226
тоқталады. «Құрметті оқырман, Сіздің қолыңыздағы кітапты мен өзімнің 45-жылдық өмірімде
айналысып жүрген түркітану мен қыпшақтану салалары бойынша ертелі-кеш жазылған еңбектер
бойынша жинап-терген аталы сөздердің (мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, құнарлы сөз
тіркестерінің) жинағын беруден бастап отырмын» [4, 4 б.],- деп көрсетеді ғалым.
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні жоғарғы оқу орнының Филология факультеті студенттеріне
төменгі курстарда ұсынылады. Әдебиет тарихы көнеден бүгінге дейін хронологиялық жүйемен
оқытылатын болған соң, бағдарламаға сын айта алмаймыз. Алайда мектепті енді ғана бітіріп
келген бірінші курстың студентіне транскрипциядағы мәтінді оқыту, оның ғылыми жолма-жол
аудармасын жаттату – күрделі деп есептейміз. Ғылыми аудармадан шығарманың мазмұны мәлім
болса да, негізгі идеясы есте сақталмайды. Студент тарапынан пәнге қызығушылықты оятудың
орнына, күрделі мәтінмен сол ынтаны жоғалтып алудың қаупі бар деп білеміз. Сондықтан көне
түркі жазба мұрасын оқытқанда көркем аудармаға жүгінгеніміз қолайлы болады деп санаймыз.
Бұл жағдайда, біріншіден, шығарманың тақырыбы, идеясы сақталады. Екіншіден, мәтін қазіргі
қазақ тілінде көркем аудармамен ұсынылады. Үшіншіден, келтірілген мысал жаттауға, есте
сақтауға жеңіл болады, студент тарапынан пәнге қызығушылықты оятуға ыңғайлы ұйқаспен, өлең
формасымен түсіріліп беріледі. Осының бәрінен барып көне заманда жасаған автордың айтайын
деген ойы, рухы біздің заманға жетеді. Ал әдебиетті оқытқан кезде көркем шығарманың
тақырыбын, идеясын, көркемдігін ашумен бірге оның рухын сезіну – негізгі мұратымыздың бірі
болуы керек деп білеміз.
Көне мәтін транскрипциясының ұсынылуы түркітану ғылымы үшін қажет екендігі рас.
Оны ең әуелі лингвист ғалымдар зерттеулерінде пайдаланады. Бірақ ескі шығарманы бірінші
курстан бастап транскрипциямен, әрі қазіргі тілге сөзбе-сөз аударып оқытсақ, нәтиже
көңілдегідей болмайды. Сондықтан «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнін оқытқан кезде
Ә.Құрышжанұлының көркем аудармалары – таптырмайтын құрал екендігін айтқымыз келеді. Біз
бұл пікірге жоғарғы мектепте дәріс оқып, нақты тәжірибеден кейін тоқталғанымызды жеткізгіміз
келеді.
Әдебиеттер
1. Ертедегі әдебиет нұсқалары. – Алматы: Мектеп, 1967. – 208 б.
2. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы: Мектеп, 1986. – 214 б.
3. Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғарғы оқу орындары филология факультеттері
студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б.
4. Әбжан Құрышжанұлы. Ескі түркі жазба ескерткіштері. Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институты. – Алматы: 2001. – 470 б.
А.М. Есенбаева
Б.К. Елікбаев
Түркістан қ. (Қазақстан)
СӨЙЛЕУ АКТІСІ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАСЫ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАР
Бүгінгі күні ғалымдардың назары тілдің прагматикалық қырларына, тұлғааралық
тілдесімге, сөйлеу әрекетіндегі субъект рөліне аударылып жүр. Осыған байланысты тілдің
психолингвистикалық, социалингвистикалық, прагмалингвистика секілді тармақшаларына
қатысты зерттеу жұмыстары көптеп жүргізілуде. Сондықтан тілдік қатынасты қарастырғанда
ол тек қарым-қатынас құралы ғана, емес сол тілді қолданушылардың экстралингвистикалық
ерекшеліктері: тілді сөйлесім барысында, сөйлесім ситуациялары, тілдік қатысымға түсуші
адресант пен адресаттардың психологиялық жай-күйі, тілдесім мақсаттары және т.б.
227
факторлары да қарастырылуда. Р. Рахметова «Тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-
қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде
өзара байланыстырып, адамның әлеуметтік рөлі, оның осы рөлдегі тілі, мамандығы, қандай
әлеуметтік топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны
анықтау басымдылық алды»-, деп бүгінгі күнде тілді зерттеу объектісін айқындап отыр
[1,11]. Демек тілді зерттеуде бірінші орынға диалогиялық тілдесім, тілді қолданушының
тілдік жеке тұлғалық ерекшеліктері, тілдесімнің бірлігі ретінде мәтіннің пайда болуы мен
оның ұғыну құбылыстары шықты.
Ф.Ш. Оразбаева іргелі еңбегінде тіл мен сөйлеуге мынадай анықтама береді: «Тіл –
табиғаттың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс. Сондықтан ол әлеуметтік-
қоғамдық процесс болып саналады » [2, 42]. «Тіл сияқты сөйлеу де әлеуметтік құбылыс.
Өйткені сөйлесуді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік
түсінігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктірді, оларды өзара байланысқа
түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді» [2, 44].
Ғалымның көзқарасынша сөйлесім қатысымдық бірліктер aрқылы жүзеге aсырылып,
қaтысымдық әрекеттің орын aлуынa себепші тілдің негізгі фaкторы ретінде көрінеді.
Қатысымдық бірліктердің бұл ерекшеліктерін сөйлесім бaрысындa қaрaстыру оның
қaтысымдық сипaтын aшaды. Қaтысым теориясы қоғaмдық құбылыстaрды, зaттaрды,
қоршaғaн ортaны тілдік бірліктердің көмегі aрқылы коммуникaтивтік тұрғыдaн
тұжырымдaйды, қaтысымдық мaзмұн мен формaның ғылыми негіздерін дәйектейді.
Тілдік қарым-қатынасын зерттеу идеясын өзгергіш, эволюциялық дамушы құбылыс
ретінде негіздей отырып, өзгергіштіктің тұрақтылық пен дәстүрдің диалекттік қарама-
қайшылығы болып табылатынын ұмытпаған жөн. Дәстүр концепциясы әлеуметтік және
мәдени өзгерістер теориясы үшін қалай маңызды болса, жеке жағдайда, сөйлеу қарым-
қатынасының теориясы үшін де солай маңызды. Өткеннен бізге дейін жеткеннің барлығы
байланысқан үздіксіз тарихи процеспен беріледі де, қоғамға мұра қалдырады.
Сөйлеу прагматикасының динамикасын зерттей отырып, сөйлеу актілерінің рөлін
ескермеуге болмайды, қарым-қатынасты түсінудің принциптік мүмкіндіктерін қамтамасыз
ету маңыздылығы (ақпарат алмасу) ерте кезеңдерден келе жатыр. Мұндай сөйлеу актілерінің
орын алуына адамдық ойлаудың негізін, адамдық қызметтің жалпы түрлерін, қызметтің
типтік, сонымен қатар қарым-қатынастық және т.б. сферасын жатқызған дұрыс. Сөйлеу
актісі теориясының негізін қалаушылар Дж. Остин мен Дж. Серль прагматиканы сөйлеу
актісінің иллокутивті компонентіне және иллокутивті қызметтің көрсеткішіне жатқызады. Ч.
Морристің зерттеулері негізінде тіл білімінде прагматика сөйлеушілердің белгілерге
қатынасы ретінде анықталады. Ч.Моррис пікірінше, тіл білімі үш саладан тұрады: бірінші, ол
семиотиканы таңбалардың объектіге қатынасын зерттейтін семантика, екінші, таңбалардың
өзара қарым-қатынасын зерттейтін синтактика және үшінші, сөйлеушілердің таңбаларға
қатынасын зерттейтін прагматика саласы. «Синтаксические правила определяют знаковые
отношения между знаковыми средствами; семантические правила соотносят знаковые
средств с другими объектами; прагматические правила констатируют условия, при которых
знаковые средства является для интерпретаторов знаком [3,50-67]. Дж.Остин және Дж.Серль
сөйлеу актісінің моделіне айтушы мен тыңдаушы компоненттерін, сөйлеу актісінің мақсаты
мен нәтижесін, сөйлеуді, коммуникативтік жағдаятты қосты. Бірыңғай сөйлеу актісі сөйлеу
актілері теориясында локутивті, иллокутивті, перлокутивті деңгейлерден тұратын үш
деңгейлі білімді ұсынады, дегенмен Дж.Серль локутивті акт ұғымынан сөйлеу актісін
конвенциональді әрекет деп анықтай отырып, бұл құбылыс референция және предикация
акті термині деп түсіндіре отырып бас тартады, ал локутивті ұғым орнына пікір-
пайымдаулар, немесе пропозиция, немесе сөйлеудің пропозициональді мазмұны ұғымдарын
қолданады [4,151-169]. Дж. Серль нақты түрде сөйлеу және иллокутивті акт ұғымдар
синонимдес қолданса: «белгілі бір шартқа нақты сөйлемнің құрылуында бар иллокутивті акт
және тілдік қарым-қатынастың ең кіші бірлігі бар» [4, 152].