Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет43/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   211

              86 

 

бойынша  дағдылар  жүйесін  қалыптастыру  мақсатында  ықпал  етудің  практикалық  және 



теориялық, әдістемелік-практикалық бағыттылығын қарастырады. 

Болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке  даярлауда  рөл  атқарушы 

жоғары оқу орнының дене мәдениеті студенттер үшін ерекше құндылықты білдіреді. Осыған 

байланысты  дене  мәдениетінің  құндылығының  алуан  түрлілігі  және  көпкомпоненттілігі 

академик М.Я. Виленскийдің еңбектерінде жан-жақты берілген. 

1.  Әлеуметтік  маңызды  дене  мәдениетінің  құндылықтар,  тұлғаны  қалыптастыру 

бойынша  қоғамда  білім  беру-тәрбиелеу  практикасын  реттеуші  ережелер,  нормалар, 

түсініктер,  мақсаттарды  білдіреді,  сондай-ақ,  дене  мәдениетінің  дамыған  деңгейін,  оның 

жалпы  мәдени  дамуымен  интеграцияланған  және  оның  әлеуметтік  рөлі  мен  мәдени, 

салауатты өмір сүруді ұйымдастыру үшін қажет. 

2.  Идеялар,  тұжырымдамалар,  нормалар,  білім,  практикалық  шеберлік,  қажетті 

қасиеттер  мен  сапаларды  меңгеру  және  дамыту  жиынтығын  біріктіруші,  кәсіби  қызмет 

процесі  мен  шарттарын  «мәдениеттендіретін»    кәсіби  маңызды  құндылықтар  оған  сәтті 

бейімделу,  оларды  моральдық  және  психологиялық-физикалық  шығынсыз  орындаудың 

алғышарттарын құрады. 

3.  Дене  мәдениетінің  дара-тұлғалық  құндылықтары  тұлғаның  денесінің  жетілуін, 

валеологиялық 

мәдениетін, 

өзіндік 

санасының 

дамуын, 

әлеуметтік-психологиялық 

қасиеттері  мен  сапаларын,  коммуникативтік  қабілеттерінің  көрінуін,  дарашылдық  және 

бірегейлік  сезімін  меңгеруіне  мақсатты  бағытталған  және  мотивациялық  бағыттылығын 

көрсетеді. 

Осының  негізінде  дене  мәдениетінің  құндылықтарының  өзара  байланысты  тобын 

ЖОО-да  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлау 

кезінде оқу-ғылыми, практикалық-бағдар беруші пәннің мазмұнды компоненті ретінде одан 

әрі жіктеу мүмкін болады. Осы мақсатта төмендегідей топтар бөлінген: 

1.  Құндылықтар-мақсаттар  дене  мәдениетін  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін 

туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлаудағы  әлеуметтік-кәсіби  қызметте  пайдалану 

мақсатының   маңызы мен мағынасын  ашады: болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік 

іс-әрекетке 

бейімдеуге 

даярлауда 

оның 


қызметтің 

түрлі 


түрлерінде 

көрінуінің 

көпжақтылығындағы  тұлғасының  концепциясы,  «Мен  –  кәсіби  маман»  тұжырымдамасы 

болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  кәсіби 

жетілдірудің көзі мен нәтижесі ретінде. 

2.   Құндылықтар-құралдар  дене  мәдениетін  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін 

туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  әлеуметтік-кәсіби  қызметті  жүзеге  асырудағы 

тәсілдер  мен  құралдардың  мынадай  маңызы  мен  мағынасын  көрсетеді:  қажетті  физикалық 

өзін-өзі  дамыту  технологиясын,  өзін-өзі  тану  үшін  әдістемелік-практикалық  білім-

шеберлікті,  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  бақылауды  меңгерудің  маңызы  мен  мағынасын 

көрсетеді. 

3.  Құндылықтар-қатынастар  дене  мәдениетіне  деген  қатынастардың,  өзіне  деген 

қатынастардың,  кәсіби  қызмет  жиынтығы  ретінде  қатынастардың  маңызы  мен  мағынасын 

сипаттайды.  Бұл  қатынастар  дене мәдениетін  күнделікті  өмір  мен  қызметте  жүзеге  асыруда 

пәндік бағдар береді. 

4.  Құндылықтар-білім  дене  мәдениеті  бойынша  мынадай  әлеуметтік-кәсіби  қызмет 

процесіндегі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін туристік іс-әрекетке бейімдеуге даярлауда 

қажет  тұлғаның  дамуындағы  ой-өрісін,  оның  дүниетанымдық  бағыты  мен  сенімін 

анықтайды. 

5.  Құндылықтар-сапалар  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке 

бейімдеуге  даярлауда  әлеуметтік-қызмет  үшін  өзекті  қасиеттер  мен  сапалардың  мынадай: 

тұлғалық, коммуникативтік, статустық-бағыттық, қызметтік-кәсіби, сыртқы мінез-құлықтық, 

психологиялық-физикалық маңызы мен мағынасын ашады. 



              87 

 

ЖОО  үшін  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге 



даярлауда  дене  мәдениеті  бойынша  оқу  бағдарламасының  оқу-мазмұндық  материалы 

гуманитарлық  циклдағы  пәнге  бағдар  береді,  сондай-ақ  дене  мәдениетін  болашақ  дене 

тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  болашақ  маманның 

тұлғасын  дамытуда  процестің  мүмкіндіктерін  кеңейту  мен  ұлғайтуда  көп  күш  жұмсауды 

қажет етеді. 

Оқушыларды  туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  кәсіби  оқытуда  дене 

мәдениетіне  ерекше  рөл  берілген,  оның  мақсаты  –  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін 

туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлаудағы  нақты  еңбек  процестері  мен  рекреациялық 

әрекеттерге жағымды ықпал ететін арнайы білім, дағдылар мен іскерлік, қасиеттерді дамыту 

болып табылады. 

Оқушыларды 

туристік 

іс-әрекетке 

бейімдеуге 

даярлаудағы 

оқу-жаттығу 

сабақтарының  процесінде  дене  жаттығулары,  жүктемелер  қайталанады,  шаршауды  жеңіп, 

спецификалық  еңбек  процесі  жүреді.  Болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін  туристік  іс-

әрекетке бейімдеуге даярлау кезінде еңбек сүйгіштік сапа қалыптасып, олар одан әрі басқа да 

әрекеттерге,  кәсіби  қызметке  ауысады.  Сонымен,  болашақ  дене  тәрбиесі  мұғалімдерін 

туристік  іс-әрекетке  бейімдеуге  даярлауда  дене  тәрбиесі  жағымды  ықпал  етеді.  Сонымен, 

идеялық-адамгершілік тәрбиелеумен тығыз байланысты дене тәрбиесі болашақ дене тәрбиесі 

мұғалімдерін туристік іс-әрекетке бейімдеуге даярлау азамат пен адамның жоғары тұлғалық 

қасиеттерін қалыптастырады.  

Өзінің  тіршілігімен,  рухымен,  дене  әдептілігімен  спорт  және  туризм  еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуына  жәрдемдеседі,  адамдардың  өміріне  тығыз  еніп,  олардың 

денсаулықтары мен тұрмыс дәрежесінің жақсаруына өз үлестерін қосады. Спорттық туризм 

түрлері  адамдардың  денсаулықтарының  мықты  болуына,  дененің  дамуына,  ақыл-ой 

қабілетінің және де жұмыс істеуге қабілеттілігінің жоғарылауына пайдалы болып келеді. 

Туризмнің  теориясы  мен  практикасы  туризмнің  мынадай  түрлері  мен  әртүрлілігін 

анықтады: 

саяхаттың сипаты бойынша – тау, құрғақ жерде-жазықтағы саяхат, су саяхаты, су 

асты саяхаты және т.б.; 

саяхатшылардың  қозғалу  тәсілі  бойынша  –  жаяу,  таулы  жолдармен,  шаңғы, 

велосипедті, желкенді, автомоторлы, атпен саяхат жасау және т.б. 

Туристік  іс-әрекет  формасы  мен  мазмұны  бойынша  алуан  түрлі  болып  келеді 

(серуендер, жорықтар, экскурсия, экпедиция, лагерьлер, слеттер). 

Серуен – жергілікті жерлерде танымдық, сауықтыру мақсатында, ағзаны шынықтыру 

мақсатында  қозғалуды  білдіреді.  Адамның  даярлығы  мен  жыл  мезгіліне  байланысты 

серуендер жаяу серуен құру, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен серуен құру болып келеді. 

Серуен  –  бұл    туризмнің  ең  қарапайым  және  көпшілікке  қолжетімді  туризмнің  формасы 

болып  табылады. 

Экскурсия  –  бұл  танымдық  немесе  ғылыми  мақсатпен  белгілі  бір  объектілерге  бару. 

Сондай-ақ, экскурсия адамның жалпы мәдени дамуын, ой-өрісін кеңейтуді мақсат етеді.  

Туристік экспедиция аз зерттелген ауданға ұйымдасқан көпкүндік саяхатты білдіреді, 

ол арнайы зерттеу мақсатында жүзеге асырылады. 

Туризмнің ең бұқаралық, және көпшілікке қолжетімді формасына жорықтар жатады. 

Туристік  жорық  –  бұл  тұратын  жерінен  жырақта  орналасқан  аудандарға,  білім  алу, 

сауықтыру, спорттық, зерттеу мақсатында жылжып отырудың белсенді тәсілі.  

Ұзақтығы бойынша жорықтар біркүндік, екікүндік және көпкүндік болып келеді. 

Ауданның ауқымы бойынша саяхаттың жергілікті және қашықтағы түрлері болады. 

Жергілікті  туризм  –  бұл  өзі  тұратын  ауданы,  облысы,  өлкесі  шегінде  өткізілетін 

саяхаттар. 

Қашықтағы туризм – бұл тұратын жерінен қашықтағы аудандарға жасалатын саяхат. 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау