Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет44/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   211

              88 

 

Саяхатты  ұйымдастыру  формасы  бойынша  туризм  жоспарлы  және  өз  күштерімен 



өткізілетін туризм болып келеді. 

Спорттық  жорықтар,  саяхаттар  бір  сапар  желісінен  өткен  және  қайталанған 

маршруттар,  яғни  жорық  бағыттары  бойынша  өткізіледі.  Спорттық  жорықтарға 

шығушылардың дене дайындығы тамаша болуы, жылдамдық, төзімділік, икемді және күшті 

болуы  тиіс.  Жорықтарда  өздерінің  күшін  көрсетуге  тырысу  қажет,  шатыр  құру,  алау  жағу, 

туристік техникалық жабдықтарды пайдалана білуі тиіс. 

Туристік  саяхат,  жорықтарға  шығушылар  үшін  қойылатын  талаптар:  ең  бірінші 

сапарға  шықпастан  бұрын,  бұл  туризм  түрі  туралы  жақсы  хабардар  болу  керек.  Туристерге 

қойылатын  басты  талаптың  бірі  –  алғашқы  дәрігерлік  жәрдем  көрсете  білу.  Спорттық 

жорықтарда тауға өрмелей алу, жақсы жүзе білу және жәрдем көрсете білу де керек болады. 

Саяхатқа, жорыққа шығушылар шыдамды, әрі байсалды болуы тиіс. 

Туристік жорықтар мен саяхатқа шықпастан бұрын аймақты дұрыс таңдау, саяхаттар 

мен  жорықтар  бағытын  оқып-үйрену,  туристік  жабдықтарды  толық  қамтамасыз  етіп  алу 

қажет.  Саяхат  немесе  жорық  жетекшісінің  өзінің  тобымен  жұмыс  істей  алатындай,  саяхат, 

жорық  жасау  аймағын  дұрыс  бақылай  алатындай,  тәжірибелі  және  дайындығы  мол  болуы 

тиіс.  Атап  айтқанда,  тауға  саяхат  жасағанда  тау  туризмінің  жетекшісі  қиын  жолдармен  өту 

барысында кездейсоқ апаттарға, қиындықтарға төтеп беретіндей жағдайда болуы тиіс. 

 

Әдебиеттер 

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы . – Астана. – 2006. 

2.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы. – 2007 

3.   ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 

4.  Концепция  высшего  педагогического  образования  Республики  Казахстан// 

Педагогика мәселелері. - №1-2. – 2006.- 138-152 б. 

5.  Концепция  непрерывного  педагогического  обраозвания  педагога  новой  формации 

Республики Казахстан//Педагогика мәселелері. - №1-2.-2006. 122-138 б. 

6.  «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы. – Алматы. – 1997 

7.   Н.Ә.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2008  

 

 



 

 

М.Ғ. Бисенғали  



Қ.Қ. Оразова  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ДЗЮДОШЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ 

 

Дзюдо  –  түрлі  күрделі  қозғалыс  дағдыларының  кең  қатыстырылуына  негізделген 

жекпе-жек процесі. Бұл түр үшін үнемі өзгеретін жағдай, үздіксіз әрекет ететін қарсыласпен 

белсенді байланыс әсерінен туындайтын, «адастыру» факторлары тән. Қарсыластың айқасуы 

8-10  сек.  аяқталып  және  4  мин.  жалғасып,  анық  жеңіспен  аяқталады  немесе  аз 

артықшылықпен,  тең нәтижемен  аяқтала  алады.  Бұл жағдайлардың  әрқайсысында  спортшы 

әйелдің  дайындығының  жеке  жақтарының  мәні  бірдей  еместігі  айқын.  Бірінші  жағдайда 

жеңіске  жетудің  шешуші  факторы  –  техника,  екіншісінде  –  өзара  тығыз  байланысқан, 

дайындықтың  барлық  жақтары  (техникалық,  тактикалық,  денелік,  психологиялық).  Әрбір 

нақты  жағдайда  түрлі  әрекеттерді  пайдалану  мүмкіндігі  дзюдошы  әйелдің  дайындығы 

жүйесінде  негізгі  бастама  болып  табылады.  Тәжірибе  көрсеткендей,  негізгі  денелік 

қасиеттері  үйлесімді  дамыған,  жан-жақты  денелік  дайындығы  бар  спортшы  жасөспірімдер 

жоғарғы  тұрақты  нәтижелерге  жетеді.  Іс  жүзінде  жекпе-жекте  қолданылатын  техникалық 



              89 

 

және  тактикалық  тәсілдердің  тиімді  пайдаланылу  коэффиценті,  көлемі  спортшы  әйелдің 



денелік мүмкіндігіне тәуелді. 

Спортты  жан-жақты  жетілу  мен  кемелдену  деп  түсінетін  болашақ  бапкерлер  мен 

мұғалімдер  тәрбиесі  салақ,  тәртібі  жөнінен  нормадан  ауытқыған  кәмелетке  толмаған 

балаларды  кұкықты  бұзудан  сақтандыратын  тәрбие  жүйесі  деп  түсіну  тәрбиешілер  міндеті. 

Бұл  тікелей  тәлімгерлік  істерімен  және  педагогикалық  шаралармен  шұғылданатын  жалпы 

білім  беретін  мектеп  ұстаздарына  да  қатысты.  Спорттық  күрес    бағдарламасы  кәмелетке 

толмағандардың  қылмыс  жасау  әрекеттерінен  сақтандырып  отыруға  ерекше  пайдасын 

тигізері сөзсіз.  

Спорттық  күрес  оқу  жаттығуларының  мұндай  қажеттіліктерін  жүзеге  асыру  процесі 

«Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалар туралы» 

Үкіметтің  1996  жылғы  24  маусымдағы  Қаулысын  жүзеге  асыруға  жағдай  туғызары  анық 

екендігін спорт мамандары дене тәрбиесінің, спорттың мақсаты деп түсінулері керек.  

Бұл  қаулыда  оқу  орындарында,  еңбек  ұжымдарында  және  тұрғылықты  орындары 

бойынша  спорттық  мектептерде  жасөспірімдер  арасында  жүргізілетін  дене  тәрбиесі  мен 

спорттық  жаттығулар  мәселесін  әдістемелік  тұрғыдан  нәтижелі  етіп  шешуді  көздейді. 

Мұндай міндеттерді шешіп, олардың мән-жайын спорт арқылы белгілі жүйеге келтіруді спорт 

бапкерлері түсінулері керек. Бірінші, оқу-тәрбие, жаттығу істерінде салдыр-салақтық себебінен 

олардың  бойындағы  кемшіліктер  мен  әлжуаздықты  жойып,  шыныққан,  шымыр  болу 

қажеттігіне  ерекше  көңіл  аудару:  екіншіден,  олардың  күрес  өнерін  жетік  меңгеріп,  өздері 

қалаған  спорттық  күрестің  теориялық  және  практикалық  мәселелерін  қазіргі  жекпе-жек 

спорты  талабына  сәйкес  жетілдіре  беруді  талап  етеді.  Дзюдо  күрес  өнері,  педагогтардың, 

психологтардың,  спорт  мамандарының  осы  заманға  теориялық  және  эксперименттік 

зерттеу нтижелеріне сүйене отырып ұйымдастырылуын қажет етеді. 

Оқу-жаттығудың  мазмұны  күрес  өнерімен  машықтанушылармен  жүргізілген 

ғылыми  және  практикалык  зерттеу  жұмыстарының  ең  озық  қорытындыларын 

басшылыққа алуды қамтиды.  



Күш  пен  қуаттылық  дегеніміз  –  балуандардағы  жекпе-жек  барысындағы 

қарсылықтарды  білу  немесе  оған  ағзадағы  бұлшық  ет  күшінің  қарсы  тұра  алу  қабілеті.  Дене 

дайындығында балуандардағы күшті ерекше дамытудың екі түрлі әдістері бар: 

1. Жекпе-жек барысында қимыл-қозғалысты үйлесімді пайдалану үшін өзін еркін сезіну. 

2. Балуанның қарсыласын емін-еркін өз дегеніне көндіру мүмкіншілігі. 

Күштің  мөлшері  тірек-қимыл  аппаратының  негізі  болып  саналатын  бұлшық  еттердің 

дұрыс  дамуына  байланысты  болады.  Қимыл  қызметін  атқаратын  бұлшық  еттердің  дұрыс 

жетіліп шынығуы, организмдердің ерекшелігі оның үздіксіз жүйелі жаттығуына байланысты. 

Бұлшық  еттің  жұмысы  негізінде  оның  жиырылғыштық  қасиетіне  және  оның  үнемі 

құрысу,  сіресу  (тонустық)  қасиеттеріне  де  байланысты.  Балуандардағы  бұлшық  еттің  басты 

қызметтері механикалық, ал бұлшық ет жиырылу кезінде дене бір орыннан ауысса динамикалық 

немесе  бұлшық  ет  ширап  жиырылғанда,  дене  қимыл-қозғалыссыз  қалса  статистикалық  жұмыс 

деп  аталады.  Адам  денесіндегі  бұлшық  еттер  жеке  түрлерінің  негізгі  қызметтерінің  өз  ауданы 

болады.  Бұлшық  ет  күшінің  мөлшері  оны  құрайтын  талшықтарының  санына  яғни,  оның 

көлденең қимасына тура пропорционал болатыны анық. 

Адамдағы  көлденең  жолақты  бұлшық  еттер  дененің  күшті  және  тез  қимылдайтын 

бұлшық  етіне  жатады.  Ал  көлденең  жолақты  бұлшық  еттер  көбінесе  еркін  байланысты  денені 

дер кезінде қозғалысқа келтіреді, теңдікті сақтауға көмектеседі және қол-аяқты адамның еркіне 

қарай  қозғайды.  Адам  анатомиясын  зерттеушілердің  мәліметтері  бойынша,  денедегі  белсенді 

қызмет  ететін  600-ден  астам  бұлшық  еттер  бар  екен.  Ол  бұлшық  еттердің  кұрамының  75%-ы 

судан,  25%-ы  тығыз  заттардан  (белок,  май,  көмірсу  және  тұздардан)  түзілген.  Адамдағы  аз 

жиырылатын бұлшық еттер күшті дамыған.  

Мысалы,  иықтағы  дельта  тәрізді  бұлшық  ет  өзінің  күші  көлемі  жағынан  «еркін  күрес» 

шеберлерінде  жақсы  дамыған  болып  келеді.  Балуандар  бұлшық  еттің  негізгі  қасиеті  керек 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау