Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет90/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   211

              178 

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» 



деп  аталатын  бөлімінде  –  еліміздің  тұтастығын,  оның  тыныштығын,  яғни  мемлекетімізге 

қауіп  төндіретін  қандай  да  болмасын  ішкі  және  сыртқы  күштерден  сақтау  міндетінің  өзі, 

жастарымызды  Отаншылдық,  елжандылық,  патриоттық  рухта  тәрбиелеуді  жүктейді,-  деген 

болатын.  

Қарастырылған мәселе бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: 

1.  Оқу-тәрбие  үдерісі  арқылы  жастардың  ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптастыруды 

аудиториядан  тыс  іс-шараларды  мақсатты  түрде  ұйымдастыру  үшін,  зерттеу  барысында 

негізделген  теориялық  қағидалармен  әдістемелік  ұсыныстарды  жоғары  оқу  орындарының 

дайындық  бөлімінің  бағдарламаларына  енгізу  қажет.  Бұл  патриоттық  тәрбиені  жүзеге 

асыруда педагог кадрлардың біліктілігін, құзыреттілігін арттырады. 

2.  Жастардың  бойында  патриоттық  қасиеттерді  қалыптастыру  үшін  оқу  үдерісін 

тәрбие  үдерісімен  тығыз  байланыстыру  қажет  және  оқу  пәндерінің  бағдарламалары  мен 

мазмұнына патриоттық мазмұндағы материалдарды жан-жақты терең кіріктіру әдістемелерін 

жетілдіру керек. 

3.  Патриотизмді  насихаттайтын  патриоттық  мазмұндағы  компьютерлік  ойындарды, 

электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  тақталар  арқылы  көрсететін  әртүрлі  көмекші 

дидактикалық материалдарды даярлау қажет. 

Ұсынылып  отырған  мәселе  өте  күрделі  болғандықтан,  оның  көптеген  салаларын 

қамтып  шығу  мүмкін  емес  және  ол  оқу-тәрбие  үдерісі  арқылы  жастардың    патриоттық 

қасиеттерін қалыптастыру мәселесін онан әрі жетілдіруді қажет етеді. 



 

Әдебиеттер 

1. Табылдиев Ә. Халық тағылымы, – Алматы:, Қазақ университеті, 1992 ж. 

2. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995 ж. 

3. HTTP://KHABAR.KZ/KZ/NEWS/KOGAM-KZ/ITEM/90809 

4. «https://egemen.kz/article/kitap 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



              179 

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР: ТАРИХ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, 



ФИЛОСОФИЯ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС, ЭКОЛОГИЯ, ВАЛЕОЛОГИЯ 

 

СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ: ИСТОРИЯ, СОЦИОЛОГИЯ, 

ФИЛОСОФИЯ, СОЦИАЛЬНАЯ РАБОТА, ЭКОЛОГИЯ, ВАЛЕОЛОГИЯ 

 

 



Р.С. Тұрысбек 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҺӘМ РУХАНИЯТ 

(РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАР МЕН ТОЛҒАНЫСТАР) 

 

Арғы  арналардың  қайсыбір  тұсына  назар  аударсақ,  ел  бірлігі,  азаттық  мұраттары, 

руханияттың асыл өзегі басым бағыт алғанын аңғарар едік. Ол, әсіресе ұлт құндылықтары мен 

руханият  төңірегіндегі  жауҺар  жәдігерлер,  дәстүр  өнегелері  мен  тарихи  тамырластық,  тәрбие 

негізіне келіп саяды. Ел-жер мәні, отан мен отбасы құндылықтары, тарих пен таным, дін мен тіл 

мұраттары да ұлттық кодтың ажырамастай бөлігі ретінде маңызды орын алады. 

