216
сүйене отырып, реалийлердің өзіндік таптастырылу үлгілерін ұсынады. Аялық ақпарат
мазмұнына сай, ең алдымен, тарихтың ерекше фактілерінен және ұлттық қауымдастықтың
мемлекеттік құрылымынан, географиялық орта ерекшелігінен, бұрынғы және қазіргі
материалды мәдениетке тән бұйымдардан, этнографиялық және фольклор ұғымдарынан т.б.
– яғни реалийлерге қатысты барлық ақпарат берілуі тиіс. Тілдік фактор еліміздің әлеуметтік
өмірінде ерекше стратегиялық рөл атқарады. Мәселен, ұлттық паремия, прецедентті
феномендер т.б. тілдік бірліктер халықтың ұрпақ тәрбиелеуінде маңызды болып табылады.
Мысалы, жер бедері ерекшелігі мен кен байлықтары жөніндегі ақпарат тікелей тілдік
бірлікте көрсетілген: Келіншектау, Миялы, Жусанды, Аңырақай, Дегерес, Жыланды,
Жыңғылды, Қарашығанақ, Жезқазған, Кентау, Текелі т.б. Осыған байланысты тілдік
бірліктер экологиялық тұрақтылықты қамсыздандыруда стратегиялық маңызды рөл
атқарады. Себебі тіл табиғи орта туралы жергілікті халықтың білімі мен танымын сақтаған.
Қазақстан топонимидерінің маңызды мәселелерінің бірі – ғасырлар бойы бірнеше қабат
негізінде қалыптасқан: түркі, араб, моңғол т.б., сонымен бірге екі – қазақ және орыс
тілдерінде беру нәтижесі екі күрделі мәселенің туындауына әкеледі. Біріншісі – айтылуы,
екіншісі – жазылуы немесе атаудың графикалық берілуі. Бұл мәселелер ономаст, фонетист,
картограф, IT мамандары тарапынан шешілуі қажет. Географиялық атаудың ауызша түрі
хронология тарапынан алғанда алғашқы, жазбаша түрі кешірек қалыптасқан – бұл кодталуы
және ауызша түрінің сақталу тәсілі, сол арқылы дыбыс тіркестерінен құжат түріне айналады.
Ауызша түрі дегенде дыбыстары дұрыс, стандартқа сай, яғни қазақы лингвистикалық
қауымдастыққа тән стандарт шеңберінде айтылуы сөз болады. Біздің жағдайымызда, Кеңес
үкіметінің идеологиялық ықпалының әсерімен көптеген топонимдер фонетикалық та,
графикалық та өзгерістерге түсті. Мәселен, Алматы – Алма-Ата, Алмата – Алматы; Медеу –
Медео – Медеу, Көкшетау – Кокчетав – Көкшетау, Жамбыл – Джамбул – Жамбыл т.б.
Сонымен бірге кейбір топонимдерімізді орыс тілінде аудару мәселесі де нақтылауды талап
етеді. Бұл біздің құндылықтарымызды, яғни түпкі ақпаратты жоғалтуымызға әсер етті.
Осындай фактілердің, кері әсердің орын алмауы үшін және әлемдік стандартқа сай болу үшін
онимдерді латын қарпімен берген дұрыс болады. Түптеп келгенде, қолданбалы
топонимиканың мақсаттарының бірі – халықаралық қолданысқа икемдеп, географиялық
атауларды стандарттау. Бұл карталарда, атластарда және халықаралық БАҚ-нда жүргізіледі.
Халықаралық фонетикалық әліпби (ХФӘ) географиялық атауларды жазбаша берудің
қосымша көмекші құралы болып табылады. Алайда кирилл әліпбиі негізінде жазып, одан
оны қайта латын қарпімен жеткізіп, екі жұмыс жасағаннан гөрі, бірден латын қарпіне көшкен
дұрыс болады, себебі екі қаріпте карта жасауға жұмсалатын қаражат үнемделеді және
жоғарыда аталған мәселелер шешімін табады. Сонымен бірге кирилл қарпінде дайындалған
карталарды халықаралық фонетикалық әліпбиге сай беру үшін кирилл мен латын
символдарының толық сәйкестігін беретін транслитерациялық кілт болу керек. Мұнда
көптеген қиындыққа тап боламыз, себебі төл дыбыстарымызды сәйкестендіріп берудің
дұрыс жолдарын беретін әліпби жасауға тура келеді, бұл тағы да қаражатты талап ететін
қосымша жұмыс. Әркез жаңа атау қалыптасқан сайын немесе атау өзгертілген сайын
осындай кедергіге тап боламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012
жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауда «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат
біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс» екенін басты
назарға ала отырып, «алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді
шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра беретінімізді» атап өтті және «Біз
2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын ғарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек»
[1] деп нақты міндеттер жүктеген болатын. Латын әліпбиіне көшудің мақсаты –
«балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы – қазақ
тілін жаңғыртуға жағдай туғызу екенін» естен шығармауымыз керек [1]. Елбасымыз латын
әліпбиі туралы мәселені бұған дейін де бірнеше дүркін көтерген еді. Мәселен, 2006 жылы
217
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге
қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда
басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын
әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын
жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен
байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда
тұрған қорқынышты ештеңе жоқ»–, деген болатын. Латын әліпбиіне көшудің мақсаты –
«балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы – қазақ
тілін жаңғыртуға жағдай туғызу екенін» естен шығармауымыз керек. Дегенмен, «әліпби
ауыстыру ана тілімізге не береді, неден ұтып, неден ұтыламыз?» деген сұрақ та көпшілік
көңілінде жүргені белгілі. Бұл бағытта елімізге танымал ғалымдардың пікіріне жүгінсек,
тұтас түркі еліне елеулі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлы латын
жазуына көшудің бес артықшылығын көрсетеді: «1-ден, қазақ тілі табиғи қалыпқа түсіп,
жасандылыққа ұрынған артикуляциялық базасынан арылып, табиғи қалпына түсер еді; 2-ден,
әріп сандары 42 әріптен 28-34-ке дейін қысқарып, жазу сыйымдылығы артып, машинкаға да,
компьютерге де сыйымды болар еді. Интернетке де кедергісіз шығар едік; 3-ден, латын
жазуына өтуге біздің тәжірибеміз де бар. Қазіргі аға ұрпақтың бәрі де латын жазуын
қиналмай оқи береді. Ал жастар болса шет тілдерін оқығандықтан, латын әрпімен таныс
болғандықтан тез меңгеріп кетеді; 4-ден, біз латын әрпін біркелкі ортақ таңбамен алсақ, түрік
халықтары бірін-бірі оқи алатын мүмкіндікке келеді; 5ден-, ең бастысы – санамызға күнде
әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымның тұтқынынан босаймыз» [2, 246-
247]. Латын әліпбиіне көшудің мұндай басымдықтарымен қатар, оның кейбір қиындықтары
да бар екенін жасырмаймыз. Негізгі қиындық ана тілімізге тән төл дыбыстарды бейнелейтін
әріптердің формасы екені даусыз. Қазіргі кезде тілші ғалымдар, информатика және тағы
басқа салалардың мамандары дайындаған латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуының
бірнеше нұсқасы бар. Аталған дыбыстар бұларда түрліше беріліп жүр. Олардың кейбіреулері
қосарлы таңбалармен берілсе, кейбіреулері қосымша белгілер үстеу арқылы берілген. Соған
орай, кейбір әріптер компьютердің негізгі базасында жоқ. Бұл компьютерге қосымша
бағдарламалар орнатуға мәжбүрлейді (ал ондай мүмкіндік әрдайым, әсіресе, шет елдерде
жүргенде мүмкін бола бермейді) және мәтінді терудің тиімділігін төмендетіп, жылдамдығын
тежейді. Сондықтан да, қазақ әріптерін таңбалауда тек компьютердің пернетақтасында бар
әріптерді пайдалану аса маңызды болмақ. Бұл ретте көршілес Өзбекстан, Түркменстан мен
Азербайжан елдерінің тәжірибелерін зерттеп, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын
сарапқа салған дұрыс. Қазіргі ғаламның жаһандану үрдісінде түркі халықтарының бірігу
идеясы бүгінгі күннің күн тәртібіне қайта қойылуда. Оған түрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар мәжбүрлеп отыр. Ал бүткіл түркі халықтарының басын
біріктіретен басты фактор ретінде – ортақ жазу, ортақ әліпби айтылып жүр. Қазіргі түркі
халықтарының мәдени-рухани құндылықтары мен ұлттық рухы ежелгі жалпытүркі әлемінің
рухани құндылықтарынан бастау алатындықтан ұрпақ бойына ұлттық рухты сіңіріп,
жалпытүркілік ұлттық сананың берік қалыптасуын қамтамасыз ету қазіргі түркілердің
тарихи тамырын терең тануына, түркілік тектілден тараған ана тілдерінің тарихи даму
жолын саралай білу деңгейіне байланысты. Сондықтан түркі халықтарының жаңа әліпбиін
түзуге қатысты мәселелер жалпытүркілік континиумда қарастырылса нәтижелі болмақ. Жаңа
заманға сай жаңа қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын тіліміздің фонетика-
фонологиялық табиғатын толық сақтаған, ғылыми-теориялық, методологиялық негіздемесі
берік алфавит жүйесін түзу түркі тілдерінің бірі – қазақ тілінің тарихи тамыры мен көркемдік
әлеуетін, жалпы табиғатын терең тануға жол ашып, мемлекеттік тілдің мәтребесін айшықтай
түседі [3, 27-28]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жоғарыда аталған
Жолдауындағы ана тілімізге қатысты тағы бір мәселе – «тілді заманға сай үйлестіріп,
терминология мәселесінен консенсус іздеу» [1]. Жалпы халықаралық терминдерді аудару