240
3) Лексикалық антонимдер мен фразеологиялық антонимдер контексте қатар жұмсалады:
«Өткен жылы апрельге дейін сіресіп жатқан қалың қар биыл февральдың ортасынан бастап
еруге айналды да марттың басында жар қара тақырланып жылы ауа райының тоңы жібіп іле
көктеген шөп тез қалыңдауға айналды.
4) Фразеологиялық антонимдер жеке дара қолданылатын контекстер. Қарсы мағыналы
сөздер үнемі бір сөйлем ішінде жұп болып қолданылуы шарт емес ал фразеологиялық
антонимдер әр сөйлем ішінде жеке қолданылғанмен де олардың антонимдік мәнін ажыратуға
болады. Мысалы: – «Менің қызым дағдылы күңшаштардың біреуі емес» дейді. «Қызым – елге
атағы шыққан қыз». Келтірілген бірінші сөйлемдегі дағдылы күңшаштардың біреуі емес
фразеологизмі ерекше мағынасында жұмсалып антоним болатындығы жеке алғанда да контекст
ішінде де анық көрінеді. Қайратты жігіт бола ма десем сен де осындай бор-кемік жасық па
едің? Тепсең темір үзетін қыршын жас шағың емес пе? Бұл сөйлемде де
бор кемік жасық
дегенді – әлсіз тепсе темір үзетін –
мықты мағынасында алып отыр.
5) Контексте тірек сөз негіз болған фразеологизмдердің біреуінің компоненттері толық
беріліп, екіншісінікі толық болмаған жағдайда қарсы мәннің берілуі: Сонда байқасам: әйел
жынысының талдырмаш орта бойлысы екен; ал ашаң Мағрипаның арбиған бойы менен де биік.
Бұл сөйлемде талдырмаш бойлы – арбиған бойлы антоним фразеологизмдерінің
жасалуына негіз болған тірек компонент – бой сөзі.
6) Антоним фразеологизмдер контексте фразеологизмнің мағынасын нақтылап түсіндіріп
анықтап тұратын сөздермен жарыса жұмсалады: «Тозған қазды топтанған қарға жейді» дегендей
бұлардың айрандай ұйыған бірлігіне ірткі салған Байдилдиндер сол ірткісін жыл сайын күшейте
береді... бұрынғысындай айғырдай азынамай момақансып қана сөйлеседі...
Тіл бір-екі күнде пайда болған жоқ талай ғасырлар қатпарына үңілсек халық басында
болып жатқан тарихи жағдайлар, түрлі көзқарастар, қилы оқиғалар тұнып жатқанын көреміз.
Олар халық тіліне әсерін тигізбей қоймайды. Бүгінгі күнімізге афоризм, фразеологизм, аңыз
тағы басқалар ретінде жеткен, сондықтан да не нәрсені қарастырсақ та біз олардың астарына
үңілуіміз керек. Кейінгі кезде өрістеп келе жатқан этнолингвистиканың негізгі мақсаты осыны
көздейді. Ескі мен жаңаның ұштасуы ретінде бұл бағыттың рөлі ерекше. Болашақта осы
мәселені толық зерттейтін практикалық мақсаттарда пайдалануы тиіс. Фразеологизмдердің
антонимдік қолданысы көркем әдебиеттерде жиі ұшыраспаса да, біз олардың беретін мән-
мазмұнын ашу үшін салыстыра қарастыруымыз керек.
Әдебиеттер
1.
Мұқанов С. Өмір мектебі. Үшінші кітап. – Алматы: Жазушы. 1970. – 699 б.
2.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 256 б.
3.
Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет
баспасы, 1969. – 427 б.
241
А.Е. Тоқтыбекова
Астана қ. (Қазақстан)
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар білім мен
тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру
жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүріп жатыр. Білім
стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі, білім ордаларын жаппай
компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік
білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Әлемдік деңгейдегі
форумдарда білім беру нәтижесінде шығармашылық жеке тұлға қалыптастыру, әр баланың
дарынын, талантын ашу, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың өз өмірлерін
жақсартуы мен олардың қоғамда өз орнын табуына ықпал ету мәселелері сөз болады.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Білім, ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Сіздер мен біздер
тек болашақ буынды ғана емес, жалпыадамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын
түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді, патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз.
Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – оқытушының аса маңызды,
аса жауапты да қадірменді парызы», - деген болатын.
Белгілі ғалым, оқу-ағарту ісінің озаты, педагог Қанипа Бітібаева мемлекеттік құжаттар
мен ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, бүгінгі білім беру үрдісінің алдындағы басты
мақсаттар мен міндеттерді төмендегідей тұжырымдайды:
- білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беру;
- дарын көзін ашу, қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, сыртқа шығуына түрткі жасау;
- оқушының өзін-өзі тануы мен өзін-өзі танытуына ықпал ету, жағдай туғызу;
- терең білімді, тәрбиелі, рухани бай, ұлтжанды, халқының үлгі әдет-салтын
құрметтеуші жеке тұлға қалыптастыру.
Міне, осы және басқа да бірнеше тұжырымдарды келтіре отырып, білім беру
жүйесіндегі осындай түбірлі жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық
технологияны меңгеру, содан іздеу арқылы жүзеге асатынын айтады.
Білім беру жүйесіндегі осындай түбегейлі жаңғырулар тың жолдарды іздеуге алып
келгенін, инновациялық технологиядан іздену – қазіргі оқыту үдерісінің басты мақсаты
екенін айтады.
«Технология» сөзін педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық,
іскерлік деген ұғымға келіп саяды. Орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің «Технология как
средство обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни
шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да, оған мынадай анықтама береді:
«Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ,
олардың барлығы нақты бір өнім алудағы белгілі бір мақсатқа бағытталған». Өндіріс
саласында «технология» сөзі шикізатты өңдеудің, жасаудың амалдары дегенді білдірсе, білім
беру саласына келгенде ол терминді «Болашақ тұлғаны қалыптастырудың, жасаудың
амалдары» деп аударуға болады. Бұл анықтамалар бір-бірінен онша алшақ атқан жоқ.
Болашақта терең білімді, тәрбиелі, рухани бай, ұлтжанды, туған тілін терең меңгерген
тұлғаны қалыптастыру үшін білім беру барысында ең бірінші олардың танымдық
қабілеттерін арттыруға үлкен көңіл бөлу керек.
Оқытушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында олардың мынадай танымдық
қабілеттерін арттыруы тиіс:
- жастардың көркем шығарманы талғампаздықпен түйсінуі арқылы, эстетиканы
тануы;