ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Международная научно-практическая конференция
СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГУМАНИТАРНЫХ
И СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРДЫҢ
ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
2017 жылғы 13 желтоқсан
СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГУМАНИТАРНЫХ И
СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
Материалы международной научно-практической конференции
13 декабря 2017 года
АСТАНА 2017
2
УДК 378
ББК 74.58
Г91
Редакция алқасы:А.Қ. Құсайынов, А.Ж. Исмаилов, Қ.Ә. Ахметов,С.С. Оспанов,
Редакционная коллегия:Я.Н. Оспанова, Қ.А. Мамадiл,Б.С. Сәрсекеев, Н.М. Қоқышева,
Қ.Ә. Әбiшев,Г.Д. Тажбенова, Л.В. Волкова, А.Т. Аязбаева, Г.К.
Темиргалиева, А.С. Сыздыкова
Г91 Гуманитарлықжәне әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері:Халықаралық
ғылыми-практикалық
конференция
материалдары
/
жалпы
редакциясын
басқарғанА.Қ. Құсайынов. – Астана: Еуразия гуманитарлық институты, 2017. – 424б.
// Современные проблемы гуманитарных и социальных наук: Материалы
международной научно-практической конференции/ под ред.А.К. Кусаинова. –
Астана: Евразийский гуманитарный институт, 2017. – 424с.
ISBN 978-601-7932-37-4
Бұл басылымда «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты
халықаралық
ғылыми-практикалық
конференцияға
қатысушылардың
баяндамалары
жарияланды. Оларда педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар:
тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология, қазақ және орыс
филологиясы,
шетел
филологиясы
және
аударма
ісі,
экономика,
қаржы
және
құқықтанусаласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері баяндалды.
В настоящем издании опубликованы доклады участников международной научно-
практической конференции «Современные проблемы гуманитарных и социальных
наук»,вкоторых нашли отражение результаты научных исследований и достижения
практической деятельности в сферах педагогики и психологии, социально-гуманитарных
наук: истории, социологии, философии, социальной работы, экологии, валеологии, казахской
и русской филологии, иностранной филологии и переводческого дела, экономики, финансов
и права.
ISBN978-601-7932-37-4УДК 378
ББК 74.58
Еуразиягуманитарлық институты, 2017
Евразийский гуманитарный институт, 2017
"ҰМҒТСО"АҚ Астана қ-ғы филиалы, 2017
Филиал АО «НЦГНТЭ» в г. Астана, 2017
3
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ
А.Қ. Құсайынов
тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик,
Еуразия гуманитарлық институтының ректоры
Астана қ. (Қазақстан)
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
Құрметті конференцияға қатысушылар, қонақтар мен әріптестер!
Біз Сіздерді Еуразия гуманитарлық институтында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп
келе жатқан «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда тағы да риясыз көңілімізбен қарсы алып
отырғанымызға бек қуаныштымыз.
Құрметті зиялы қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
биылғы Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» деп аталуы кездейсоқ емес. Бұл расында да, күллі әлем үлкен үмітпен
қарайтын жаңа дәуір қарсаңында дер кезінде айтылған сөз. Тәуелсіз Қазақстан дүниеге
меймандос, бейбітшіліктің жаршысы, өркениетке құштар әрі жаңғыруға бейім мемлекет
болып танылды. Дегенмен даму бір орнында тұрмасы хақ. Білім мен ғылым жаңаланбай, ел
қажетіне толық жарамай, жаңғырудың болмасы да ақиқат. Осы тұрғыдан алып қарағанда,
Сіздердің бүгінгі ғылыми-практикалық шара аясында еліміздің дамуына аса қажетті, толғағы
жеткен келелі мәселелер жөніндегі зерделі толғамдарыңызды ортаға салып, ой бөлісіп, тың
әрі тиімді тәжірибелеріңізбен алмасатындарыңызға кәміл сенеміз.
Үстіміздегі жыл да, әдеттегідей, аса маңызды тарихи оқиғаларға толы болды: Қазақ
елінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыптамасы
шеңберінде кең масштабта, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Оған қатысушы
мемлекеттер өздерінің ең озық ғылыми жетістіктері мен технологияларын әлем назарына
ұсынып, ғылыми ақыл-ойдың жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік беріп, тың ғылыми
ізденістерге жол ашты. Бұл айтулы шараға ЕАГИ оқытушылары мен студенттері де белсенді
қатысты.
Елбасының Жарлығымен қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі
бекітілді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
(2017 ж. 12 сәуір) айтылғандай, «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми
және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты».
Аталған мақалада қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы мен жаңғыруының аса
өзекті
қырлары
анық
көрсетіліп,
келешекке
деген
айқын
бағдары
ұсынылды.
Президентіміздің «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең
басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына
көміліп қала береді» деген сөзінің мәні тым терең.
Биыл елімізде «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына – жалпы
Алаш қозғалысына 100 жыл толуы кеңінен аталып өтілуде. Қазақ зиялыларының
қалыптасуына мұрындық болып, мемлекетшілдік сананы көкірегі ояу азаматтардың
санасына сіңіріп кеткен Алаш қайраткерлерінің қалдырған асыл мұрасы, сөз жоқ,
гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар тарапынан да жан-жақты зерделеніп, егемен
еліміздің елдік, ұлттық сана-сезімін нығайта түсуге серпін берді. Сондықтан Алаш жайы –
толассыз зерттелуге тиіс тақырып, ол бүгінгі конференция назарынан да тыс қалмайды.