Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет54/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   211

              108 

 

Қазақстан  Республикасында  соңғы  жылдары  персоналды  басқару  шеңберінде  күрделі 



өзгерістердің бірі – бұл білікті мамандардың тапшылығы. Менеджмент жүйесі мақсаттарды, 

функцияларды,  еңбек  ресурстарының  ұйымдық  құрылымын,  басшылармен  мамандардың 

тігінен  және  көлденеңінен  байланысын,  басқарушылық  шешімдерді  негіздеу,  өңдеу  және 

қабылдау  шараларын  қалыптастырады.  Дүние  жүзіндегі  әртүрлі  елдердің  басқару 

психологиясы бойынша көптеген зерттеулері компания жұмысының жоғары деңгейде болуы 

үш нәрсеге байланысты екенін көрсетеді, олар [1]:  

- қоршаған ортаның жұмысқа қолайлы болуы;  

- компанияның стратегиялық дұрыс бағыты;  

- сапалы мамандар. 

Дәл  осы  сапалы  мамандар  халыққа  қызмет  көрсетуі  үшін  өз  бойындағы 

психологиялық  біліктілігін  дұрыс  және  сол  қызметке  лайықты  етіп  дамытуы  қажет.  Қазіргі 

менеджмент  және  әлеуметтік  психологиялық  даму  кезеңінде  дүние  жүзінің  көптеген 

елдеріндегі  негізі  мәселелердің  бірі  –  қоғаммен  қалай  жұмыс  жасау  болып  отыр.  Бұл 

мәселені  шешу  жолдарының  көптігіне  қарамастан  өнеркәсібі  дамыған  әртүрлі  елдерде 

кадрларды  таңдау  процедуралары  мен  әдістерін  бір  қалыпқа  келтіру;  оларды  бағалаудың 

ғылыми  критерийлерін  дайындау;  персоналды  басқарудың  қажеттілігін  талдауға  ғылыми 

әдістерді  пайдалану,  кадрлық  шешімдерді  негіздеу  және  олардың  жариялылығын  кеңейту; 

мемлекеттік    және  шаруашылық  шешімдерді  кадрлық  саясаттың  негізгі  элементтерімен 

жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр [2].  

Қызмет көрсету саласындағы менеджер тұлғасының компетенциясы жайлы зерттеулер 

келесідей  ғалым  зерттеушілердің  теориялық  ұсыныстары  мен  ғылыми  еңбектерінің  негіздерге 

сүйеніп  жасалынды,  атап  айтқанда:  Шетелдік  ғалымдар,  Д.  МакКлеланд,  М.Хенинг  және 

А.Жарден,  Ресейлік  зерттеуші  ғалымдардың  ішінде  А.Е.Чирикова,  О.Н.Кричевская, 

А.В.Визгина және С.Р.Пантилеев, X.Хекхаузен, Кубышкина М.Л. Кубышкина, М.Л.Щербич, 

Л.И.  және  т.б.;  Сондай-ақ,  психологиялық  біліктілікті  қалыптастыру  мен  жоғарлатудың 

құралы  ретінде  психологиялық  сауаттылық  психологиялық  мәдениеттіліктің  білімі,  рәмізі 

болып  табылады.  Психологиялық  біліктілік  практикалық  әрекетте  шешім  қабылдау  үшін 

білімдерді, 

шеберлікті, 

дағдыларды 

эффективті 

қолдану 


ретінде 

жүзеге 


асады. 

Психологиялық  біліктіліктің  жеке  бөліктері  болып  табылатындар:  қарым-қатынастағы 

компетенттілік  (Т.Гордон,  Ю.Н.Емельянов,  Ю.М.Жуков,  Л.А.Петровская  және  т.б.), 

әлеуметтік 

перцептивті 

компетенттілік 

(А.А.Бодалев 

және 


т.б.), 

интеллектуалды 

компетенттілік  (М.А.Холодная  және  т.б.),  әлеуметтік  компетенттілік  (В.Н.Куницина, 

У.Пфингстен, Р.Ульрих және т.б.) [3]. 

Қазақстандық 

зерттеушілер 

К.Ғ.Ахметов, 

Э.Т. 


Баярыстанова, 

М.А. 


Асимов, 

С.А.Нурмағамбетова,  Ю.В.  Игнатьев  және  т.б.  зерттеуші  ғалымдар  психологиялық 

компетенттілікті ұйымдастырушылық мінез-құлық ретінде сипаттауға тырысқан.    

Психологиялық біліктілік бұл – өзіндік ерекшелігі бар және бір уақытта әртүрлі бола 

алатын кәсіби біліктіліктің түрі. Психологиялық біліктілік бәрінен де бұрын адамды индивид 

ретінде,  еңбек  субъектісі  және  тұлға  ретінде  білімдердің  құрылымдық  жүйесін  ұсынады, 

сондай-ақ  кәсіби  немесе  басқа  ұйымдастырушылық  өзараәрекеттестікті  даралық  немесе 

бірлескен әрекетті атқаруын сипаттайды. Психологиялық біліктіліктің жоғары деңгейі «адам-

адам»,  «адам-ұжым»,  «адам-үлкен  әлеуметтік  топтар»  жүйесіндегі  жетістікті  әрекеттер  мен 

өзараәрекеттестікті 

қамтамассыз 

етеді. 


Психологиялық 

компетенттілік 

бірнеше 

өзарабайланысқан 

құрылымдардан 

тұрады, 


атап 

өтсек: 


әлеуметтік-перцептивтік 

компетенттілік; 

әлеуметтік-психологиялық 

компетенттілік; 

ауто-психологиялық 

компетенттілік; психологиялық-педагогикалық және коммуникативті компетенттілік. 

Қызмет  көрсету  саласындағы  менеджерлердің  психологиялық  біліктілігінің  дұрыс 

болмауы,  бұл  басшылар  мен  кадрлық  жұмысшылар  арасында  жауапкершіліктің  ұтымды 

түрде бөлінбеуінен де деп саналады. Кадрлық мәселелерді ұғыну әлеуметтік кәсіпорындарды 

басқару  деңгейінде  ғана.  Көптеген  басшылар  үшін  қызметшілермен  жұмыс  жүргізу  –  тек 




              109 

 

қызметкерлерді  тұрақты  басқаруға  бағытталған  іс-әрекеттер.  Бұл-  дегеніміз  –  адам  ресми 



құрылым  элементтерінің  бірі  ретінде  ғана  қарастырылады  деген  сөз,  ал  ол  –  персоналды 

басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларымен таныс емес екендігін көрсетеді. 

Қазіргі  халыққа  қызмет  көрсететін  саласында  өз  ісіне  тиянақты,  алғыр,  білімді, 

адамдармен  тез  тіл  табысып  кететін,  кәсіби  білімін  жетілдіру  барысында  үнемі  ізденісте 

отыратын,  жұмысқа  қабілеті  жоғары,  берілген  тапсырмаларды  мұқият,  адал  орындайтын, 

ұжым  арасында  беделді,  сөйлесе,  сыйласа  білетін  және  өз  ойын  толық  жеткізе  білетін 

мамандар  қажет.  Өзінің  қызметтік  міндеттерін  тиянақты  және  сапалы  атқаратын, 

әріптестерінің  арасында  қадірлі,  тұтынушыларға  ХҚКО  қызметкерлерінің  этикасы 

талаптарына  сәйкес  сыпайы  және  сапалы  қызмет  көрсететін,  жұмыс  барысында  өзінің 

қабілеттілігін көрсетуге тырысатын менеджерлердің психологиялық дайындығы әлі де болса 

талапқа сай келе бермейді. 

Әлеуметтік  қызмет  көрсететін  мамандардың  психологиялық  біліктілігі  мәселелерін 

зерттеудегі мақсат – бұл қызмет көрсету саласындағы менеджер тұлғасының психологиялық 

біліктілігін зерттеп, оны дамытудың тиімді жолдарын ұсыну. Осы мақсатты көздей отырып, 

мынадай міндеттерді шешу қажет:  

-  қызмет  көрсету  саласындағы  менеджер  тұлғасының  психологиялық  біліктілігін 

тұлғалық ұйымдастырушылық әрекетінде анықтау; 

-  қызмет  көрсету  саласындағы  менеджер  тұлғасының  психологиялық  біліктілігін 

арттырудың эффективті жолдарын ұсыну; 

Қызмет  көрсету  саласындағы  маман  тұлғасының  психологиялық  біліктілігін  зерттеу 

менеджмент  психологиясының  өзекті  мәселесі  бола  алады.  Яғни,  қызмет  көрсету 

саласындағы  қызмет  көрсетуші  маман  тұлғасының  психологиялық  біліктілігі  оның 

психологиялық сауаттылығына және ұйымдастырушылық қабілетіне тәуелді. 

 

Әдебиеттер 



1.  РахымбаевА.Б.,  Сабатаева  Б.О.,  Бельгибаев  А.Қ.  Менеджмент.  –  Алматы:  Нұр-

пресс, 2006. – 164 б. 

2.  Баярыстанова  Э.Т.  Білімдегі  менеджмент  негіздері:  Оқу  құралы.  Ш.Есенов 

атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. – Ақтау, 2010. 

– 87 б. 

3.  Орехов  С.А.  Разработка  модели  анализа  9  ключевых  компетенций  менеджеров  по 

персоналу. – М.: Юрайт, 2009. – 49 б. 

 

 



 

 

Қ.А. Ясинова  



А.К. Ильясова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 



 

Қазіргі таңда жаһандану заманында білімнің барлық салаларда ілгерілеуін қамтамасыз 

ететін стратегиялық жүйелі өзгеріс талап етіледі. Білім алушының білім деңгейін және білім 

беру  қызметінің  сапасы  объективті  ақпаратпен  ілесуі  тиіс,  бұл  жетістіктерді  бағалау  үрдісі 

арқылы  айқындауға  болады.  Бағалау  үрдісін  қайта  қарастырудың  өзектілігі  бірнеше 

талаптарға негізделген. Олар: 

- білімдегі заманауи стратегиялық міндеттер; 

- білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттар және заман талаптары; 

- білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігі; 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау