230
Салқын жел келіп бабына,
Көтеріп сайдың ақ буын,
Таулардың арғы жағына
Еңкейіп бара жатты күн.
Қоңырқай тартып реңі,
Қойғандай алдын құрсаулап,
Бір шөкім бұлтқа тіреліп,
Сәулелер жерге тұр саулап [2, 259].
Бұл өлең табиғат көрінісінің таза суретін сөз құдіреті арқылы сызумен ерекшеленеді.
«Жартастың жүзі қызарып», «шатқалдың бойы ұзарып» күн таулардың арғы жағына еңкейіп
бара жатқанда, «бір шөкім бұлтқа тіреліп», сәулелердің жерге саулап тұруы шебер
суретшінің суретінен бір де бір кем емес, өте ұтымды «сызылған» өлең суреті екендігі
шындық. Алайда мұнда лирикалық «Меннің» көзге түспеуі өкінішті-ақ! Сондықтан мұндай
таза табиғат көрінісін суреттеген өлеңдерді сурет өлең деп атауға болатын секілді. Сол
себепті сурет өлеңдерден символдық өлеңдер сияқты өзекті ой іздеп жатудың қажеті
шамалы. Енді біз жоғарыдағы өлеңнен өзгешелеу көзге түсетін мына бір өлеңге назар
аударып көрелік.
Көңілі күйге толғандай
Қарайды дүние елжіреп,
Алатау гүлі қолдарда
Ал күрең тудай желбіреп.
Жасанды қайың-теректер
Моншағын бойға ілгізіп,
Келеді мұңсыз бөбектер
Көзінде бір-бір күн жүзіп.
Жүрегін орап жалынға
Ақындар талай жазған жыр, -
Өздері гүлдей арулар
Өртеніп кете жаздап жүр.
Көктегі қызыл алаумен
Қанатын бірге қаққандай.
Алматы қызыл жалаумен
Биіктеп бара жатқандай.
Қызыға шолып маңайды,
Оранып мәңгі жас талға,
Алатау мәз боп қарайды
Арқасын сүйеп аспанға! [2, 158-159 бб.]
Жоғарыдағы өлеңде табиғат көрінісі табиғаттың өзіндік ерекшеліктерімен құбыла
көрнекіленсе, ал мына өлеңде дүние кәдімгі адамша елжіреп, көзінде бір-бір күн жүзген
бөбектер мен өртеніп кете жаздап тұрған гүлдей арулар арасында Алматы қызыл жалаумен
бірге биіктеп кетіп бара жатқандай сезіледі. Бұл көріністерге Алатаудың аспанға арқасын
сүйеп, мәз болып қарауы тіпті де әсерлі. Бұнда дүние мейірленіп, Алматы қанаттанып,
Алатау мәз-мәйрам болады. Сондықтан бұл өлеңге адамзат баласының тұрмыс-тіршілігі мен
әлеуметтік қимыл-әрекеті араласып тұрғандықтан, онда белгілі бір мақсат-міндет бар деп
кесіп айтуға болады. Мақсат болған жерде, әрине, жүректің жылуы да болатындығы ақиқат.
Сол себепті бұл өлеңді детальдық құрылымдағы өлеңдердің қатарына қосуға болады.
231
Бұндағы нақтылы деталь белгілі бір мереке-мейрамның көңілді көрініске толы ортасы
екендігі біраз үңілген адамға белгілі.
Детальдық құрылымдағы өлеңдер қазіргі қазақ өлең өнерiнiң iшiнде қарымы бiр шама
кең болған, салалы әрi тармақты сала. Бұл түрдегi өлеңнiң жалына жармасып, өз бетiнше
бағыт-бағдар байқата алмай келе жатқан ақындар қаншама!? Солардың iшiнен бұл күндерi
бұлдырап, қара үзiп шығып, өз беталысын өзiнше мақамдап, нағыз ақындық бет байқатып
үлгерген Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев қатарлы ақындар
шоғыры көзге ерекше түседі. Сондықтан олар қазақ әдебиеті тарихынан өз орындарын ойып
иеленген қарымды қаламгерлердiң қатарынан орын ала алады. Ал қазіргі қазақ өлең өнерінде
өмірінің соңына дейін өзiндiк бір мектеп қалыптастыра алмаған ақындарымыз бiреудiң
құлағы, бiреудiң кiндiгi, тағы бiреудiң құйрығы болып жүрiп, өлеңде өзiндiк өре тiктей
алмай, өмірден өткендiгi белгiлi. Кейбір көзi тiрiсiнде түрлi айла-тәсiлдер арқылы өзiн-өзі
ерекше дәрiптейтiн ақындардың өлеңдері оның өзiмен бiрге жерленетiндiгi де ақиқат. Оның
керісiнше, оқырмандардың талғам таразысынан өздiгiнен өтіп үлгерген кейбір ақындардың
өлеңдері, өлең иесiнiң ешқандай бір тықпалануынсыз-ақ күн сайын күн көзi биігiне
көтерiлiп, барған сайын асқақтай түсетіндігі белгілі. Бұл арада біз «поэзияға жаңашылдық
бірден келмейді. Маяковскийше айтқанда, тонна рудадан грам радий алғандай, қазақша
айтқанда: инемен құдық қазғандай» деген терең толғамның мәнін жете ұғынуымыз керек [3,
88 б.]. Бұл ақиқатты Жұмекен мен Мұқағалидың өлеңдерiнiң өзi-ақ өздерінiң табиғи
өтiмдiлiгiмен күн озған сайын дәп басып, дәлелдеп келедi.
Әдебиеттер
1. Жақыпбаев Ж. Көктемгi хаттар. – Алматы: Жалын, 1992. – 278 б.
2. Жиенбаев С. Бақ құсы. – Алматы: Раритет, 2002. – 232 б.
3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы
Ж. Ким
Н.У. Исина
г. Астана (Казахстан)
ЭРАСТ ФАНДОРИН: АКУНИНСКИЙ «РЕЦЕПТ» ГЕРОЯ
Герой художественного произведения – носитель авторской позиции, выразитель его
внутреннего «я». Выбор героя – это творческий акт. За каждым писателем закреплен
определённый тип героя. К примеру, герои Пушкина отличаются благородством, герои
Лермонтова склонны к внутренним противоречиям, толстовские герои постоянно пребывают
в поисках ответа на философские вопросы. Совершенно иным представляется герой
литературы нового тысячелетия.
Эраст Петрович Фандорин – главный герой литературного проекта Б. Акунина
«Приключения Эраста Фандорина». Борис Акунин (настоящее имя Григорий Чхартишвили)
создавал главного героя своих детективных романов по уникальной схеме. В одном из
интервью, он озвучил «рецепт» создания Фандорина. «Прототип Фандорина – 20%,
Печорина + 30%, князя Мышкина + 10%, Андрея Болконского + 15%, полковника Най-Турса
+ 5%, агента Купера + 8%, собственной рецептуры, взболтать, дать отстояться в течение трех
первых романов, а потом относиться как к живому человеку, от которого автор может
ожидать всего, чего угодно» [1].