқу бағдарламасы жасалынады.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың негізгі міндеттері
оқушылардың танымдық қызметіндегі және эмоциялық-ерік өрісіндегі
кемшіліктерді барынша еңсеру, оларды өздігінше өмір сүруге, өндірістік
еңбекке қатысуға, қазіргі заманғы қоғам жағдайында әлеуметтік бейімделуге
дайындау болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте ақыл-ой кемістігі бар балаларды
оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып
табылады. Арнайы сыныптар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін
жеке сынып және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін бөлек сынып
құрылуы мүмкін. Бұл оқушыларды бір сыныпта біріктіріп оқытуға да болады.
Арнайы сыныпта «Олигофренопедагогика» мамандығы бар жоғары білімді
дефектолог мұғалім жұмыс істеуі қажет.
Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте
оқытудың ұзақтығы:
- бірінші сатысы – 0 (даярлық), 1-4-сыныптар;
- екінші сатысы – 5-9-сыныптар.
Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса,
онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін.
Даярлық сыныбына ұйымдастырылған мектепке дейінгі даярлықтан
өтпеген 7-9 жастағы балалар қабылданады. Даярлық сынып белгілері
жағынан ақыл-ой кемістігіне ұқсас басқа да бұзылыстары бар (психикалық
дамуының тежелуі, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалған, сөйлеудің
ауыр бұзылыстары) балаларды қате қабылдаудың алдын алу мақсатындағы
диагностикалық сынып ретінде де қызмет етеді. Едәуір даярланған
оқушылардың оқуды 1-сыныптан бастауына болады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған сыныптардың бірінші
сатысында ақыл-ой кем оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық-
медициналық-педагогикалық зерттеу, білім беру процесін ұйымдастырудың
түрлері мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке
ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады.
Екінші сатысында балалар жалпы білім беретін практикалық бағыты
бар пәндер бойынша білім, әр түрлі бейіндегі еңбек дағдыларын алады.
Әлеуметтік бейімдеуге және кәсіптік еңбекке даярлауға назар аударылады.
Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке тәсілдемені қолдана
отырып, жүзеге асырылады. Саралау тәсілінің негізіне ақыл-ой кемістігі бар