Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет115/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   211

              228 

 

Т.А.  Ван  Дейк  үш  аспектіден  тұратын  сөйлеу  актінің  неғұрлым  кең  ұғымын 



қолданады:  біріншіден,  сөйлеушінің  өзіндік  сөйлеу  актісі,  екіншіден,  тыңдаушының 

аудитивтік  актісі  және  үшіншіден  адресант  пен  адресаттың  факторлары  және  олардың 

мақсаттары, контексті және т.б. қамтитын коммуникативтік жағдайы [5].  

И.М.  Кобозевa  сөйлеу  aктісі  формaсындa  объективтендірілген  тіл  aрқылы  ойды 

хaбaрлaу тәсілі деген тұжырымғa келеді [6, 104].  

Қазақ  совет  энциклопедиясында  сөйлеу  актісі  жөніндегі  анықтамасы  жоғарыдағы 

пiкiрге  ұқсас,  бiрақ  мұнда  сөйлеу  актісі  адамның  индивидуальдық  ерекшеліктеріне 

байланысты  және  оның  негiзгi  қызметi  қарым-қатынас  (коммуникативтiк)  қызмет  деп 

таниды: Сөйлесу – адамның тiл амалдарын пайдалану арқылы пiкiр, ой бiлдiру әрекетi. Сөйлеу – 

анатомиялық мүшелердiң қатысуымен iске асқанымен, негiзiнен, кiсiнiң психикалық қабiлетiне, 

қоғамдық тәжiрибесiне сүйенедi. Сөйлеудiң әр коммуникативтiк жағдайға сай ыңғайланған стилi 

болады. Мұнымен бiрге сөйлеу үстiнде әр кiсiнiң өзiне ғана тән (индивидуалды сөз жұмсауы, сөз 

тiркесiн, сөйлем құрау) ерекшелiктерi болады [7].  

Мәселен,  Тойн  ван  Дейк  сөйлеу  актісі  мен  сөйлем  шекараларының  сәйкес  келмеу 

мүмкіндігін  және  бір  күрделі  сөйлемнің  бірнеше  сөйлеу  актісін  іске  асыру  мүмкіндігін 

көреді:  «бір  иллокутивті  акт  екіншісінен  үнемі  сөйлем  шекарасымен  бөлектелген,  сонымен 

қатар бір сөйлемнен тұратын иллокутивті акт құрамдас болуы мүмкін»-, деп қорытады [5]. 

В.И.  Карабан  сөйлеудің  күрделі  бірліктерін  зерттеуінде  осы  мәселенің  ең  көп  егжей-

тегжейлігіне  қол  жеткізді,  күрделі  сөйлеу  актінің  үш  негізгі  типін  атап  айтылды:  кешенді, 

композитті,  құрамдас  (күрделі  сөйлеу  актісі  бірнеше  қарапайым  сөйлеу  актілеріен  тұрады 

деген  Д.  Вундерлихтың  орташа  ережесі).  Құрамындағы  бір  сөйлеу  актісі  басқасын  жүзеге 

асыруға  көмектесетін,  бір  күрделі  сөйлеммен  жүзеге  асырылған  бірнеше  сөйлеу  актілерінің 

үйлесімі  құрамдас  сөйлеу  актісінің  үлгісі  бола  алады:  «Excuse  me,  sir,  is  this  your  case?» 

Құрамдас  сөйлеу  актісіне  келтірген  В.И.  Карабанның  бұл  мысалында,  компоненттер 

байланысы  «бірінші  компоненттің  перлокутивті  мақсатының  жүзеге  асуы,  екінші 

компонентінде  перлокутивті  мақсатының  жүзеге  асуын  арнайы  мүмкін  қылады.  Мұндай 

бірінші компонент ретінде кешірім сұрау, сәлемдесу, көңіл аудару құралдары және т.б. бола 

алады.  Құрамдас  сөйлеу  актілерінің  әртүрлі  типтерін  ерекшелеу  әдістемесін  қолдану  өте 

күрделі, олар сөзсіз сөйлеу актісі мен пікір-сөйлем шекараларының сәйкес келмеуіне сүйене 

отырып,  барлық  айтқандарды  ескеретін  тарихи  прагмалингвистика  аясындағы  зерттеулерде 

үлкен қызығушылық тудырады [8].  

Жоғарыда келтірілген пікірлерден байқалғандай сөйлеу актісі ұғымы жөнінде пікірлер 

біржақты  еместігі  көрінеді.  Зерттеушілер  пікірлерінің  алшақтығы  өте  кең:  біреулері  сөйлеу 

актілерін пікір-сөйлемнен көп те аз да болуы мүмкін деп санайды, яғни бірнеше сөйлеммен 

немесе сөйлемдердің жекелеген бөліктерімен жүзеге асырылуы мүмкін деген пікір келтіреді. 

Басқалары, сөйлемдерді айту  дискурстың элементарлық бірлігі деп санауға болмайды деген 

ережеге  сүйеніп  сөйлемдер  мен  сөйлеу  актілерін  сәйкестендіру  мүмкіндігін  жоққа 

шығарады.  Алайда  көптеген  зертеушілер  иллокуция  мен  құрылымдық-семантикалық 

аспектісі  арасындағы  талдау  кезінде  сөйлем  мен  сөйлеу  акті  ұғымдарын  сәйкестендіру 

мүмкін  және  қажет  деп  санайды,  дегенмен  бұл  сәйкестендіру  әр  авторда  әртүрлі  жүреді. 

Сонымен қатар, адамның тілін табиғи, қоғамда қолданысқа түсуіне қарай зерттеуді көздеген. 

Яғни,  сөйлеу  прагматикасы  қоғамда  қарым-қатынас  жасау  арқылы,  адресант  пен 

адресаттардың тілдесім мақсаттары ретінде қарастырылуы тиіс. 

 

Әдебиеттер 



1.  Рахметова  Р.  Қазақ  тілі  синтаксисін  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқытудың 

ғылыми-әдістемелік негіздері п.ғ.д., ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – 

Алматы, 2010, 273 б. 

2.  Орaзбaевa  Ф.  Тілдік  коммуникaция  негіздері.  –  Aлмaты:  Республикaлық  бaспa 

кaбинеті, 1995. – 252 б.  



              229 

 

3.  Моррис  Ч.У.  Основание  теории  знаков  //  Семиотика.  Антология.  Екатеринбург, 



2001. – С. 45-97. 

4.  Серль  Дж.  Что  тaкое  речевой  aкт  //  Новое  в  зaрубежной  лингвистике.  –  М.: 

Прогресс, 1986. – Вып. 17. – С. 151-169.  

5. Вaн Дейк Т.A. Язык. Познaние. Коммуникaция. – М.: Прогресс, 1989. – 280 с. 

6. Кобозевa И.М. Лингвистическaя семaнтикa. – М.: Эдиториaл УРСС, 2000. – 352 с.  

7. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы: Мектеп, 1982-564 б. 

8.  Карабан  В.И.  Сложные  речевые  единицы:  прагматика  английских  асиндетических 

полипредикативных образований. — Киев: Вища школа, 1989а. — 131с. 

 

 

 



 

Б. Жылқыбекұлы 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

СУРЕТ ӨЛЕҢ ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МЕН 

 

Детальдық  құрылымдағы  өлеңдерге  табиғат  көрiнiсi  де  материал  бола  алады. 



Нақтылап айтқанда, табиғат көрiнісiн суреттеу арқылы ақынның нәзік көңіл-күйі мен ойнақы 

ой-сезiмiн  бейнелеп  көрсететiн  өлеңдер  де  детальдық  құрылымдағы  өлеңдерге  жатады. 

Мысалы,  

Саратан айы. Сарала тауда. Салқын қыр, 

Сарала тауға жұғып тұр, кешкi жалқын нұр. 

Жалқын нұр жұққан ақ үйдiң жаны.Аузына 

Жаулығын бүркеп, жаутаңдай қарап жарқын жүр. 

Жаутаң көз ару құбақан құлын мүшелi, 

Өндiрдей ұлдың өңiнде көрген түсi едi. 

Сөзiме менiң сылқылдап қатса iшегi, 

Аузынан лекiп ал қызыл гүлдер түседi [1, 234 б.]. 

Бұл  өлеңде  «Салқын  қыр»  кешкi  табиғат  көрiнiсi  деталь  ретiнде  пайдаланылған.  Сол 

бiр  табиғат  суретi  арқылы  лирикалық  «Меннiң»  ақ  жарқын  аруға  деген  ағыл-тегіл  сүйiнiшi 

нанымды  түрде  бейнеленген.  Мұндай  өлеңдердің  соңғы  түйiнi  –  «сөзiме  менiң  сылқылдап 

қатса  iшегi,  аузынан  лекiп  ал  қызыл  гүлдер  түседi»  деген  сияқты  өлеңдегi  лирикалық 

«Меннiң»  еркiне  сөзсiз  бағынуы  шартты  түрде  орындалуы  керек.  Егер  олай  болмай 

табиғаттың    жалаң  көрiнiсiн  ғана  суреттейтiн  өлеңге  айналып  қалса,  онда  ол  детальдық 

құрылымдағы  өлең  болмай,  қайта  сурет  өлеңге  айналып  қалар  еді.  Сондықтан  мұндай 

өлеңдердi  құрылымдық түрге айырғанда, олардың осы бiр нәзiк түйiнiне ерекше көңiл бөлу 

қажет. 


Қазiргi  қазақ  өлеңiнде  табиғат  көрiнiсiн  материал  етiп,  өлең  жазуда  Сағи 

Жиенбаевтың өзiндiк бетi бар ақын екендiгiн ешкiм де жоққа шығара алмайды. Алайда оның 

өлеңдерiнің  қандай  өлең  екендігі  жөнінде  оның  өлеңдерін  лирикалық  «Менмен» 

қатыстылығы немесе оған бағынышты-бағынышсыздығына қарай отырып, түрлерге айырған 

соң  барып,  бiр  тұжырымға  келуге  болады.  Егер  оның  өлеңдерiнiң  басым  көпшiлiгi 

лирикалық  «Менге»  бағынышты  болса,  онда  ол  детальдық  құрылымда  өлең  жазатын 

ақындар  қатарына  кiре  алады,  ал  оның  керiсiнше  болса,  сурет  өлең  жазатын  ақынның  бiрi 

болып қала бередi. Мысалы: 

Тотығып күрең жалынға, 

Жартастың жүзі қызарып, 

Күндізгі мұнар жамылған, 

Шатқалдың бойы ұзарып. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау