Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет100/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   211

              198 

 

деп аталады. Қазақ тарихындағы әлі де болса айқындай түсуді қажет ететін мәселенің бірі – 



Моңғолия  қазақтарының  батыс  Моңғолия  территорияларына  қай  кезеңде  түпкілікті 

қоныстанғандығы болып табылады. 

Моңғолиялық  қазақтардың  тарихы  ХІХ  ғасырдың  соңы  –  ХХ  ғасырдың  басында  орыс 

ғалымдары Н. Аристов, В. Грумм-Гржимайло, Г.Н. Потанин, В.В. Сопажников, А.В. Бурдуков, 

Цевен  Жамцранолардың  арнайы  зерттеу  нысанына  айналды.  Олар  өз  еңбектерінде 

Моңғолиядағы  қазақтар  тарихын  ғана  емес,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  мәдениеті  мен 

шаруашылығына  қатысты  мол  мағлұматтар  қалдыруы  моңғол  қазақтары  туралы  зерттеудің 

қалыптасуына үлкен ықпал еткенін ерекше атап айтқан жөн.  

Г.Е.  Грумм-Гржимайло  «Западная  Монголия  и  Уриянхайский  край»  атты 

этносоциологиялық  еңбегінде  жалпы  Қытайдың  Шыңжаң  өлкесіндегі  қазақтың  керей, 

найман  бөлімдерінің  жалпы  саны,  рулық  құрамы,  орналасу  жайы,  тіршілік  салты  туралы 

біршама  толық  мағлұмат  бере  келе  олардың  бір  бөлімінің  Алтайдың  күн  бетіне  ауа  көшу 

себептері жайлы деректі тарихшы З.Қинаятұлы өз еңбектерінде көрсетті [2, 93 б.]. 

Г.Н.  Потанин  «Очерки  Северо-Западной  Монголии»  деп  аталатын  еңбегінде 

Моңғолияға  қоныс  аударған  қазақтар  жайлы  біршама  құнды  мағлұматтар  қалдырды.  Ол 

1876-77  жылғы  экспедицияны  басқарып  4000  м  биіктіктегі  Мұзтаудың  бір  мойнағын  асып 

келіп  [2,  32  б.]  мұндағы  қазақ  ауылдарының  өмірімен  танысып  Ховда  аймағында  үш  ай 

тұрған.  Г.Н.  Потанин  алғаш  Ховда  асқан  Алтайдың  бір  мойнағын  қазақтар  қазірде 

«Ботамойын»  (Потанин)  деп  атайды.  Бұл  деректер  қазақтардың  1864-1870  жылдары  Алтай 

беткейлеріне  қазақтардың  қоныс  тепкендігін  анықтайды.  Г.Н.  Потанин  еңбегінде  маңызды 

мәлімет  келтіреді.  1876  жылы  «Олар  (керейлер)  біздің  Қобдаға  келуімізден  6-7  жыл  бұрын 

Алтай  жотасының  күңгей  бетінде  еді,  бұрын  біз  сонда  кездестірген  Көбеш  ауылы  қазір 

осында (Қобда бетіне) көшіп келген екен» [1, 97 б.] деген дерегі мен 1924 жылы шақырылған 

Моңғолияның мемлекеттік бірінші Ұлы Құрылтайына қатысқан Дәуітбай Тауданбекұлының 

сөйлеген  сөзі:  «Біздің  қазақтар  мұңғұл  жеріне  аяқ  басқалы  міне,  60  жыл.  Ал  мұңғұлдың 

қарамағына  енгелі  14  жыл  болды»  [2,95  б.].  Демек  қазақтар  бұл  өлкеге  1864-1870  жылдары 

жаппай  қоныстанған.  Бұдан  өзге  Мәсәли  Салданбайұлы,  Мыса  Рахымбайұлы  және  т.б. 

шежіреші қарттардан ауызша, жазбаша жеткен деректер де осы межеге саяды. Өзіне қарасты 

елді  бастап  алғаш  Жылқышы  Ақтайұлы  бастаған  шеруші,  Көбеш  Айтбайұлы  бастаған 

жәнтекей  рулары  қоныс  аударған  еді  және  біз  мақаламыздың  басында  атап  өткен  бірінші 

дереккөз  бойынша  бұл  меже  әлдеқайда  ерте  кезеңдерге  жетелейтінін  көреміз  және  осы 

тұрғыда  қазақтардың  Моңғолияға  қоныс  аударуын  еріксіз  (зорлықпен)  қоныс  аудару,  жеке 

мақсатпен  қоныс  аудару,  саналы  түрде  жаппай  қоныс  аудару  деп  үш  түрлі  аспектіде 

қарастырған. 

Сонымен  қатар,  Цэвэн  Жамсрано,  Д.Гонгор  т.б.  моңғол  ғалымдарының  еңбектері  мен 

Моңғолия мұрағаттарындағы қазақтарға қатысты ХІХ ғасырдан бергі түрлі құжаттар сақталған. 

1206  жылы  Шыңғыс  хан  құрған  Моңғол  империясы  бірте-бірте  ыдырап,  шүршіттік 

Шың  империясы  Ішкі  Моңғолияны  1636  жылы,  Сыртқы  Моңғолияны  (қазіргі  Моңғолия) 

1692  жылы  иеленсе,  Батыс  Моңғолиядағы  Жоңғар  (моңғолша  –  зүүнгар  –  сол  қанат) 

хандығын  1758  жылы  толық  күйретіп  бодандыққа  ұшыратты.  1911  жылы  ғана  тәуелсіз 

Моңғолия  мемлекеті  қайта  жарияланды.  Ал  Қобда  (Моңғолия)  асып  келген  қазақтардың 

саны, рулық құрамы, тіршілік салты жайлы алғаш жүйелі мағлұмат берген адам ол Моңғолия 

ғалымы  Цевен-Жамсрано.  Ол  өзінің  «Дархад.  Хөвсгөл  нуурын  урианхай...  хасаг,  хамниган 

нарын гарал, үндэс байдлын үгүүлэл» атты еңбегінде «600 мың Абақ керейден бөлініп 1860 

жылдары  Алтай  жотасының  бергі  бетіне  (Қобда)  келген  қазақтардың  саны  тым  көп  емес, 

былтырғы  жылы  (1923)  Қобдада  болып  қайтқан  экспедицияның  жасаған  есебі  бойынша 

Моңғолия қарамағында қазақтың 1870 отбасы бар деп көрсетілген. Егер бір отбасында төрт 

адам  бар  деп  көрсек  олардың  жалпы  саны  7480,  егер  бес  адамнан  деп  есептесек  11220  жан 

болатындығын жазып көрсетеді.  



              199 

 

Асылбек  Байтанұлы  өз  зерттеулерінде  деректерді  саралай  келе  қазақтардың 



Моңғолияға  қоныс  аударуын  еріксіз  (зорлықпен)  қоныс  аудару,  жеке  мақсатпен  қоныс 

аудару, саналы түрде жаппай қоныс аудару деп үш түрлі аспектіде қарастырған [3,45 б.]. 

Бірінші  топқа  –  1830  жылы  дөрбеттің  Сайн  ноянының  шапқыншылығына  ұшырап 

Алтайдың  күңгей  бетінен  қазіргі  Увс  аймағының  Тариалан  сұмыны  жеріне,  хотондар  арасына 

әкелінген  қазақтар  жатады.  Еріксіз  қоныс  аударушылар  қатарына  1916-1963  жылдар  арасында 

Қазақстан,  Ресей,  Қытайдағы  түрлі  зұлматтар  мен  саяси  науқандардан  бас  сауғалап  келген 

қазақтарды да жатқызуға болады. Бұлардың сан-мөлшері тым көп емес. 

Екінші  топқа  –  1864  жылдан  көп  бұрын-ақ  Қобда  бетіне  тұрмыс  тауқыметімен  жеке 

басы, бірлі-екілі отбасымен қоныс аударып, өлет, торғауыт байларына жалданып егін салып, 

мал бағып күн көрген қазақтар жатады. Ежелден Қобда қаласы маңына келіп орналасып бау-

бақша  өсірумен,  сауда-саттықпен  шұғылданған  қазақтанған  сарттарды  (жергілікті  халық 

тілінде – чантуу) да осы топқа жатқызуымызға болады. 

Үшінші  топқа  –  ұраңқай-қазақ  рубасылары  арасындағы  келісім  арқылы  тұтастай 

ауыл-аймақ,  руымен  келіп  қоныстанған  қазақтар.  Бұл  көшті  бастаушылар  арасында 

Әбілмәмбет ханның немересі Қожамжар төре Сәменұлының есімі ерекше аталады. 

1840 жылдардың өзінде Алтайдың Қобда бетіне қазақтар қыстай бастаған. Бұған дейін 

де  көп  жылдар  бойы  күңгей  беттің  қазақтары  Қобда  бетте  мал  отарлатып,  жайлап  жүрсе 

керек.  «Сақсай  сұмынының  Дайын  өлкесінде  Бошекең  (Бозтай)  сайы,  Ағай  (Ақтай)  сайы, 

Кәріатаң жайлауы (Ырысбай)… бар» [4,17 б.]. Мұндағы Ақтай, Бозтай, Ырысбайлар шеруші 

руының  батыры  Көбегеннің  балалары,  тарихи  тұлғалар.  «Би,  батыр,  балуан  Ақтай 

Көбегенұлы  1793  жылы  Алтайдың  Көксу  деген  жерінде  туған.  1856-жылы  Буыршын 

ауданының  Шұңқыр  деген  жерінде  63  жасында  қайтыс  болған»  [5,  262  б.].  Сонымен  қатар 

Ақтай  Көбегенұлы  мен  жәнтекей  байы  Шәку  Есілбайұлының  Ойғыр  басына  дейін  (Ресей-

Моңғолия шекарасы) жер жағдайын шалғаны аңыз болып айтылады. 

Ал  1867  жылы  қоян  жылы  Қобдадағы  жергілікті  әкімшілікпен  келісім  жасауға 

Жылқышы, Көбеш, Қожамжарлардың баруын – біржолата қоныстану үшін жасалған шешуші 

қадам деп бағалайды. 

Барлық  жоғарыдағы  деректер  мен  ғылыми  зерттеулерді  қорытындылай  келе  1864-

1870  жылдар  аралығында  қазақтардың  Моңғолия  жеріне  жаппай  қоныстану  жүргендігін 

айтуға  болады.  2014  жылы  қазақтардың  Қобда  бетіне  жаппай  қоныс  аударғанына  1  жырым 

ғасыр болды. Ал Қобдадағы ресми билікке жоғарыдағы үш тұлғаның баруынан есептегенде, 

Қылаң  Қанжығалыұлы  бастаған  ел  ағаларының  Да-күреге  (қазіргі  Ұланбатыр)  барып 

өздеріне қарасты жерді Боғда ханға ресми түрде бекіттіріп Моңғолия азаматтығына өткеніне 

биыл 105 жыл толып отыр. Бұл – бұдан ары қарай қалай айтса да қазақтардың осы өлкенің 

автохтонды тұрғыны ретінде мойындалатынын білдіреді.  

 

Әдебиеттер 

1.  Қинаятұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. – А.,: «Мерей», 1995. – 298 б. 

2.  Қабышұлы И. Монголия қазақтарының тарихы. – Өлгий: «Баспа өндірісі», 1980. -242 б. 

3.  Шәңгішбайұлы  Ж.  ХХ  ғасырдағы  Моңғолия  қазақтары.  –  Улаанбатар.  «Сорхон 

Цагаан», 2008. – 320 б. 

4.  Бақат руының шежіресі (жинақ). – Үрімжі: «Ұлттар баспасы», 2014. – 403 бет 

5.  Кинаятұлы  З.  Моңғолиядағы  қазақтар.  –  Алматы:  Дүние  жүзілік  қазақтар 

қауымдастығы, 2007 – 256 б . 

6.  Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. – Астана: 2004 

7.  Асқанбайұлы С. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтарының тарихы. – Өлгий: 1991 

8.  Қабышұлы И. Керейлер керуені. – Өлгий, 1978  

9.  Қабышұлы И. Тұран әлемі. /Түркі, моңғол халықтарының тарихы. – Алматы: Санат, 

2007 – 320 б. 

 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау