Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет2/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211

              4 

 

Құрметті  ғалымдар  мен  ұстаздар!  Осы  жылдың  қазан  айында  Елбасының 



өкімімен  «Ел  жүрегі  –  Астана»  –  Астана  қаласының  20  жылдығын  мерекелеу 

тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекеттік маңыз беріліп отырған бұл шара жоспарлы түрде бір 

жыл  бойы  өткізілмек.  Демек,  бүгінгі  конференциямыз  осындай  игі  істің  бастамасымен  де 

тұспа-тұс  келіп  отыр.  Олай  дейтініміз,  елордамыз  Астана  қаласы  біліми-ғылыми 

инновациялық  бастамалардың  орталығына,  озық  технологиялардың  таратушысына  да 

айналды.  Мектептеріміз  жас  ұрпаққа  мазмұны  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  негізінде 

әзірленген  жаңа  буын  оқулықтармен  білім  бере  бастады.  Гуманитарлық,  педагогикалық 

бағытта  мамандар  даярлап  жатқан  жоғары  оқу  орындары  да  мектептермен  өзара 

ынтымақтастықты,  байланысты  күшейтіп  келеді.  Біздің  ЕАГИ-де  осы  мәселеге  жіті  назар 

аудара  отырып,  бірнеше  орта  білім  беру  мекемелерінде,  қаржылық  мекемелерде 

кафедралардың  бөлімшелерін  ашты.  Астанадағы  инновациялық  бағытта  жұмыс  істейтін 

Назарбаев  зияткерлік  мектебімен,  Білім-инновациялық  лицейімен  келісімшарттарға 

отырдық. Шетелдік ЖОО-лармен өзара ықпалдастық, ынтымақтастық шеңберінде әріптестік 

қатынастар орнаттық. Болон процесінің талаптарын іс жүзіне асыру мақсатында студенттер 

мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қалыптастырдық. Бүгінде ЕАГИ студенттері 

Ресей,  Түркия,  Беларус,  Эстония  мемлекеттерінің  университеттерінде  академиялық 

ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жатыр. Аталған елдердің, сондай-ақ  Қазақстан 

ЖОО-ларының 

ғалым-ұстаздары 

ЕАГИ-ге 


келіп, 

студенттерімізге 

білім 

беруде. 


Оқытушыларымыздың 

ғылыми 


әлеуеті 

артты: 


рейтингті 

журналдардағы 

сапалы 

жарияланымдары  көбейді;  М.  Қасен,  В.С.  Евсеев  сынды  оқытушылардың  ғылыми 



монографиялары Англияда, Германияда жарыққа шықты. Көптеген студенттеріміз Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған студенттердің ғылыми жұмыстары 

конкурстарының 

жеңімпаздары 

болды, 

Қазақстан 



Республикасы 

Президенті 

стипендиясының,  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Қорының 

студенттік 

стипендиясының 

иегерлері 

атанды. 

Анығын 


айтсақ,  мұндай 

игілікті 

нәтижелеріміздің  бәрі  заманауи  білім  мен  ғылымның  әлемдік  инновациялық  кеңістігіне 

интеграциялануы,  сөйте  тұра,  өз  ұлттық  келбетімізді  сақтап  қалудың  айқын  көрінісі  немесе 

дәлелі болып табылады. 

Құрметті  әріптестер!  Институтымыздың  қабырғасында  ұйымдастырылып  отырған 

осынау  конференцияға  алтын  уақыттарыңызды  қиып,  өз  ойларыңызды  ортаға  салуға 

келгендеріңіз  үшін  Сіздерге  зор  алғыс  айта  отырып,  ғылыми  ізденістеріңіз  бен 

қызметтеріңізге  толайым  табыстар  мен  үлкен  жетістіктер  тілеймін!  Конференция  жұмысы 

жемісті болсын! 

 

 



Қ.Ә. Ахметов 

тарих ғылымдарының докторы, профессор, 

Еуразия гуманитарлық институтының оқу және 

ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, ең алдымен, ХХІ ғасырда 

қоғам  өмірінде  ұлттық  руханиятты  айқындайтын  және  елдік  сананы  өзгерту  жолдарының 

жалпы  бағыттарын  белгілейтін  бағдарламалық  мақала.  Оның  мақсаты  күшті  әрі  жауапты 

адамдардың  Біртұтас  ұлтын  құру  болып  табылады.  Мақала  кіріспеден,  «ХХ  ғасырдағы 

ұлттық  сана  туралы»,  «Таяу  жылдардағы  міндеттер»  атты  екі  негізгі  тараудан  және 

қорытындыдан  тұрады.  Мақалада  ел  Президенті  тарапынан  қазіргі  кезеңде  мемлекетімізде 



              5 

 

адамзат  қоғамы  жинақтаған  аса  зор  өркениет  тәжірибесіне  зерделі  талдау  жасалып,  осы 



бағытта қыруар жұмыс жүргізілгенін байқауға болады.  

Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы 

жаңғыру  бойынша  қолданылған  жаңаша  ұғым.  «Сананы  жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей 

отырып,  Президент  жаңғырудың  6  бағытын  белгілейді:  1.  Бәсекеге  қабілеттілік;  2. 

Прагматизм;  3.  Ұлттық  бірегейлікті  сақтау;  4.  Білімнің  салтанат  құруы;  5.  Қазақстанның 

революциялық  емес,  эволюциялық  дамуы;  6.  Сананың  ашықтығы.  Бұл  бағыттардың  бәрі 

барынша  өзекті  және  уақыттың  талаптарына  нақты  жауап  береді.  Көрсетілген  осы  басты 

бағыт-бағдарлар  елімізде  жүз  жылдығы  аталып  өтіп  жатқан  Алаш  қозғалысының,  оның 

көсемдері  –  ұлт  зиялыларының  негізгі  ұстанымдарымен  үндес  жатыр.  Алаш  партиясының 

бағдарламасында  қазақ  елінің  болашағы  тек  бейбіт  даму  жолы мен оқу-білімнің  арқасында, 

басқа елдермен бәсекеге қабілетті болатындығы негізгі арқау болды. 

Алаш зиялылары 1917 жылғы Ақпан революциясын зор үмітпен қабылдаған болатын. 

Олар  Ресей  қоғамында  басталған  демократиялық  өзгерістерге  оң  баға  бере  отырып,  енді 

қазақ  қоғамын  да  эволюциялық  жолмен  даму  үдерісіне  түсіруге  бастағаны  белгілі. 

Ә.Бөкейхан  бастаған  ұлт  зиялылары  Алаш  партиясын,  Алашорда  өкіметін  құрып,  қазақ 

қоғамын өз жолымен, дербес бағытқа түсуіне әрекет жасаған еді. 

Ал,  1917  жылы  болған  Қазан  төңкерісі  Ресейді  эволюция  жолымен  жүру 

мүмкіндігінен  айырды.  Ресейдің  интеллигенциясы  Қазан  төңкерісіне,  орнаған  Кеңес 

өкіметіне сенімсіздікпен қарады. 

Қазақ  қоғамында  да  зиялы  қауым  кеңестер  саясатына  теріс  пиғылда  болды.  Оны 

«Алаш»  қозғалысының  мүшелерінің  бірі  –  Хайретдин  Болғанбайұлының  халыққа  арнаған 

мына сөздерінен анық байқауға болады: «сен кеше» Бостандық болды, теңдік күні туды» деп 

қашанғы  жоғалтқан  еркіндігіңе  талпындың  ғой»...  Жоқ,  босқа  алданғансың!  Шеттен  келген 

бумен үлкен теңдік тірілмейді. Сен ол теңдікті шын өксіп, анық сағынған болсаң, өзгеріс буы 

өзіңнен шықсын. Сырттан – Ресейден, Еуропадан келген өзгеріс буы саған әл болмайды» [1]. 

Осы  ойлардың  өзі-ақ  жолайрығында  тұрған  зиялы  кауымның  ішкі  сырынан  хабар  бермей 

ме?!  Елдің  дамуында  басқа  үрдістер  басым  болып,  большевиктер  партиясының  орнатқан 

өкіметі  билікте  болатындығына  көздері  жеткен  алаш  зиялылары  кеңестер  өкіметіне  қызмет 

етуден енді  бас тартпады. Америка тарихшы-саясаттанушысы М.Б. Олкоттың жазғанындай, 

олардың басым көпшілігі «ұлтының келешегі үшін, бастаған күресін жаңа жағдайда жаңаша 

жалғастыру  үшін  кеңестік  билікке  лажсыздан  мойын  ұсынды»  [2].  Ұлт  зиялыларының 

алдымен  ден  қойып,  қызмет  еткен  саласы  –  оқу-ағарту  ісі  болды.  Олар  бұл  бағытта  жаңа 

оқулықтар,  оқу  құралдарын  дайындауды,  саяси  және  көркем  әдебиеттерді  басып  шығару 

істерін  қолға  алды.  Мәселен,  Қазақстанның  мемлекеттік  баспасы  жанынан  Қазақстан 

Орталык Атқару Комитетінің шешімімен, 1920 жылы желтоқсанда құрылған оқулықтар мен 

саяси  және  көркем  әдебиеттер  шығару  редакциялық  алқасына  Ахмет  Байтұрсынов,  Әлихан 

Бөкейханов,  Хайретдин  Болғанбаев,  Жүсіпбек  Аймауытов  сияқты  Алаш  қайраткерлері  мен 

Смағұл  Сәдуақасов  кірген  [3].  Оқу-ағарту  және  ғылыми  жұмыстардың  ұйымдастырушысы 

болған  алғашқы  ғылыми  мекеме  -  1921  жылы  халық  Ағарту  комиссариатының  жанынан 

құрылған  Академиялық  Орталық  болды.  Қазақ  АССР-інде  құрылған  мұндай  орталықтың 

жетекшісі  Ахмет  Байтұрсынов  болса,  Түркістан  АССР-інің  Академиялық  орталығын  Халел 

Досмұхамедов басқарды. 

Осы орталықтың тапсыруымен қазақ зиялылары мектептер және басқа оқу орындары 

үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазып шықты. Мәселен, А.Байтұрсыновтың өзі бірнеше 

рет  басылып  шыққан  «Тіл  құралының»  авторы  болды,  М.Жұмабаев  «Педагогика», 

Ж.Аймауытов  «Психология»,  Қ.Сәтбаев  «Алгебра»,  Х.Досмұхамедов  «Табиғаттану», 

«Зоология», М.Дулатов «Арифметика» т.б. оқулықтарын жазған [4]. 

Партия мәдени революцияның міндеттерін шешу үшін ұлт зиялыларын пайдалануды 

теріске  шығарған  жоқ.  Басқа  жол  да  жоқ  еді.  Жұмысшы,  шаруадан  шыққан  жаңа 

интеллигенция әлі қалыптаспаған болатын. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау