218
ерекше маңызды мәселелердің бірі. Содан да болар, бұл туралы пікірлерді баспасөз
беттерінен, ғылыми конференциялардан жиі кездестіруге болады. Латын әліпбиіне көшу бұл
проблеманың да оңтайлы шешілуіне ықпал етеді. Енді орыс тілінен және орыс тілі арқылы
шет тілдерінен енген сөздерді бұрынғыдай «орыс тілінде қалай жазылса, қазақ тілінде де
солай жазудан» құтыламыз. Ондай сөздер жазылуы мен айтылуы жағынан қазақ тілінің
заңдылықтарына жақындай түседі. Бұл жаңа сөздердің тілімізге тез сіңіп, біте қайнасып
кетуіне мүмкіндік береді. Қазіргі зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді әлемдік
өркениет жетістіктеріне алып баратын негізгі жол деп есептейді. Оның саяси мәні де зор.
Яғни латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақ елі бүкіл түркі әлемімен бұрынғыдан да
жақындаса түседі. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен
қарым-қатынас жасауларын да жеңілдетеді. Ақпарат және телекоммуникациялық саладағы
қолжетімділік те артады. Латын қарпіне көшудің тағы бір маңыздылығы – БҰҰ
географиялық атаулар бойынша және БҰҰ географиялық атауларды стандарттау бойынша
конференцияның сарапшылар тобы латын қарпін қолданбайтын барлық елдерден келісілген,
бірегей транслитерация жүйесін пайдалануды талап етіп отырғандығында. Түркі
халықтарына ортақ латын қарпін дайындасақ, бұл бүкіл түркі халықтарының тығыз
байланыста болуына септігін тигізер еді. Транслитерация бір тілдегі атауды екінші тілге сол
тілдің қарпімен жеткізу болса, транскрипция латын тілінен scribere – «жазу», топонимді бір
тілден екінші тілге тек қабылдаушы тіл жазуымен беруі, яғни транслитерациядағыдай
қосымша немесе арнайы әріптерге, диакритиктерге немесе басқа да маркерлерге жүгінбей
екінші тіл жазуымен аудару. Мұндай тәсілдің артықшылығы – қабылдаушы тіл оқырманы
шетел сөзін оқи алуында. Алайда атау құлаққа жағымсыз және оқырманның артикуляциялық
жүйесіне жат болуы мүмкін, бірақ транслитерациялық кілтсіз-ақ атаудың түпнұсқадағы
ауызша түріне жақын берілуі сақталады. Сонымен атауларды екінші тілде жеткізудің тиімді
тәсілі ретінде транскрипция қабылдануы мүмкін. Оған ертеректе зерттеушілер мен алғашқы
саяхатшылар жергілікті тұрғындардан естігенін дәл сақтау үшін жүгінген. Алайда
транскрипция кері қайтаруға жатпайтын үдеріс. Бұл топоним бір тілден екінші тілге
транскрипцияланғаннан кейін қайтадан түпнұсқа тілге транскрипциялануы міндетті түрде
бастапқы формасын бермейді. Бұл, әрине, түпнұсқа жүйеде траскрипцияланған формасынан
картада немесе мәтінде кездескен атауды қайта қалпына келтіргісі келетіндер үшін үлкен
кемшілік. Топонимикалық карталарды жасау барысында геоақпараттық картографиялық әдіс
кеңінен қолданылады. Географиялық карталардағы атаулардан көптеген тарихи-мәдени
ақпараттар алуға болады. Картада берілетін топонимдер аса көңіл бөлуді талап етеді. Бұрыс
немес нақты емес атаулар берілген карта – бұл қате ақпарат беретін анықтағыш.
Географиялық атауларды жан-жақты зерттеу – шығу тегі, мағынасы, уәждемесі, өзгертулер,
жазылуы, айтылуы т.б. – ономастика, соның ішінде топонимикада зерттеледі. Карта түзу
үшін қолданылатын топонимдер картографиялық топонимика нысаны болып табылады.
Оның басты мақсаты – географиялық атауларды нормалау, яғни картада пайдалану үшін
міндетті болып табылатын әр географиялық атау үшін бір, тұрақты аталуын анықтау. БҰҰ-
ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің арнайы шешімімен құрылған БҰҰ
сарапшылар тобының географиялық атаулар жөніндегі ұсыныстарына сәйкес [UNGEGN]
картографиялық ұйымдар және олардың өндірістік кәсіпорындары елдімекендердің,
топонимикалық мәліметтер базасының, түрлі мақсаттағы атластар мен карталардың,
газетирлер (географиялық атаулардың стандартталған тізімі) және басқа да картографиялық
шығармалар мен ақпараттар материалдардың тізімін құрауда төмендегідей қағидаттарға
сүйенуі керек:
- георгафиялық нысан атауларын тіркеу ресми немесе мұрағат материалдарына сүйене
отырып жазылуы керек;
- географиялық атау елдің жауапты органдары арқылы стандартталған болуы тиіс;
219
– кирилицаны қабылдаған немесе латын жазуын пайдаланбайтын басқа елдер
географиялық атауларын халықаралық қолданыс үшін белгіленген және БҰҰ бекіткен өзінің
жеке транслитерация жүйесі бойынша құрылған латын алфавитінің әріптерімен жазуы тиіс;
– географиялық атаулардың жазылуы мен дұрыс айтылуы лингвистикалық аспектіге
сүйенуі тиіс [4, 43-44].
Топонимдер сияқты осы уақытқа дейін ұлты қазақ азаматтарының аты-жөндері орыс
тілінде «транслитерация» негізінде беріліп келді. Транслитерация әртүрлі графикалық
жүйедегі тілдер арасында қолданылады, ол сол тілдердің әріптерін сәйкестендіру негізінде
жасалады. Осыған сай жалқы есімдерді тіл аралық жеткізу орын алады. Алайда тәжірибе
көрсеткендей, транслитерацияны қолданудың жетістіктері де кемшіліктері де бар екені
бәрімізге аян. Жетістігі – жазбаша түрінде кісі есімі өзгеріссіз беріледі, ал оның иесі тілдік
бірегейлендіруден
тәуелсіз,
әмбебап
бірегейлендіруге
ие
болады.
Кемшілігі
–
транслитерацияда қабылдаушы тіл ауызша жеткізуде өзінің ережелеріне басымдық береді.
Транслитерацияны қолдану туралы орыс ғалымы Д.И. Ермолович мынадай пікірді білдіреді:
«Бүгінде орыс тілінде транслитерация тура мағынасында тілдік тәжірибеде қолданылмайды.
Мұның себебі ағылшын, француз, неміс, венгр және басқа да тілдерде латын әліпбиіндегі
көптеген әріптер өзінің дыбыстық қабатын өзгерткен немесе белгілі әріптік тіркестер мен
сөздер де стандартқа сай оқылмайды. Сондықтан да орыс тілінде транслитерация сол
қалпында жүргізілсе, түпнұсқада оқылуында бір-біріне ұқсамайтын кісі есімдерінің
варианттары қалыптасады» [5]. Транслитерациялау ережесін жасау алдында оған қойылатын
талаптар
мен
жалпы
ұстанымдарды
белгілеп
алу
шарт.
Н.Рсалиева
«http:
//dbserv.ihep/su/~pubs/trans-e.htm» сайтында кезіккен жоба авторлары орыс есімдерін
транслитерациялауда төмендегідей ұстанымдарды ұсынғанын көрсетеді: 1. Бір есімнің тек
бір нұсқада транслитерациялануын қамтамасыз ету; 2. Ағылшын оқу ережелеріне сәйкес
оқылуын (readability) қамтамасыз ету; 3. Тұрақты қалыптасқан транслитерациялау үлгілерін
ескеру; 4. Авторлардың тәжірибесіне жүгіну. Автор осы ұсыныстарды толық қолдай отырып,
оны өз тарапынан бірқатар толықтырулармен жалғастырады: 1. Қолдануға жеңіл,
қарапайымдылықты қамтамасыз ету; 2. Үнемділікті қамтамасыз ету; 3. Диакритикалық
үстемелерді қолданбау;
4.
(Орфографияның
дифференциалдық
принципіне
орай)
мүмкіндігінше таңбаға таңба принципін сақтау; 5. Респонденттермен жасалған аудиторлық
тәжірибе нәтижелерімен санасу [6, 71]. Қазақ тілінде Әйгерім, Айнұр, Мөлдір т.б. есімдердің
варианттарының қалыптасуы осындай транслитерацияның салдары. Сонымен бірге
Д.И.Ермолович кісі есімдерінің этимологиялық сәйкестігінің сырт қалып қоятыны жөнінде
пікірін айтқан: «тарскрипция мен транслитерациядан басқа кісі есімдерін қабылдау мен
жеткізуде аз зерттелген әдістің – этимологиялық сәйкестік әдісі немесе транспозиция
байқалады» [5]. Кеңес өкіметі кезінде ұлты қазақ азаматтары баланың тууы туралы куәлігіне
бала есімін ауызша айтып жаздырған, ал АХАЖ бөлімінің қызметкерлері ұлттық ерекшелік,
тарих, есім тағудағы уәжден бейхабар, яғни аялық білімі болмағандықтан және ұлты қазақ
азаматтарының аты-жөндерін дұрыс беру туралы нұсқаулықтың болмауынан қате, ұлттық
антропонимиконға жат кісі есімдерін жазу орын алған. Жоғарыда берілгендерді ескере келе,
2007 жылдан бері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, т.б. гуманитарлық
институттардың ғалымдары тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ретінде жасалған
қазақ-латын қарпін пайдаланып, түркі халықтарына ортақ латын әліпбиін түзіп, сол арқылы
онимдерді беретін болсақ, қазіргі кезде өзекті болып тұрған бірнеше мәселелердің шешімін
тапқан болар едік. Атап айтқанда, халықаралық стандартқа сай карта, атластарда
топонимдерді беру жүйесі және кісі есімдерін халықаралық стандартқа сай жүйеге енгізу
мәселелері шешіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп
жазылған. Осыған сәйкес аталмыш Нұсқаулықты негізге ала отырып, дүниеге келген
сәбилердің аты-жөндерін мемлекеттік тілде рәсімдеудің кезі келді. Кез келген елде
онимдерді, соның ішінде кісі есімдерін ана тілінде реттеу бірінші кезекте тұрады, себебі олар