Ұлт тарихының арғы-бергі кезеңдеріне назар аударсақ, елдік мүдде, дәстүр-дін мұраты, 

діл мен тіл сабақтастығы, отан мен отбасы байланысы, білім-ғылым жүйесі, таным арналары, 

татулық  пен  тұтастық,  достық  сырлары,  тәлім-тәрбие  иірімдері  көңілді  баурап,  жанды 

жадырата  түседі.  Ел  бірлігінің  беріктігі,  байтақ  жеріміз  бен  тамырлы  тарихымыздың  өзіндік 

өзгешеліктері  де  жан-жүрегімізді  тербеп,  көңілді  кернеп,  мадақ  сезімге  бөлейтіні  анық.  Туған 

жердің  –  тұғыр,  ел  бірлігі  –  мақтаныш,  отан  мен  отбасының  басты  құндылық,  дәстүр  мен  дін, 

тарих пен таным, тәлім-тәрбие – ұлт руханиятының алтын өзегі екені де бар қырынан жарқырай 

көрінетін тұсы да осы. Осы реттен келгенде, Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

атты  мақаласы  ел  бірлігі  мен  тарих  тағылымын,  ұлттық  рух  пен    руханият  арналарын,  дәстүр 

өнегелерін,  өмір  ағынын,  уақыт  бедерін,  даму  үрдістерін  негізге  алады.  Бүгін  мен  болашаққа 

барлау, талдаулар жасалады. Таяу жылдардағы міндеттер мәні, бағыты айқындалады [1]. 

Мақаланың «Кіріспе» бөлімінде Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны, оның басым 

бағыттары:  саяси  реформа  мен  экономикалық  дамуы  кең  өріс  алғаны  көтеріңкі  көңіл,  мадақ 

сезіммен  негізгі  назарға  алынады.  Ел  бірлігі,  адам  факторы,  еңбек  мәні,  өмір  ағыны,  даму 

үрдістері кең өріс алады. Осының негізінде әлемдегі дамыған – 30 елдің қатарына қосылу басты 

мақсат етіледі. Мұның мәнісі, негізгі өзегі, атап айтқанда: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз 

ісімізден  озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын  жаңғырып  отыруы  тиіс».  Демек,  өмір  мұраты  айқын, 

еңбегіміз мәнді болумен бірге, бастысы сананың ашықтығы, зейінді зерденің басым бағыт алуы 

қажет-ақ.  Бұл  тұста,  сөз  жоқ  өзіндік  ұстанымымыз  берік,  бәсекеге  қабілеттілік  жоғары, 

болашаққа  сеніммен  қадам  басу  –  жеңіске  жетудің  жолы,  нәтижеге  қол  жеткізудің  басты 

көрсеткіштерінің  бірі  екені  анық.  Дәуір  дидарына  жіті  қарап,  замана  сынына  төтеп  беріп, 

жаҺандық  үдерістерді  негізгі  назарға  алып,  осының  негізінде  озық  дәстүрлерді  алға  шығарып, 

ұлттық-рухани арналардан нәр алу – болашақ бағдары, рухани жаңғырудың алтын арқауы, асыл 

өзегі болары шындық. 

Ел  дамуы  мен  тарихындағы  жаңа  кезең  болып  табылатын  бұл  тұста,  сөз  жоқ  қоғамдық 

құбылыстарға  мән  беріп,  замана  шындығы  мен  уақыт  тынысын  терең  сезінген  жөн. 

Жасыратыны  жоқ,  дүние  диданында,  жер  жаҺан  мен  планета  тынысында  мазасыздық, 

тынышсыздық бары байқалады. Әлемдегі халықаралық терроризм жаҺандық зұлматқа, қаҺарлы 

сипатқа  ие  болуда.  Бұған  миллиондаған  босқындар  шоғырын,  террорлық  агрессия  салдарынан 

жазықсыз  адамдардың  қырылуын,  қалалардың  қирауын,  мәдени-тарихи  ескерткіштердің 

жойылуын  қоссақ,  сөз  жоқ  толеранттылыққа  бару,  келісім  мен  диалог  алаңын  құру  қажет-ақ. 

Осы  тұста,  әрине  Елбасының  «Әлем.  ХХІ  ғасыр»  манифесінің  маңызы  арта  түседі.  Терроризм 

мен  экстремизмге  қарсылық  –  адамзат  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.  Осы  орайда, 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау