Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет49/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   211

              98 

 

допты  25-30  м  қашықтыққа  лақтыру  үшін  арнайы  дайындық  жасауы  керек,  ол  үшін  қозғалыс 



дағдысын және қолдың күштерін арттыру арқылы жоғарғы нәтижеге жетуге болады. 

Қақпашының ойын тәсілдері алаңдағы ойыншылардың ойын тәсілдерінен өзгеше. Себебі 

ойын тәртібі бойынша айып алаңында қақпашыға қолмен ойнауға болады. 

Сонымен  қатар  қақпашы  ойынның  жағдайына  байланысты  алаңдағы  ойыншылардың 

қолданылатын  ойын  тәсілдерін  түгел  пайдалана  білуі  керек.  Қақпашының  ойыны  әр  алуан  да 

күрделі.  Сондықтан  оның  дайындығына  дене  шынықтыру,  ойын  жүргізу  әдістеріне,  ойын 

тәсілдеріне үлкен талаптар қойылады. 

Кақпашы  бойы  1,75  см-ден  биік,  дене  шынықтыру  дайындығы,  жылдамдығы,  жоғары, 

реакциясы  тез  ойыншылардан  іріктелінеді.  Сонымен  қатар  қақпашы  батыл,  икемді,  биіктікке 

жақсы секіріп, алаңда орын таба алатын доптың ұшу бағытына, жылдамдығына, траекториясын 

шұғыл жауап бере алатын және соған сәйкес тез шешімге келетін ойыншылар болуға тиіс. 

Оң және сол қанаттағы /шептегі/ қорғаушылар тек қорғану шебінде ғана ойнап қоймай, 

сонымен қатар шабуылға да белсенді қатыса білуі керек. Қозғалыс жұмыс күрделі болғандықтан 

қорғаушылардың  күш  пен  жылдамдығы  иілгіштігі  және  төзімділік  дайындығы  жоғары  болуға 

тиіс. Қорғаушылар жерде, ауада да күресе  білумен қатар ойын тәсілдерінің түрлері және ойын 

жүргізу әдістерін шебер орындау өте қажет. 

Оң және сол қанаттағы шеткі қорғаушыларға қойылатын талаптар: 

а/ өзіне белгіленген зонада ойнау; 

б/ қарсылас ойыншыға жақыннан қорғаныс әрекеттерін жасау; 

в/ жоғарыдағы доптарға таласа білу; 

г/ өз әріптестерін   ауыстыра білу, керегінде қақпашының орнында ойнай білу; 

д/ тебілген немесе қарсылас ойыншыларға бағытталған доп қарсылык көрсете білу, т.б. 

Шеткі  қорғаушыларға  шабуыл  жасағанда  қойылатын  талаптар  а/  допты  қарсылас 

ойыншыдан тартып алған сәтте әріптесін шабуыл шебіне тез және дұрыс бағыттай білу; 

б/ қақпашы допқа ие болған сәтте оң және сол қанатта тұру және дұрыс ашыла білу; 

в/ қарсылас ойыншыға білдіртпей тез шабуылға шыға білу. 

Қазіргі  замандағы  футбол  ойынында  ортаңғы  шептегі  ойыншыларға  көп  талап  қояды, 

себебі  олар  өз  міндетін  неғұрлым  шебер  және  дұрыс  орындаса  соғұрлым  команданың  жеңіске 

жетуге мүмкіндігі артады. Сондықтан осы шеттегі ойыншыларға қойылатын негізгі талаптар – 

дене  шынықтыру  дайындығының  өткен  тәсілдерін  орындаудың  және  ойын  жүргізу  әдістерін 

шебер 

меңгерудің 



деңгейінде 

болуы. 


Ортадағы 

ойыншылар, 

шабуылшылар 

мен 


қорғаушылардың ойынын біріктіріп, біртұтас топтастыруға мүмкіндік туғызады. Демек, оларға 

қойылатын  негізгі  міндеттердің  бірі  –  ортадағы  ойыншылар  қорғаушылардың  да, 

шабуылшылардың  да  міндеттерін  бірдей  дәрежеде  шебер  орындай  білуі.  Сондықтан  ортадағы 

ойыншыларға шабуыл шебінде төмендегідей талаптар қойылады: 

а/ қорғану шебінен шабуылға тез шығу және шабуылды арттыру; 

б/ алаңның ортасын жіті  бақылау және өз  әріптестерінің  допқа неғұрлым ұзақ  уақыт ие 

болуы; 

в/ шабуылдың аяқталуына қатысу; 



г/ алыстағы және жақындағы әріптестерімен бірауыз болуы; 

д/  алаңның  оң  немесе  сол  жақ  бетінен  ойламаған  жерден  тез  уақыттың  ішінде  допты 

әріптестеріне жеткізіп, шабуыл шебін күшейту. 

Ортадағы ойыншылардың қорғаныс шебінде ойнауына қойылатын талаптар: 

а/ тез ұйымдастырылған қарсылас команданың шабуылына тосқауыл ұйымдастыру; 

б/ қарсылас ойыншыны бақылауға алып ойнау; 

в/ тебілген немесе ауыстырылған допқа тосқауыл қою; 

г/ ойыншыларға ауыспалы көмек көрсету. 

Оң  және  сол  жақ  шеттегі  ойыншылар  басқа  да  футболшыл  сияқты  жылдам,  икемді, 

төзімді  болуы  керек.  Бұл  футболшылардың  ең  бір  ерекшеліктері  –  қарсылас  ойыншыларға 

қарағанда  қозғалғыш,  ойын  ырғағын  біресе  арттырып,  біресе  төмендете  білетіндігі.  Сонымен 



              99 

 

қатар  шабуылшылар  жоғарғы  немесе  төмен  ұшып  келе  жатқан  допқа  ие  болу  үшін  жақсы  әрі 



күшті секіре білуге тиіс. Бұлар ойын тәсілдерін тез арада жоғары жылдамдықпен орындай білуге 

/тебу, допқа ие болу, алдау, алып жүр; т.б./ және батыл, белсенді болулары қажет. 

 

Әдебиеттер 



1. Романов В. Жасөспірім футболшыларды дайындау. – М, «Д және С»  

2. Романенко М.И. Футболшының шеберлігін (жүзеге асыру негіздері). – М. «Д және 

С» 1989 

3. Чудинов В.А. Бастаушы футболшының дене тәрбиесі. – М., «Д және С» 1986 

4.  Остьянов  В.Н.  Гадамак  И.И.  Бокс.  Оқу  мен  жаттығу.  Олимпиадалық  әдебиет.  – 

Киев, 2001 ж. 

5. Дене тәрбиесінен әдістемелік нұсқаулар (II-басылым). – М., «Жоғары мектеп» 1993 

 

 



 

 

А.С. МУЛИКОВА  



АСТАНА Қ. (ҚАЗАҚСТАН) 

 

ОҚУШЫЛАРМЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

 

Қазіргі таңда  «Адам-қоғам-табиғат» байланысын ажыратпай, тек өзара әмбебап бірлікте 



қарастыру  ғана  әртүрлі  келелі  түйткілдерді  шешуге  жол  ашады.  Бұл  тұрғыда  психологияның 

қолданбалы  аспектілері  нақтылай  түссек,  психологияның  экология  мен  педагогика 

байланысында алатын орны және озық қолданбалы әдіс-тәсілдері туралы сөз етпекшіміз. Адам 

өмірі  үнемі қоғам және табиғи ортамен тікелей байланысты. Біз талқылайтын мәселе адам мен 

табиғат  бірлігі  болып  табылады.  Экологиялық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  –  психологиялық, 

педагогикалық,  әрі  экологиялық  үрдіс.  Экологиялық  психологияның  нысанға  алатын  негізгі 

ұғымдарының бірі – бұл экологиялық сана және іс-әрекет. 

Экологиялық психология – тұлғаның экологиялық санасының қалыптасу заңдылықтары 

мен  механизмін  зерттейді,  ал  сана  адамның  барша  психикалық  қызметіне  ортақ  қасиетті 

бейнелеудің  ерекше  формасы.  Осы  орайда,  экологиялық  психология  мына  мәселелерді 

қарастырады:  адамның  өзін  қоршаған  ортаны  қабылдау  ерекшеліктерін  анықтау  арқылы 

экологиялық  сананы  зерттеу,  қоршаған  ортаның  қолайсыз  дамуының  субъект  үшін  мәнді 

факторларын  саралау,  экологиялық  мінез-құлықтың  мотивациясын  анықтау,  экологиялық 

дағдарыстың 

психологиялық 

зардаптарының 

заңдылықтарын 

анықтау, 

насихаттың 

психологиялық  құралдарын  талдап  белгілеу.  Экологиялық  сананы  қалыптастыра  отырып, 

экологиялық іс-әрекетті ұйымдастыру шаралары төмендегідей жүзеге асырылады:  

1) гуманитарлық-эстетикалық пәндердің үлесі;  

2)  табиғатты  қорғау  сипатындағы  қоғамдық  пайдалы  еңбектің  (мектеп  орманшылығы, 

ағаш  егу,  гүл  өсіру,  броконьерлермен  күрес,  қоршаған  ортаны  сақтаудағы  санитарлық 

жұмыстар,  қыс  жағдайына  икемсіз  аңдар  мен  құстарға  алғашқы  жәрдем  көрсету,  аң 

шаруашылығымен айналысатын фирмаларға көмек қолын созатын топтардың жұмыстары) рөлі;  

3)  туристік-өлкетану  жұмыстарымен  оқушылардың  табиғатты  қорғау  істерінің  үздіксіз 

байланыстылығы;  

4)  бұқаралық-ақпараттар  құралдарының  ықпалы  (Табиғатты  аялау  мен  сақтауға 

насихаттайтын әдебиеттер, газет-журналдар, радио және теле хабарлар);  

5)  экологиялық  білім;  (экологиялық  білім  мазмұны  оқушының  ішкі 

даму 


заңдылықтарына  оның  сыртқы  дүниемен  жеке  символдық  жүйе,  адам-қоғам,  адам-қоршаған 

жүйелер арасындағы қарым-қатынас бір-біріне сәйкес келуі).  




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау