Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет91/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   211

              180 

 

кеше  мен  бүгінге  байыпты  барлау-талдаулар  жасап,  келелі  келешекке  жіті  көз  салып,  уақыт 



бедеріне мән беру абзал. Ұлт пен ұрпақ қамы, отан мен отбасы сабақтастығы басым бағыттарға 

ие  болғаны  нұр.  Ұлт  мұраты  мен  ұрпақ  алдындағы  қарыз-парыз,  бастысы  адам  факторы  күн 

тәртібінен  түспегені  жөн.  Тарихи  жады  айқындалып,  рухани  жаңғыру  кең  өріс  алып,  сананың 

ашықтығына даңғыл жол ашылғаны абзал. Асылы, ақыл-парасатқа жүгінген, сөз бен іс бірлігін 

сақтап,  сана  мен  сапаны  тең  ұстап,  талап  пен  талғамды  таразы  ету  жеңіске  бастап,  нақты 

нәтижеге қол жеткізуге мол мүмкіндіктер береді. Кешеден бүгінге жеткен тәжірибе тәлімі, өмір 

тағылымдары  мен  уақыт  бедерінің  басым  мәні,  тағылымды  нәрі  де  осы.  Азаттық  мұраты, 

бейбітшілік мәні де осыған саяды. «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық тұғырнамасының маңызы да 

осы. Қазақстан дамуының басты бағыты – Бейбітшілік, Бірлік және Тұрақтылық екенін ескерсек, 

жаҺандық бейбітшілік пен қауіпсіздік баршамыз үшін де мәнді құбылыс. 

Осы тұста рухани жаңғыру мәні айқындалып, оның мәнді қыры, нәрлі сипаты, өзекті өрісі 

–  тәуелсіздік  кезеңіндегі  «Мәдени  мұра»  (2004),  «Халық  –  тарих  толқынында  »  (2013)  атты 

бағдарламалар  жүйесінен  кең  көлемде  көрініс  береді.  Әсіресе,  ондағы  мәдени-тарихи 

ескерткіштер  мен  мұрағаттық  материалдар  жиынтығынан  ұлтқа  қатысты  құжаттар,  арғы 

арналардан қазіргі кезеңге дейінгі жеткен ауызша, жазбаша дерек көздері, сирек қордан алынған 

көне жәдігерліктер топтамасы да молынан көрініс бергені айтылады. Осының негізінде Біртұтас 

ұлт болу, бұл бағыттағы бұқаралық сананың қалай өзгеретіндігі туралы ақиқат жайттар назарға 

алынып,  әлемдік  тәжірибе,  даму  үрдістеріне  ден  қойылып, маңызды  жайттар  мен  толғаныстар 

ортаға  салынады.  Мақалада  атап  өтілгеніндей:  «Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз  ісімізден 

озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын  жаңғырып  отыруы  тиіс.  Бұл  саяси  және  экономикалық 

жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Демек, Біртұтас Ұлт болу 

– бұқаралық сананы өзгертіп, рухани жаңғыруға батыл қадам жасауға мол мүмкіндіктер береді. 

Бүгін  мен  болашаққа  қатысты  көзқарастар,  бұқаралық  сананы  өзгертуге  байланысты  ұнамды 

сипаттар туралы ойлар мен толғаныстар да дәлелді дәлдік, нақтылы мәнімен жүйелі жеткізіледі. 

Маңыздысы,  әрине  болашаққа  батыл  бағдарлар  жасалады.  Бұқаралық  сананы  қалай  өзгерту 

туралы  батыл  болжам,  берік  ұстаным,  терең  толғамдар  ортаға  салынады.  Қазіргі  кезеңнің 

шынайы шындығы ашылады. 

