92
Н.Б. Қошанов
Арқалық қ. (Қазақстан)
БАЛАЛАРДЫҢ ФУТБОЛМЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Белгілі бір іс-әрекеттің жетекші қоздырғышын анықтау мәселесін философия,
әлеуметтану, психология және педагогика ғылымдары жан-жақты зерттеуде. «Қызығушылық»
түсінігінің дамуын зерттеу бойынша жетістіктер көп, дегенмен, оның ортақ тумысы туралы ортақ
пікір жоқ.
Қоғамдағы өмір, тұрмыс-тіршілік қызығушылықтың қайнар көзі болып табылады және ол
іс-әрекет кезінде толыға түседі. Жекелеген адамдардың қызығушылықтары қоғамның
қызығушылықтарына тікелей байланысты болып жатады. Себебі қоғам өміріне араласпай,
қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түспей қызығушылықтың дамуы мүмкін емес.
Қызығушылық мәселесіне, оның табиғатын түсінуге деген арнайы ой-пікірлер мен
таластар толып жатыр және солардың ішіндегі педагогика сұрақтарына қатысы бар бірнешеуіне
тоқталып өтсек.
Әлеуметтанушылардың зерттеу жұмыстарында үш көзқарас бар. Олардың біреулері
қызығушылықты таза (шынайы) күйінде қарастырса, басқалары құндылықтар мәселесінің
әлеуметтік-психологиялық көрінісі ретінде қабылдайды. Ал үшінші нұсқасы тұрғысынан алып
қарағанда, қызығушылық – бұл шынайы мазмұн мен субъективтік форманың, іс жүзіндегі
белсенді іс-әрекеттің ынталандырғышы ретінде қарастырылады.
Мәселен, Г.Е. Глезерман қызығушылық шынайы түрінде бар деп санайды және қоғамдағы
адамдардың
жағдайын,
қоғамдық
өндіріс
жүйесіндегі,
сондай-ақ
сол
жағдаймен
шарттастырылған қажеттіліктермен айқындалады. Осындай ұстаным қызығушылықтың шынайы
табиғатын түсінуді дамытып, аталған әлеуметтік категорияның құрылуын ілгерілетті [1, 15-26].
Ал Г.И. Щукина пікірі бойынша, қызығушылықты объективтілік пен субъективтіліктің
үйлесімді бірлігі ретінде қарастыру керек. Яғни, объективтілікті мазмұны бойынша (субъектінің
қалпына тәуелді), ал субъективтілікті формасы бойынша (арман, ұмтылыс, іс-әрекетке
итермелеуші күш түрінде санада айқындалатын) қарастырған дұрыс [2, 10].
Педагогикалық
әдебиеттерде
жеке
тұлғаның
мінез-құлқын
қалыптастырудағы
қызығушылықтың маңызды рөл ойнайтындығы туралы айтылған. Ресей ғалымы Г.И. Щукина
былай деп жазады: «Адамның қызығушылықтары – бұл адамның бойына кездейсоқ бітетін
құбылыс емес және ол туа бітетін қасиет емес. Қызығушылықтар – жеке тұлғаны
қалыптастырудың нәтижесі. Ол адамның дамуымен жалғасады және оған оң әсер етеді. Ол
қоршаған әлеуметтік ортамен, тұлғаның және оны қоршаған адамдардың іс-әрекеттерімен, оқыту
және тәрбиелеу процесімен шарттастырылған». Сонымен қатар автор төменгі сынып жасындағы
оқушылардың басынан өткізген эмоциялық процестері нәтижесінде қоршаған ортаны бағамдай
білетіндерін атап өтеді. Г.И. Щукина төменгі сынып балаларын оқыту жеке тұлғаны жалпы
қалыптастыруға бағытталмағандығын, себебі балалардың сенсорлық дамулары, қимыл-қозғалыс,
эмоциялық-жігер процестерінің назардан тыс қалып жататындығын мысалға келтіреді [2, 18].
Қызығушылықтың түпкі санатына қатысты бұл көзқараспен келісе отырып, Н.М. Кандрашова
іске асыру кезінде қызығушылық мазмұны мен түрі жағынан объективті және субъективті деп
санайды [3, 114-115].
Психология ғылымы қызығушылықты психиканың құрам-бөлігі ретінде сипаттап,
назардың бағыттылығы, іс-әрекетке деген ұмтылыс деп санайды және қоғамдағы күнделікті
тұрмыс-тіршіліктің шынайы көрінісі деген анықтама береді.
Психология адамның рухани және іс жүзіндегі әрекеттеріндегі қызығушылықтың
маңыздылығын әуел бастан атап өтуде және солардың ішінде бірнешеуіне тоқталып өтсек. Б.М.
Теплов қызығушылық адамды психологиялық жағынан сипаттайды, онда адамның өзіндік
тұлғасы айқындалады деп санайды [4, 164-166]. Ал А.В. Кирьякова қызығушылықтың басты
93
қасиеті, оның белгілі бір нысанға бағыттылығы дейді [5, 309]. Қызығушылық мәселесі соңғы
жылдары да жан-жақты зерттелуде. Оған қызығушылықтың сипаты мен мәні, іс-әрекетке
итермелеуші ерекшелігі, педагогикалық шарттары, оқушылардың дербес-психологиялық
ерекшеліктері мен байланысты сұрақтардың қарастырылуы ықпал етті. Бір еңбектер
қызығушылықтың психологиялық негізін зерттесе, басқалары қызығушылықты итермелеуші күш
немесе жеке тұлғаның қарым-қатынасы, көзқарасы ретінде қарастырды. Ғылыми еңбектердің
көпшілігі танымдық қызығушылықты оқыту мен тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырған.
Мектеп оқушыларының денелік даму деңгейлерін жоғарылату арқылы футбол ойынына
деген қызығушылықтарын арттыру мәселесін теориялық және практикалық тұрғыдан шешу
футбол теориясының басты талабы. Ол үшін дене жаттығуларымен шұғылданудың тиімді
әдістерін құрып, ықпал ететін ішкі және сыртқы шарттарды ескеру қажет. Себебі ол факторлар
қызығушылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
Әр баланы футбол ойнауға тарту және ойынға деген қызығушылығын арттыру маңызды
міндет болып табылады, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорт саласының табысты қызмет
етуінің жаңа бір деңгейі болуына ықпал етеді.
Баланың футбол ойынына қызығушылығын қалыптастыру мәселесі қазіргі уақыта үлкен
маңызға ие. Себебі қызығушылық баланың оқу-жаттығу процесіне деген белсенділігін
арттыратын бірден-бір құрал. Нәтижесінде оның ойын техникасы мен тактикасын игеруге деген
ынта қалыптасып, тіпті қажырлы да қайратты тұлға қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар зерттеу жұмыстарында адамның қызығушылығының қажеттілік, ынта және
эмоциялық-жігер сапаларымен байланысы бар екені анықталған. Міне, сондықтан да дене
тәрбиесі және спорт саласында қызығушылықты қалыптастыру маңызды сұрақтардың бірі болып
қала бермек.
Сонымен, қызығушылық – бұл әрекет кезінде іске асатын күрделі процестердің бейнесі.
Яғни, футбол ойынын қызықты ету үшін оны мақсатты ету керек немесе белгілі бір мотив
туындату керек және ол оқушының алға қойған мақсатына сәйкес келуі керек.
Баланың футбол ойынына деген ынтасына әсер етудің бір жолы – баланың қабылдауы
керек мақсаттарын қалыптастыру, ынтамен түйсіну, идеалдарды ашып көрсету жұмыстарын
жүргізу. Ол тиімді іс-әрекетті қажет етеді және түйсінудің жоғары деңгейін қажет етеді. Тағы бір
жол – қызығушылықты баланың белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қалыптастыру.
Әрине, футбол ойынына деген қызығушылықты қалыптастыру үшін екі жол да қолайлы.
Дегенмен қызығушылықты баланың белсенділігі арқылы қалыптастыру жолы бірінші кезекте
қолданылады.
Кейбір ғалымдар қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерін қамтамасыз ету заңдылықтарын
анықтау маңызды фактор деп санайды. Қимыл-қозғалыс белсенділігін тәрбиелеу тиімділігі
көбінесе тәрбиелеуші әсерді қаншалықты ретімен берілуіне байланысты, ал ол оның даму
заңдылықтарына байланысты екені белгілі. Ғалымдардың пікірлері бойынша, қимыл-
қозғалыс іс-әрекетіне белсенді әсер ету үшін «сәйкес келу қағидасына» сүйену керек. Яғни,
берілетін жүктеме ағзаның жұмыс істеу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар бүгінгі берілетін
жүктеменің келесі жолы берілетін жаттығудың оң әсерін де ескеруі қажет.
Әдебиеттер
1. Глезерман Г.Е. Интерес как социологическая категория // Вопросы философии. М.,
1966. - №10. – С. 15-26
2. Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов
учащихся. – М.: Педагогика, 1988. – 206 с
3. Кондрашова Н.М. Мотивы занятий спортом и факторы, формирующие спортивные
интересы // Сб. науч. тр. – М., 1972. – Т.1. – С. 114-115
4. Теплов Б.М. Психология. – М.: Учпедгиз, 1946. – С.164-166
5. Кирьякова А.В. Диагностика и прогнозирование ценностного отношения школьников. -
М., 1991. – 309 с