Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет113/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211

              224 

 

Мүсілім  Базарбаевтың  ақын-жазушылардың  әдеби  портретін  жасаудағы  Шәкәрім 



туралы зерттеулерінің орны ерекше. Ол «М.Базарбаев, Т.Кәкішев. Классикалық зерттеулер» 

атты  басылымда  берілген.  Зерттеушінің  ғылыми  еңбектерін  саралаған  филология 

ғылымдарының  докторы  Гүлжаһан  Орда  осы  еңбектің  алғы  сөзінде  былай  дейді:  «Мүсілім 

Базарбаевтың  1959  жылы  Тіл  мен  әдебиет  институты  өткізген  «Қазақ  әдебиетінің  негізгі 

проблемалары»  атты  ғылыми-теориялық  конференция  қабылдаған  үш  ұсыныстың  бірі  – 

«Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиетінің тарихын зерттеу жайында» болса, сондағы 

11-тараудың 9-тармағы Мақыш Қалтаев, Омар Қарашев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтермен бірге 

Шәкәрім  Құдайберді  шығармаларының  идеялық  мазмұны  мен  бағытын  айқындау  болғаны 

мәлім.  Көп  ұзамай  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  1958  жылы  қазанда  ақталғаннан  кейін-ақ, 

Мүсілім  Базарбаев  оның  мұраларына  ерекше  ықылас  бөле  бастады.  1966-1969  жылдары 

оның басшылығымен Шәкәрім шығармалары жиналып, зерттеліп, 1969 жылы 3 желтоқсанда 

институт  жанындағы  Ғылыми  үйлестіру  кеңесінің  мәжілісінде  талқыланады  ...  Кеңестік 

дәуірдің  тоталитарлық  жүйесінің  Шәкәрімге  қарсы  екеніне  қарамастан,  өзінің  Мәскеуде 

қорғаған  докторлық  диссертациясының  бір  тарауын  Шәкәрімге  арнауы  –  өз  ұлтының 

мақтанышы  болған  ұлына  көрсеткен  құрметімен  қоса,  зерттеу  тақырыбына  деген  адалығы 

еді.  Шындықты  айту,  сол  жолда  күресу  –  ғалымның  негізі  және  басты  қасиеті  болды.  Ол 

1959 жылы Орталық Комитеттің Ғылым мен оқу орны бөліміне, С.Мұқановқа, 1985 жылы 11 

мамырда  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  Д.  Қонаевқа 

жазған  хаттарында  Ш.  Құдайбердиев  мұраларының  жиналып,  зерттеліп,  жарыққа  шығуын 

талап  етеді.  1988  жылы  Ш.  Құдайбердиев  ресми  түрде  екінші  рет  ақталған  соң  ғана 

әдебиетші  ғалымдар  оның  мұрасын  зерттеуге  мүмкіндік  алды.  Ал,  М.  Базарбаев  ақынның 

шығармашылығы жөнінде сүбелі еңбегін ширек ғасыр бұрын жазып қойған еді» [3.11]. 

Ғалымның «Шәкәрім ақын» атты монографиясы академик Серік Қирабаевтың сөзімен 

айтсақ,  «көлемі  мен  мазмұны,  талдау  тереңдігі  жағынан  монографиялық  зерттеудің  үлгісі 

болып табылады». Серік Қирабаевтың жазуына қарағанда, Мүсілім Базарбаев 300-ден астам 

мақала  мен  жиырмадан  астам  монография жариялапты.  Соның  ішінде  жоғарыда  атап  өткен 

алаш  қайраткерлерінің  шығармашылығына  арналған  зерттеу  еңбектері  ұлтқа  деген 

перзенттік парыз мен ғылымға деген адалдығының көрінісі болса керек.  

 

Әдебиеттер 



1. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет.  – Астана, 2009  

2. Базарбаев М. Таңдамалы. 1 том. – Астана, 2009 

3. Базарбаев М., Кәкішев Т. Классикалық зерттеулер. – Алматы, 2013 

 

 



 

 

Қ. Кемеңгер 



Астана қ. (Қазақстан) 

 

«ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ» 

ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Түркітану – кешенді ғылым. Түркітанумен айналысқан ғалым әмбебап маман болуға тиіс. 

Ғылым  әу  баста  ескі  құрылықта  қалыптасқан  уақыттан  бастап,  негізінен,  лингвистикалық 

сипатта дамып келді. Кеңестік заманда билік тарапынан түркітанудың тек тілтанымдық бағытта 

дамығаны  қадағаланды.  Әдебиеттанушы  ғалымдарға  байырғы  мұраны  жан-жақты  зерттеуге 

кеңестік  идеология  еркіндік  бермеді.  Көркем  әдебиетте  халықтың  елдік  мұраты,  өр  рухы, 

патриоттық-азатшыл идеясы сақталғанын жақсы түсінген билік бай мұраны еркін қарауға түрлі 

себеп тауып шектеу қойды.  




              225 

 

Профессор  Бейсембай  Кенжебаев  сынды  басын  бәйгеге  тіккен  батыл  әдебиеттанушы 



ғалымдар  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  кейін  тың  жерге  түрен  салып,  отандық 

түркітанудың  әдеби  аспектісін  көрсетіп,  ежелгі  әдеби  мұраны  зерттеудің  жаңа  концепциясын 

қалыптастырды.  «Ежелгі  дәуір  әдебиеті»  пәні  жоғарғы  оқу  орындарының  Филология 

факультетінде  республика  бойынша  оқытылатын  болған  соң,  оның  хрестоматиясының 

қажеттілігі  туындады.  1967  жылы  «Мектеп»  баспасынан  Б.  Кенжебаев,  Х.Сүйіншәлиев, 

М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықовтардың құрастыруымен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» 

атты  кітап  жарық  көрді  [1].  Б.Кенжебаевтың  аманатын  орындаған  шәкірті,  қазақ  әдебиетінің 

ежелгі  дәуірі  бойынша  жоғарғы  оқу  орнына  алғашқы  оқулық  жазған  әдебиеттанушы  ғалым  – 

Н.Келімбетов  болды.  Профессор  Н.Келімбетовтің  «Ежелгі  дәуір  әдебиеті»  атты  оқулығы 

бастапқыда  «Қазақ  әдебиетінің  ежелгі  дәуірі»  деген  атпен  1986  жылы  «Мектеп»  баспасынан 

жарық көрді [2].  

Мұның  сыртында  А.Сүлейменов,  А.Қыраубаева,  Ш.Ыбыраев  және  өзге  әдебиеттанушы 

мамандардың  еңбектері,  құрастырған  кітаптары  жарияланды.  Алайда  ол  жинақтарда 

Н.Келімбетовтің  оқулығында  қарастырылған  теориялық-әдістемелік  мәселелер,  тақырыптар 

толық  қамтылмады.  Бұл  жағдай  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  ежелгі  дәуір  әдебиеті  мұрасын 

зерттеу мәселесі кенжелеп қолға алынғандығынан туындағаны мәлім.  

1991  жылы  «Ана  тілі»  баспасынан  А.Қыраубаеваның  құрастыруымен  «Ежелгі  дәуір 

әдебиеті» [3] атты хрестоматияның баспа бетін  көргені  көне дәуір әдебиетін жоғарғы мектепте 

оқытуда көп пайдасын тигізді. Кітапта ежелгі жазба ескерткіші тіліндегі нұсқа бүгінгі алфавит 

арқылы транскрипциямен берілді. Сондай-ақ, мәтіннің қазіргі қазақ тіліне аудармасы ұсынылды. 

Мысалы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан үзінді транскрипцияда:  

«Төрүтти өзүрди сечу йаңлуқуғ, 

Аңар берди ердам билиг өг уқуғ»,-  

деп берілді де, оның аудармасы:  

«Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті, 

Оған өнер, білім, ақыл, ой берді» [3, 102 б.], - деп ұсынылды. Шығарманың аудармасын 

жасаған  –  тілші  ғалым  Берікбай  Сағындықов.  Мағыналық  еркін  аудармада  көне  ескерткіштің 

мазмұны сақталды.  

Осы үзінді профессор Ә. Құрышжанұлының кітабында былай берілді:  

«Жаратты адамды Алла керек етіп, 

Ой, білім, ұғым берді зерек етіп» [4, 327 б.].  

Байқасақ, аудармашылар екі түрлі тәсіл қолданған. Біріншісі – ғылыми аударма, екіншісі 

– көркем аударма. Ол жөнінде Ә.Құрышжанұлы былай жазады: «Көбінесе аударманың екі түрі 

болады.  Олардың  бірі  –  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  тұрғысынан  қаралады  да,  ол  аударма 

мәселесіне  байланысты  қойылатын  жалпы  талап-тілектердің  барлығына  бірдей  жауап  бере 

алатын  дәрежеде  жасалады.  Аударманың  екінші  түрі  әдетте  қалың  көпшілік  оқушы  қауымға 

арналады» [4, 5-6 бб.]. 

Профессор  Әбжан  Құрышжанұлы  ғылыми,  шығармашылық,  ағартушылық  бағыттағы 

еңбектерінде  түркітану  ғылымының  сан  саласы  бойынша  мол  мұра  қалдырды.  Қазақ 

топырағында  түркітану  ғылымына олжа  болатын  көптеген  зерттеу  жазды,  көне  мұраны  қазіргі 

қазақ  тіліне  аударды.  Дегенмен  Ә.  Құрышжанұлының  бай  мұрасының  ішінде  басты  сала  – 

лингвистика  болғандығы  рас.  Ғылыми  қауым  Ә.  Құрышжанұлын,  алдымен,  лингвистикалық 

түркітанудың ірі өкілі деп таниды.  

Ә. Құрышжанұлының «Ескі түркі жазба ескерткіштері» [4] кітабының ішкі бетінде «Ескі 

түркі халықтарының аталы сөздері мен мақал-мәтелдері және көркем әдебиет шығармаларынан 

үзінділер»  деп көрсетілген. Біздің айтпағымыз, лингвист ғалымның еңбегі әдебиеттанушыға да 

аса  қажет  деп  санаймыз.  Еңбек  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика  институты  баспасынан 

2001  жылы  жарық  көрген.  Кітапта  көне  және  орта  ғасыр  түркі  жазба  мұраларынан  мәтіндер 

топтастырылған.  Кітапты  құрастырушылар  алғы  сөзінде  қазақ  тіл  білімі  ғылымының  даму 

тарихына  шолу  жасап,  ескі  түркі  жазба  мұраларды  қазіргі  қазақ  тіліне  аудару  қажеттілігіне 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау