182
жайттар адами капитал сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді. Әлемдік үдеріс
сипатын сезініп, рухани жаңғыруды қажет етеді. Біліми-ғылыми арналарға жаңа бағыт, соны
сипат береді. Бұл мәнді, өзекті мәселелердің бірі.
Тарих пен таным арналары, революциялар дәуірі мен даму үрдістері қатар аталып, өзіндік
өзгешеліктері айқындалады. Өткеннің өнегесіне, тағылымды тұстарына мән беріледі.
Революциялық қоғамның табиғаты мен тағылымы байыпты зерделенеді. Ұлт тарихы, дәстүр-дін
өнегесі, отан мен отбасы құндылықтары, біліми-ғылыми арналар, руханият өрнектері, тәлім-
тәрбие өзегі де басты өлшем етіледі. Болашақ бағдары, рухани жаңғыру өзегі – ұлттық бірегейлік
ұстанымына, елдік мұрат-мүддеге сай өріс алады. Түптеп келгенде: «...мемлекет қызметінің толық
көлемі деп оның қоғам игілігі үшін атқарар ісінің барлығын айтуға болар еді» [2 , 35].
Әлемнің қарқынды дамуы, жаһандық өзгерістерге сай әрекет-қимыл ету сананың
ашықтығына, зерденің ерекшелігіне байланысты көрсетіледі. Ол, негізінен жаңа
технологиялар нәтижесінде өзгерістерге сай болу, өзге елдің жетістік-тәжірибесін,
тиімділігін пайдалану болып табылады. Ашық зерде, даму үрдісі табыс көзінің асыл арқауы
жаһандық әлемге еркін ену, қоғамдағы орнықты айтқан дауға келіп саяды. Асылы, ел бірлігі
мен дамуының қайнар көзі бәсекеге қабілеттілікті арттырып, руханият арналарын (әдебиет,
мәдениет, тарих, тіл, дін, діл, дәстүр т.б.) жүйелі дамытып, жаңғырту екені кеңінен
қозғалады. Бұл ретте Жазушылар одағы, Ғылым академиясы, барша зиялы қауым өкілдері
бірігіп, бірлесіп ел дамуына, тәуелсіздік идеясына қызмет ету жайы сөз етіледі. Жаңа уақыт,
тарихи кезең, әлемдік кеңістік мәні – болашақ бағдары, рухани жаңғыру аясында байыпты
баяндалып, талдау жасалады.
Ал, адам факторы, бәсекеге қабілеттілік қағидасы – сананың ашықтығы мәселесімен
табиғи байланыста беріледі. Ол, әсіресе ана тілі, шет тілдерін жаппай Һәм жедел оқып-
үйрену бағыттарынан байқалады. Бұл ретте Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам
басым бөлігі пайдаланатын неміс, француз, испан, итальян тілдерінің мәні, ағылшын тіліне
деген құштарлық пен сүйіспеншілік сыры кең түрде ашылады. Сананың ашықтығы зерденің
үш ерекшелігімен байланыстырылып, табыс кілтінің сыр-сипаттары айқындалады. Жаңа
технология ағыны, адами қатынас, өмір салты, ішкі-сыртқы әсерлер сипаты, басқа да
кезеңдік өзгерістер мен уақыт бедерінің мәні ашылады.
Ел дамуының жарқын көрінісі – рухани жаңғырудан танылса, алдағы жылдардағы
нақты жобалар қатарында: бастапқы кезекте латын әліпбиіне көшіру ісі тұр. Әліпби
мәселесінің маңызы, арғы-бергі кезеңдердегі тарихы, нақты кестесі, терең логикасы,
стандарттық нұсқасы, оқып-үйрену жайы бүгінгі қажеттілік тұрғысынан кең түрде
көрсетіледі. Ұлт тілінің арғы-бергі кезеңдердегі даму үрдістері, атап айтқанда көне
түркілердің
руникалық
жазуы,
араб
әліпбиінің
қолданылуы,
қазақ
жазуының
латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшу жолдары
тарихи Һәм саяси себептермен сабақтастықта сөз етіледі. Ал, алдағы уақытта барлық
салаларда латын әліпбиіне көшу жайы, оның логикалық қисындары, жаңа заманғы
технологиялық мәні, біліми-ғылыми арналары нақтылы көрсетіледі. Қазақ әліпбиінің жаңа
графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы, оқулық дайындау мен әдістемелік жұмыстар
жайы, оны оқып-үйрету ісіндегі мамандар орны да маңызды сипат алады. Тегінде, қазақ
жазуы, әліпби мәні арғы арналардан-ақ ұлт руханиятының алтын арқауына айналғаны анық.
Қысқа қайырсақ, қазақ білімпаздарының алғашқы құрылтайы (Орынбор,1924), Бірінші
Дүниежүзілік түркология съезі (Баку,1926), бұдан басқа Қазақстан деңгейіндегі – «Жаңа
алфавит қоғамы», алғашқы өлкелік конференциялар, алаш арыстарының жазу тәртібі, емле
жөніндегі қызу айтыс, алуан көзқарас, пікірталастары, сөз жоқ жазу – адамзаттық құндылық,
жаңару мен жаңғыру көрінісі, өркениет белгісі екенін терең танытады. Демек, әліпби – ұлт
жаны, руханият өзегі екені ақиқат.
Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша –
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа – оқулық жобасы» қолға алынады.
Білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі – 100 таңдаулы оқулықтың заманауи үлгілері
183
тілдерден аударылады. Осының негізінде – Ұлттық аударма бюросы құралатын болады. Бұл
білім саласындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сананы жаңғыртудың негізгі
қағидаттарын айқындайды. Аудармашы мамандарын даярлауға, оқу-әдістемелік құралдар
шығаруға, авторлық құқықты нақтылауға мол мүмкіндіктер береді. Бұдан байқалатыны, ұлт пен
ұрпақ, отан мен отбасы, білім мен ғылым, тарих пен таным, дәстүр мен дін, діл мен тіл т.б. бір
бағыт, ортақ мұраттарға бағыттап, келешек негізі, рухани даму арналары ретінде тану – ел бірлігі
мен руханият мәні екені, жаңғыру жолын құрайтын қайнарлар ретінде аталады. Бастысы, бұл
бағыттар жаңа сапалық деңгейде білім беруге, осы салада жаҺандық бәсекеге қабілеттілікті
арттырып, жаңашыл мамандар дайындау ісіне кең жол ашады. Біліми-ғылыми арналарға, оқу мен
оқыту ісіне, бағдарламалар жүйесіне жіті ден қойылады. Болашақ бағдары, сананы жаңғыртудың
тиімді жолы мен негізгі қағидаларының бірі осы.
«Туған жер» бағдарламасы ел-жерге, отанға сүйіспеншілік, патриотизм рухы
тұрғысынан сөз етіледі. Оның мәні – «Туған жерге туыңды тік» деген халықтық
қағидалармен, өскен өлке, мәңгілік мекенмен тығыз байланыста өріс алады. Ұлттың мәдени-
генетикалық коды, патриотизм өзегі, рухани дәстүр мен мәдени туризм негізі, заманауи
мәдениет мәйегі әлемдік кеңістікте кең орын алады. Арғы-бергі тарихтағы еңселі
ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, ел әдебиетінің нұсқалары, аңыз-
әңгімелер желісі, атақты адамдардың есімі мен еңбегі, бүгінгі таңдағы кәсіпкерлер,
шенеуніктер, зиялы қауым өкілдерін қолдау арқылы жас ұрпаққа патриотизм рухын оятуға
әсер-ықпал етеді. Елге қызмет етудің мәні мен жолы, оны бағалау мен құрмет көрсетудің
үздік үлгілері ортаға салынады.
Анығында, туған жер – кіндік қаның тамған, дүние дидарын алғаш көрген, өмір есігін
ашқан айшуақ әлем. Ел-жердің қасиеті мен құдіреті, туған топырақтың киелі мәні, ыстық табы
да осында. Ақын М. Шаханов айтқан құдіретті төрт ана (туған жер,туған тіл, жан байлығы мен
салт-дәстүрі,туған тарихы) сипаты осы. Ж. Нәжімеденовше айтсақ: «Менің Қазақстаным...Менің
топырағым»...Асылы, отан мен отбасына қызмет ету – ел-жерге адалдықты, сағыныш пен
сүйіспеншілікті танытады. Ауыл мен Астана арасындағы іргелі ізденіс, әрекет-қимыл, ерен
еңбек, өзара қатынасымыз, бәрі-баршасы ел-жерге құрметіміз, өмірге құштарлығымыз болып
табылады. Туған жердің табиғаты мен тағылымы да осында.
Осы бағытта жалпы ұлттық қасиеттерді қалыптастыруға негізделген: «Қазақстанның
қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының
қажеттілігі айтылады. Осының негізінде руханият ісін дұрыс жолға қойып, абаттандыру мен
өлкетану бағытын айқындап, тарихи ескеркіштер мен мәдени нысандарды жаңғыртып,
ұлттық патриотизмді арттырып, ел-жерге құрметіміз бен сенімімізді білдіруге болатыны
нақтылы көрсетіледі. Елдік мұрат-мүдде алға шығып, отаншылдық рух, ұлтқа қызмет ету,
оны бағалау мен құрмет көрсету жайы сөз болады.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында әлемге танылудың
алғышарттары айқындалады. Ел дамуының жасампаздық шежіресі, ұлттық мәдениеттің озық
үлгі-нұсқалары, тәуелсіздік жылнамасы кең көлемде көрініс табады. Ұлттық болмыс, салт-
дәстүрді берік сақтап, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, елдік тұтастықты сақтауға, дамуға
негіз екені жүйелі сөз болады. Бұл ақиқат, реализм әрі прагматизм мәнін танытады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасыда Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін,
белгілі адамдардың өмірі мен өнегесін, еңбегімен елге танымал замандастарымыздың жүріп
өткен жолын қоғамға таныту ісі кең көлемде қозғалады. Негізінен, ел бірлігі мен мұратына,
ұлт тәуелсіздігіне білімі мен еңбегін арнаған танымал тұлғаларды құрметтеу – бұл, жаңашыл
бастама әрі, ел дамуына рухани жаңғыру ісіне мол мүмкіндіктер береді. Бұл тұста, кеше мен
келешек хақында байыпты бағалау, саралаулар жасалады. Жаһандық даму үдерістері назарға
алынып, ұлттық бірегейлікті берік қолға алып, бар мен жоқты түгендеп, ел бірлігі мен рухты
асқақтату жайы қозғалады. Әр қазақтың жүрегіне отан мен отбасы құндылықтарын, ұлт пен
ұрпақ қамын, тарих пен таным арналарын, дәстүр-дін мәнін, діл мен тіл мүмкіндіктерін