Ұлттық  кодтың  мәні  –  ел  бірлігі,  дәстүр-дін  өнегесі,  мәдени-рухани  арна,  көркемдік 

кеңістігі,  үйлесімді  сабақтастық,  халықтар  достығы,  татулық  пен  тұтастық,  тамырлы  тарих, 

жасампаздық жолға келіп саяды. Яғни, ұлттық код мәні – ұлттық ұстаным саналатын: тарих, тіл, 

дін, діл, дәстүр тағылымы. Осыны сақтап, заманға сай жаңғыртып, дамыту. Бұл арғы арналардан 

бастау  алатын  халық  тағылымы,  көне  кезеңнен  тамыр  тартқан  салт-дәстүрлер  өнегесінен 

сабақтастық алатын оңды көріністердіің  бірі  ретінде әсер  етеді.  Ұлт пен ұрпақ қамы, отан мен 

отбасылық  құндылықтар,  ел  бірлігі  мен  тұтастығы,  руханият  мәселелері  бүгін  мен  болашақ 

тұрғысынан  сөз  етіледі.  Бастысы,  әрине  дүние  дидарындағы  тынымсыз  өзгерістер,  әлем 

дамуындағы  бұлыңғыр  бағыт,  бұралаң  жолдар  адам  әлеміне,  дүниетаным  арналарына,  сана-

сезімге  әсер  етері  анық.  Оның  үстіне  бұрыннан  бойымызға  сіңіп  қалған  таптаурын  қағидалар 

мен кереғар қисындардан да арылу қиынның қиыны болса керек. Мұның мәнісі: «...Өзгеру үшін 

өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын 

бойға  сіңіруіміз  керек»  екені  анық-қанық  айтылады.  Даңғаза  дүниеден,  жаңғырық  шеңберден 

шығу  кілті  –  ұлттық  кодты  сақтау.  Озық  дәстүрлерді  жүйелі  жаңғырту.  Ұлттық-рухани 

тамырдан нәр алу. Кеше мен келешекті үйлесімді де қонымды сабақтастықта дамыту. Тамырлы 

тарихтың асыл арқауын негізге алып, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді даму үрдістерімен жүйелі 

байланыстырып,  өрісті  өркендеудің  берік  діңгегі  ету  –  болашаққа  бағдардың,  рухани 

жаңғырудың басты тетігі, көпке ортақ белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жайттар бүгін мен 

болашақ төңірегінде кең өріс алады. 

Ел дамуының жасампаз жолы, асыл арқауы – қоғамның, оның әрбір мүшесінің санасын 

жаңғырту  болса,  бұл  мақсаттағы  басым  бағыттар  қатарына:  бәсекеге  қабілеттілік, 

прагматизм,  ұлттық  бірегейлікті  сақтау,  білімнің  салтанат  құруы,  Қазақстанның 

революциялық  емес,  эволюциялық  дамуы,  сананың  ашықтығы  жатады.  Атап  айтқанда, 




              181 

 

бәсекеге қабілеттілік әрбір адамның ұнамды да ұтымды қыры; әрі саналы еңбек ресурстарын 



инновациялық  факторларын  айқындайды.  Бұл  ретте,  сөз  жоқ,  «Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш 

тілде  білім  беру»,  «Мәдени  конфессиялық  келісім»  сияқты  бағдарламалардың  ұлт  дамуына, 

ашықтық  факторларын  ұстанып,  жасампаздық  жолға  қадам  басуына,  реализм  мен 

прагматизм  бағытын  ұстануға,  ұлттық  болмыс  пен  рухты  асқақтатуға,  сана-сезімді 

кемелдендіруге мол мүмкіндіктер береді. Бастысы, әрине ұлттық код пен мәдениетті сақтап, 

жаңғырту  негізінде  даму  үрдісіне  кең  өріс  ашу  мұрат  етіледі.  Мұның  мысалына  -  Абайдың 

даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың  жырлары,  Құрманғазының  күйлерінің 

ғасырлар  қойнауынан  жеткен  бабалар  үні  ретінде  сипат  алуы,  өткеннің  өнегесі  әрі  рухани 

мәдениеттің  жарқын  көрініс,  үлгісі  ретінде  еске  алынады.  Бұған  қоса,  әрине  бәсекеге 

қабілеттілік  танытып,  саясат,  экономика,  мәдениет  ісінде  дамыған  елдер  қатарынан  көріну 

мақсат етіледі. Анығында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік 

қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады». Бұл тұста ұлттың табиғи байлығы 

емес,  адамдардың  бәсекеге  қабілеттілігі,  қазіргі  кезеңдегі  уақыт  ұсынған  талап-талғамға, 

маңызды  қасиеттерге  ие  болуы  маңызды  фактор  ретінде  алға  қойылады.  Дамудың 

алғышарттары  –  компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сынды 

ұнамды  сипаттар  төңірегінде  кең  өріс  алады.  Қазіргі  кезеңдегі  мәні,  көрінісі  айқындалады. 

Бұдан  байқалатыны,  ұлт  мұратының  асыл  арқауы  –  руханият  өзегі  болса,  ол  ақыл-парасат, 

білім-ғылым,  тәлім-тәрбие  негізінде  жүзеге  асатыны  анық.  Өйткені:  «Ақыл  –  алланың 

сыйлығы,  мың  оқудың  басы»  (Ж.Баласағұн),  «Ақыл-ой  мен  білім  –  әр  адамның  сәулеті» 

(Ә.Науаи).  Міне,  бәсекеге  қабілеттілік,  прагматизм  мәні,  эволюциялық  даму,  сананың 

жаңғыруы осыдан көрініс береді. Бұл бағыттар жүйелі дамып, мақсатқа негізделсе, нәтижеге 

жетуге әбден болады.  

Ұлт  тарихы,  бабаларымыздың  өмір  сүру  салты,  атамұра  тағылымы,  ел-жердің  қадір-

қасиеті, отан мен отбасы құндылықтары, тәлім-тәрбие арналары – прагматизмнің жарқын да 

шынайы үлгілерінің қатарына жатады. Асылы, реализм мен прагматизмнің нақты көрінісі – 

кеше  мен  келешекті  табиғи  сабақтап,  арғы  арналардан,  бабалардан  жеткен  асыл  арнаны, 

мұра-мирастарды,  бойымыз  бен  қанымызға  сіңген  игілікті  ізгілікті,  жарқын  да  жасампаз 

қасиеттерді  қайта  түлетіп,  дамыту  кәделі  де  сауапты  істер  қатарына  жатады.  Бұл  бағыттар 

ұлттық  рухымызды  жаңғыртып,  асқақтата  түседі.  Ұлттық  болмысымыздың  асыл  өзегі  де, 

тарих пен таным, тәлім-тәрбие, салт-дәстүр, сана-сезімнің сырлы сипаты, көркем көкжиегі де 

осында екені анық. 

Білім  нұры,  ғылым  құндылықтары  хақында  айтылғанда,  «Болашақ»  бағдарламасы, 

алдыңғы қатарлы университеттер мен зияткерлік мектептер жүйесіне басымдық беріледі. Ел 

дамуы  мен  жетістікке  жетудің  жолы  –  білім  жүйесінде  екені  анық-қанық  айтылады.  Білім 

мәні,  ғылым  нәрі,  болашақ  бастауы,  жас  ұрпақтың  өмірлік  негізін  құрайды.  Бұл  бағыттағы 

білім  стандарттары,  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтар  сапасы  –  ел  дамуы  мен 

жаңғыруының кілті екені кең түрде көрсетіледі. Білім салтанаты, оның жалпыға ортақ белгі, 

сипаттары жан-жақты  ашылады.  Нәтижесінде:  «Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы 

білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің 

қатарында  білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде 

білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,- деген байлам жасалады. Ерен еңбек, 

іргелі ізденіс, өмірді өзгертуге қабілеттілік пен білімдар адамдар ғана жеңіске жетіп, толағай 

табыстарға  кенелетіні  әлемдік  тәжірибе,  елдік  мүдде  мен  дүниетаным  арналарына  қатысты 

алуан мысал, деректер негізінде мәнді баяндалады. 

Осы  реттен  келгенде,  өмір  ағыны,  даму  үрдісі  –  біліми-ғылыми  арналарға  басымдық 

беруде.  Оқу  мен  оқыту  ісі  –  ұлттық  мұраттың  асыл  өзегі  десек,  жаңашыл  бағыттар,  іргелі 

ізденістер,  инновация  мен  технологияның  қажеттілігі  айқын  аңғарылады.  Байыпты 

бағдарлама,  тәлімді  тәжірибелер,  ортақ  мұрат  жолындағы  жаңашылдық  пен  жауапкершілік 

те  қажет-ақ.  Бұған  академиялық  еркіндікті,  жаңартылған  бағдарламаны,  базалық 

оқулықтарды, жаңа әдістемелікті қоссақ, іргелі ізденіс, ізгілікті қадамдар кең өріс алады. Бұл 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау