Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет42/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   211

              84 

 

тыныстары  мен  жеделдігіне  орай,  жеке  адамның  ерекшеліктері  байқалады.  Сонымен  қатар 



мінезді  дұрыс  түсінуде  адам  үшін  маңызды  болған  қоғамдық  құндылықтар  мен  жеке 

талғамдар  арақатынасы  шешуші  мәнге  ие.  Әр  қоғамның  өзіне  сай  маңызды  да  мәнді 

міндеттері  болады.  Міне,  осы  міндеттерді  іске  асыру  барысында  мінез  қалыптасады.  Кейін 

солар  тұрғысынан  тексеріледі,  бағаланады.  Мінез  –  оқушының  қандай  да  қасиетінің 

төзімділігі,  өжеттігі,  енжарлығының  т.б.  көрінісі  ғана  болып  қоймастан,  қоғамдық  мәні  бар 

іс-әрекетке  ие  болған  бағыт-бағдар  сипатын  аңдатады.  Осыдан  мінездің  тыңғылықтылығы 

адамның 

өмірлік 


бағыт-бағдары 

негізінде 

нақты 

бір 


жүйеге 

келеді. 


Мінездің 

қалыптасуындағы  басты  шарт  –  өмірлік  мақсат,  мұраттың  нақтылығы.  Мақсаттың  болмауы 

не  оның  шашыраңқылығы  –  босбелбеулік  мінезсіздіктің  белгісі.  «Өсіретін  де  –  мінез, 

өшіретін де – мінез» деген халқымыз. «Жаман мінез не іспен, не күшпен түзеледі». 

Оқушының  биологиялық  жағдайына  мән  берсек,  мұнда  жоғарғы  жүйке  қызметінің 

типін,  физикалық  күшін,  дене  құрылысының,  бет  әлпеті  ым-ишарасынан  сондай-ақ 

тұқымқуалаушылық,  туа  біткен  нышандарын  т.б.  ерекшеліктерді  білу  қажет.  Адамның 

саналы  іс-әрекеті  биологиялық  себеп-салдармен  байланыс  жоқ.  Дене  тәрбиесі  сабағында 

талап  дұрыс  қойылса,  жас  маман  биологиялық  қажеттікке  мойынсынбай,  қандай  да  бір 

кедергілерді  жеңуге  талпынады.  Алғашқыда  күрделі  болып  көрінген  дене  жаттығуларын 

саналы  әрекетпен  жоғары  деңгейде  жасауға  бағыттайды  және  терең  заңдылықтарын  тануға 

ұмтылып,  соларға  орай  өз  әрекет-қылығына  бағыт  таңдайды.  Дене  тәрбие  сабағында 

оқушының  психологиялық  жағдайы  мен  физиологиялық  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың 

тәжірибені  игеруі  жаттығуларды  үйренуі,  әрекет-қылық  тәсілдерінің  нәтижесі  – 

оқушылардың 

өз 


тәжірибелерінің 

өнімі 


емес,  өткен  әулеттерінің, 

яғни  гендік 

ерекшеліктердің берілетіндігін де естен шығармау керек [3]. 

Бір  жағынан  құндылық  бағыттары  жүйесін,  себеп-салдардың  өзгеруі  мен  кәсіби-

мүмкіндіктерінің  өсуіне  байланысты  жас  мамандардың  –  спортта  рекорд  көрсететін  көркем 

өнер,  техникалық  сондай-ақ  ғылыми  жетістіктерге  олар  жете  алатын  кезеңде  екендігін  де 

ескеру қажеттігі туындайды. 

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  қимылдық  ойындарды  жеке  сайыс  элементтерімен 

дене тәрбиесінде пайдалану өзектілігі арта түседі. 

Егер  дене  шынықтыру  жаттығулары  қалыпты  жағдайда  жүріп  жатса,  соңғы  нәтиже 

мен  темперамент  арасында  ешқандай  да  тәуелді  байланыс  болмайды.  Сонымен  тұлғаның 

қалыпты  жағдайдағы  әрекет  нәтижесі  оның  шапшаң  не  енжар  екендігіне  қарамай,  бірдей 

өлшемде  болады,  себебі  соңғы  өнім  нәтижесі  басқа  факторларға,  әсіресе,  түрткілер  мен 

қабілет  деңгейіне  байланысты  келеді  [4].  Темперамент  ерекшеліктері  осы  жаттығулар  мен 

әрекетті орындау тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін. 

Оқушылар  темпераменттеріне  қарай  нәтиже  емес,  сол  нәтижеге  жету  жолдарын 

таңдауымен  ажыратылады. Темпераменттің  тума  ерекшеліктері  тәжірибе,  әлеуметтік  ортаға 

және  өз  басын  билей  алуға  байланысты  психикалық  процестерде  көрініс  береді.  Жағдайға 

орай  жауап-әрекет,  бір  жағынан,  жүйке  жүйесінің  сипатына,  екінші  тараптан,  білім  алуы, 

тәрбие,  дене  мәдениеті  кәсіби  тәжірибеге  тәуелді  болмақ.  Мысалы,  тәжірибелі  маманның 

әрекет  шапшаңдығы  туа  берілген  қасиет  емес,  ол  жаттығу  мен  үйренудің  нәтижесі  екендігі 

хақ. Ал сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады. 

Әдебиеттер 

1.  Тайжанов С. Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу. – Алматы: Мектеп, 2004.  

2.  Тілеулов Э.Ж. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Оқу құралы. 2003  

3.  Әбділлаев  Ә.К.,  Оңалбек  Ж.К.  Дене  мәдениетінің  ілімі  және  әдістемесі.  – 

Түркістан: Тұран, 2004.  

4.  Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі: ІІ-ІІІ-ІV бөлімдер. Жоғары 

оқу  орындарының  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандықтары  студенттеріне  арналған  оқу 

құралы. – Түркістан: Тұран баспаханасы, 2007 ж.  

 



              85 

 

М.Ғ. Бисенғали  



Б.Н. Қарқынбай  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ТУРИСТІК ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

Көрсетілген іс-әрекет туралы психологиялық тұжырымдар біздің зерттеулеріміздегі 

«қимыл-қозғалыс», «белсенді қозғалыс қызметі», «дене жаттығулары», «қозғалыс қызметі» 

ұғымдарының психологиялық мәнін түсіне отырып, педагогикалық ұғым ретіндегі 

қалыптасуында маңызды екенін анықтады. 

Оқушылардың  белсенді  қозғалыс  қызметі  –  оқу  материалын  меңгерудің  қажетті 

шарты.  Баланың  дене  жаттығуларын  үйренуі  өзінде  бар  психикалық  және  дене  күшін 

жұмсауды талап ететін оқу – еңбек қызметі.  

Алайда,  қозғалыстың  жетілуі  қозғалыс  қызметінің  белсенділігінің  тәртібімен  де 

(режиммен  де)  байланысты.  Ақырында,  қозғалыс  қызметтерін  қалыптастыру  мен  жетілдіру 

негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана педагогикалық әсер ету жолымен шешіледі. 

Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттеріне үйрету. Оқушылардың қозғалыс тәжірибесі көп 

болған  сайын  оларда  жаңа  қозғалыс-қимыл  түрлері  жылдамырақ  қалыптасады.  Ақырында 

негізгі  гимнастиканың  ойындарын,  жүзуді,  шаңғымен  жүруді,  сауықтыру  жаттығуларды 

енгізе  отырып,  оқушыларды  кең  көлемде  бағдарламамен  оқыту  қозғалыс  функцияларының 

қалыптасуына себепкер болады.  

Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты жоғары болса, 

қозғалыс  дағдылары  да  соншалықты  табысты,  нәтижесінде  қозғалыс  әрекеттері  де 

қалыптасады.  6-7  жастағы  балалардың  жеке  қозғалыс  жылдамдылығына,  иілгіштігіне, 

икемділігіне,  бұлшық  еттерінің  тұрақты  күшіне,  8-10  жастағылардың  жылдамдығына, 

икемділігіне, дене бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 14-16 жастағылардың ең жоғарғы күш 

деңгейі  мен  шыдамдылығына  назар  аудара  отырып,  барлық  дене  қасиеттерін  бірқалыпты 

дамыту қажет. 

Үшінші  шарт  (ең  маңыздысы)  –  бұлшық  ет  күшін  жұмсау  мен  уақыт  бойынша 

жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету. 

Осы  шарттарды  жүзеге  асыру  мұғалімнің  қызметіне  байланысты.  Қозғалыс 

әрекеттеріне үйрету барысында педагогикалық әсер етудің барлық шарттары өзара бірігіп іс-

әрекет  етеді,  өйткені  қозғалыс  функцияларының  көрсеткіштері  қозғалыс  дағдыларын 

қалыптастыру болып табылады. Олардың қайсыбірін елемеу, үйрету барысын кідірту немесе 

күрделендіруі  мүмкін.  Дегенмен  де,  үшінші  шарттың  ерекше  орын  алатындығын  естен 

шығаруға болмайды. 

Қозғалыстың  дәлдігі  мен  үйлесімділігі  бұлшық  ет  сезінуінің  жақсы  дамуымен 

қамтамасыз  етіледі.  Ол  дене  жаттығуларының  көмегімен  арнайы  үйреткен  жағдайда  ғана 

жетілдіруге болатын қозғалыс анализаторлары қызметінің нәтижесі болып табылады. 

Дене  жаттығулары  арқылы  оқушылардың  оқу  процесіндегі  дене  және  ақыл-ой 

жүктемесін азайтып, еңбекке қабілеттілігін арттыру маңызды мәселе деп есептейміз. 

Жоғары кәсіби  білім беру және оның гуманитарлық жағын құраушы – дене тәрбиесі – 

болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің жеке қабілеттерін жетілдіру, олардың қызметінің өзін-

өзі  тәрбиелеу  және  өз  білімін  көтеруін  дамыту,  оларды  азамат,  маман,  интеллигент  ретінде 

қалыптастыру мемлекетіміздің бірқатар құжаттарында бекітіліп, нақтыланған. 

ЖОО  және  дене  тәрбиесі  кафедраларына  шығармашылық  бастамалар  үшін 

спецификаны ескере отырып инновацияларды пайдалану, оқу орнының деңгейі, студенттер, 

оқытушы-ғалымдар, жаттықтырушылар контингенті үшін кең мүмкіндіктер берілген. 

Дене тәрбиесінің педагогикалық процесі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерді туристік 

іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  ғылыми-практикалық  білім,  шеберлік,  дене  мәдениеті 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау