Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет48/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   211

              96 

 

Ыстық  күндердегі  тәбеттің  төмендеуінен  жоғарғы  температураның  ас  қорыту 



темірлерінің  секреция  қызметтеріне  әсерінен  көруге  болады.  Бұл  кездерде  тәбетті 

жоғарылату  үшін  төмендегідей  ереже  сақтау  керек.  Астың  әртүрлі  және  дәмді  болуы, 

тамақты белгіленген  уақытта қолдану, астан 0,5 сағ бұрын стаканмен шәй ішу. 

Күніне  4  рет  төмендегі  тамақ  түрлерін  ішу  бірінші  таңғы  ас  сағ  7

00

-де  20-25  % 



каллориялы,  екінші  таңғы  ас  сағ  12

00

-де  15-20  %  каллориялы,  түскі  ас  сағ  16



00

-де  35-40  % 

каллориялы,  кешкі  ас  сағ  20

00

-де  25-15  %  каллориялы.  Осындай  барлық  гигиеналық 



талаптарды қатаң қадағалау белгілі дәрежеде аклиматизация процесін жеңілдетеді. 

Уақытша бейімделу кезінде бокс шеберлерінің дайындығын гигиеналық қамтамасыз ету. 

Спорттық  тәжірибеде  боксшылардың  поястық  уақытының  тез  ауысуынан  кейін 

жарысқа  шығуы  немесе  дайындық  жүргізуі  жиі  кездеседі.  Бұл  көбінесе  уақыт 

айырмашылығы көп сағатқа жеткенде болады.  

Поястық  уақыт  бірден  өзгергенде  ағзадағы  десинхроза  құбылысы  қаралады.  Бұл 

дегеніміз – ағзаның психологиялық қызметінің тәуліктік ритмдерінің өзара келісімі. Мысалы 

боксерлер батысқа барғанда өздерінің уақытынан ерте оянуға тура келеді және күннің екінші 

жартысында  ерте  ұйқыға  кетеді.  Өйткені  оның  биологиялық  сағаты  сол  жердің 

астрономиялық  сағатынан  қанық  болады  және  олар  шығысқа  барғанда  бұлар  керісінше 

болады.  Осыған  байланысты  уақытша  бейімделу  қалыптасады.  Қаншалықты  уақыт 

айырмашылығы болса соншалықты уақытша бейімделу процесі ұзақ болады.  

Бокс  шеберлері  жер  алмастырғанда  тек  уақыт  айырмашылығы  ғана  емес,  табиғи, 

тұрмыс, метеорологиялық факторлар да өзгереді. Бұлардың бәрі спортшыға Эйфора қалпын 

туғызады.  Әдетте  сағат  3-8  аралығында,  тәулік  стереотипіне  бейімделу  кезінде 

боксшылардың  көңіл-күйі  төмендеп,  шаршау  басып,  жұмыс  жұмыс  қабілеті  нашарлап, 

ұйқысы,  ас  қорытуы  бұзылады.  Тек  10-12  күннен  кейін  ғана  олардың  жұмысы  реттеледі. 

Жақсы  дайындықтан  өткен  спортшылар  жаңа  жағдайларға  тез  бейімделеді.  Бұлай  әсіресе 

айтылған жерге бұрын келген боксшыларда болады. 

Мұндай  уақыт  айырмашылығы  бар  жерлерге  жарысқа  спортшылар  12-20  күн  бұрын 

келуі  тиіс.  Және  келмес  бұрын  жақсы  демалғаны  жөн.  Ұшып  келу  кезінде  оларға  ұйықтау 

керек.  Ең  негізгі  гигиеналық  жағдай  уақытша  бейімделу  кезінде  сол  жердің  уақыт  санауы 

бойынша құрылған жаңа рационалды күн тәртібі. Ол дайындық сабақтары мен демалыстың 

дұрыс  ретін  қамтамасыз  етуі  керек.  Таңғы  ас  жеңіл  болғаны  жөн.  Ал  етті,  майлы  тамақтар  

тек түскі асқа қосылады. Тамақтану тәртібі қатаң ережемен сәйкес болуы керек. Кешкі ас сүт 

пен сүт қышқылынан тұрады. Түскі астан соң 1-2 сағат ұйқы керек.  

Спортшылар  келген  күннен  бастап-ақ  дайындыққа  кіріседі.  5-8  күнге    дейін  кәдімгі 

жаттығулар  жүреді,  бірақ  оның  интенсивтілігі  белгілі  дәрежеде  төмендейді.  Мысалы  2-ші 

күні 20-35% төмен болады.  

Қадағалау  кезінде  мұндай  алдын  ала  оқу-жаттығу  жиынын  өткізу  спортшылардың 

уақытша бейімделуін ықшамдау процесіне мүмкіндік беретіні байқалған [4, 39]. 

 

Әдебиеттер 



1.  Кунат П. Проблемы нагрузки с точки зрения психологии спорта // Психология  

и современный спорт. – М., 1973. – с. 224-319 

2.  Набатникова М. Я. Проблемы совершенствования специальной выносливости 

спортсменов  при  циклической  работе  субмаксимальной  и  большой  мощности.: 

Автореферат диссертации доктора педагогических наук. – М., 2000. – 52 с 

3. Матвеев Л. П. Основы спортивной тренировки. – М.: Физкультура и спорт, 1977. – 280 с 

4.  Бутенко  В.  Н.  Калмыков  В.  Развитие  специальной  выносливости  боксера//  Бокс: 

Ежегодник. – М., 1970 – с. 56-65 

 

 

 




              97 

 

Д.Т. Құлтанов  



А.Ж. Белгібаев  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 

 

Ойын жүргізу әдісі деп өздік, коллективтік ойынды ұйымдастыруды, ойыншылардың бір-

бірімен  қарым-қатынастарын,  алдын  ала  жоспар  бойынша  белгіленген  әдістерді  қолданып, 

жеңіске жетуді айтады. 

Ойын  жүргізу  әдістерінің  негізгі  мақсаты  оптималды  құралдарды  пайдалана  отырып, 

шабуыл  және  қорғаныс  қимылдарын  жүргізу.  Ойын  жүргізу  әдістерін  команданың  алдына 

қойылатын мақсатына, ойыншылардың күш алмауына, алаңның және ауа райының жағдайы мен 

ерекшелігіне  байланысты  таңдалып  алынады.  Ойын  барысында  шабуыл  мен  қорғаныс 

қайталанып отырғаннан кейін, қорғануды және шабуылды ұйымдасқан түрде өткізу қажет. 

Ойын жүргізу әдістерін дұрыс іріктеп, дұрыс қолдана білсе, онда команда алдына қойған 

мақсатты  шеше  алады.  Қарсылас  команданың  ойынның  жоспарын  жоққа  шығаруды  білген 

ойыншыларды және жалпы команданың ойын жүргізу әдісін дұрыс пайдалана білгені. 

Қандай  ойын  жүргізу  әдістерін  жаттықтырушы  пайдаланып  жоспарласада,  оның  дұрыс 

шешілуі әр ойыншының өзіндік шеберлігіне байланысты. 

Сондықтан, ойын жүргізу әдістері ең алдымен, ойыншылардың алдын ала жоспарланған 

ойларынан  шығады.  Демек,  ойын  тәсілдерін  шебер  орындай  білген  команда  ойыншылары 

жоспар бойынша белгіленген ойын жүргізу әдісін қолдана біледі. 

Көбінесе  ойын  жеңісін  футболшылардың  дайындығына  байланыстырады,  бірақ  дұрыс 

қолданылған ойын жүргізу әдістері команданы жеңіске әкелуге көп мүмкіндігі бар. 

Ойын  жүргізу  әдістері  қарсылас  командалардың  дене  шынықтыру  шеберлігіне, 

психологиялық дайындығына қарамастан үлкен маңызы бар. Сондықтан ойын жүргізу әдістерін 

ойынды  дұрыс  қолдану  үшін  күнделікті  оқу-жаттығу  процесінде  дайындық  жасалу  керек. 

Команданың әрбір ойыншысы ойын жүргізу әдістерін, тек дұрыс пайдаланып қоймай, оны дер 

кезінде  ауыстырып,  шебер  қолдана  білу  керек,  Демек  ойын  жүргізу  әдісі  шабуыл  мен  қорғау 

шебіндегі өтетін күрес деп білу керек. 

Ойынды  дұрыс  ұйымдастырып,  жеңіске  жетуі  үшін  алаңдағы  ойыншыларды  дұрыс 

орналастырып, әқайсысының алдына жеке міндет қойылу керек. Қазіргі заманның ойын жүргізу 

әдістерін  дұрыс  пайдалануда  ойыншылардың  өздеріне  арнайы  белгіленген  орны  және  міндеті 

болуға  тиіс.  Сонымен  бірге  футболшы  ойын  тәсілдерін  түгел  әрі  шебер  орындай  отырып, 

шабуыл яки қорғаныс шебі болып, бірден ойнай білуі шарт және ойын міндеттерін өте жақсы, 

әрі  шебер  орындағаны  дұрыс.  Сондықтан  ойыншылар  орындайтын  өз  міндеттеріне  қарай 

кақпашы,  екі  кабаттағы  /оң,  сол/  қорғаушы,  орта  қорғаушы,  ортаңғы  шептегі  ойыншылар,  оң 

немесе сол жақ қанаттағы шабуылшылар және ортаңғы шабуылшы  болып бөлінеді. 

Күрделі және қиын жағдайда, көбінесе допқа қарай кимыл жасап, допқа қарай жылжып, 

тартып  алу  керек.  Допқа  қарай  қимыл  жасап  тартып  алу  тәсілін  қолданғанда  қарсылас 

ойыншыдан  1,5-2  м  қашықтықтан  ертерек  допқа  ие  болуға  болады.  Бұл  тәсілді,  көбінесе 

қарсылас  ойыншының  оң  немесе  сол  жақтан  алдап  өтуіне  қарсы  қолданылады.  Алыста 

орналасқан  допты  жартылай  «шпагат»  жасап,  немесе  «шпагат»  жасай  допты  ұрып  тоқтатып 

тартып  алуға  болады.  Допты  теуіп  жібергенде  көбінесе  табанның  ұшымен  ұрған  дұрыс  ол  тез 

және аз уақыт алады. 

Допты  жылжып  тартып  алу  –  тәсілін  допқа  ие  болу  үшін  2  м  қашықтықтағы  допқа  ие 

болу  үшін  қолданылады.  Допты  тартып  алу  қарсылас  ойыншыдан  аттап  бір  бүйірден 

орындалады. Шабуыл жасаған ойыншы допқа қарай ұмтылып жайлап сырғанап, допқа тосқауыл 

қояды. 


Допты лақтыру – тәсілі  алаңдағы ойыншыға ойын тәртібі  бойынша, алаңның оң немесе 

сол  қанатынан  сыртқа  шыққан  допты  ойынға  қосу  үшін  орындалады.  Шебер  футболшылар 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау