282
ақпараттық ресурстардың сандық құрамы емес, сонымен қатар
сапалық деңгейі артады. Мұндай оқытуды дербестендірудің
мүмкіндіктері ортаны қолдануда жəне арнайы оқыту əдістерін
жүзеге асыруда оқу ақпаратын көрнекілендіруде, үлкен көлемді
ақпараттарды тасымалдау мүмкіндігімен сақтауда, пайдалану-
шының мəліметтерге жеңіл қолжетімділігін, ақпараттық-зерттеу
іс-əрекетін, эксеприменталдық іс-əрекет нəтижелерін өңдеуді ав-
томаттандыруды, оқу ақпаратын меңгеру нəтижелерін бақылауды,
арнайы бірыңғай интербелсенді диалогты қамтамасыз етуде пайда
болады.
Оқу мекемесінің ақпараттық-білім ортасын құру жəне оны
оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде пайдалану тиімділігі артады,
сəйкесінде педагогтардың Ақпараттық-қатынастық технологиялар
құралдарын кəсіби қолдануға дайындығы қалыптасады.
Осы байланыс негізінде педагогикалық кадрлардың жəне
оқу мекемелерінің əкімшілігінің ортаны қолдану іс-əрекетіне
психологиялық дайындығын қалыптастыру, педагогтарды, оқушылар
мен ортаның ақпараттық ресурстарын пайдалатын қызметкер-
лерді оқыту, жалпы орта білім беру жүйесі жағдайында ортаны
дайындау мен жүзеге асырулауға негізделген конференцияны
жүргізу, тəжірибемен алмасуды ұйымдастыру мамандарын оқыту
қажет.
9.3 Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық
білім ортасының компоненті ретінде
Жалпы орта білім беруге Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының енуі, белсенді міндетті шешуді қажет етеді.
Оқушылардың компьютерлік техниканы жəне басқа да оқушылардың
денсаулығына айтарлықтай теріс əсер ететін ақпараттандыру
құралдарын қолдану барысындағы оқыту үдерісінде денсаулығын
сақтау міндеті туралы сөз болып отыр.
Ұзақ жылдар бойы ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын жаппай оқытуда қолданудың өзектілігі
сақталып отыр. Осы жылдар аралығында зерттеушілермен
оқытуда денсаулықты сақтау технологияларын енгізу тұрғысынан
маңызды факторлар мен ұсыныстар саны артқандығы мəлім.
Компьютерлік жəне басқа техниканы пайдалану арқылы оқу
283
сабақтарын жүргізуге байланысты санитарлық нормалар мен
ережелердің тобын еске түсіру жеткілікті. Оқушылардың ком-
пьютер алдындағы жұмысы ақыл-ой үрдісіне, нервтік-эмоциялық
жəне көру мүшелеріне күш түсіретіндігіне байланысты, оқытуда
компьютерлерді ұтымды пайдалану проблемасы əлі де болса
нақтырақ зерттелмеуде.
Компьютерлендірудің эргономикалық проблемаларын тал-
дау тек қана техникалық құралдарды ғана емес, сонымен қатар
педагогика жəне эргономика талаптарына жауап беретін
программалық қамтамасыз етуге де байланысты. Сонымен қатар
оқытушы, бақылаушы, дамытушы программалар саны да артуда.
Бұл программалар əртүрлі стильде орындалған, мектеп оқу
жоспарымен əлсіз байланыстырылған бірқатарында кейбір қателер
кездеседі.
Бірақ, əлі күнге дейін практикада білім алушылардың
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің толықтылығы, бүтіндігі
жəне жүйелілігі сақталмауда. Практика жүзінде əрбір мұғалім
Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын қолдану
арқылы оқушыларды оқытуда басшылыққа алатын кейбір
талаптар туралы айта алады жəне де қандай да бір жағдайда
ешқандай қиналмай білім алушылардың денсаулығына теріс
əсер ететін ескерілмеген факторлардың жеткілікті санын табуға бо-
лады.
Осы салаға қатысты бірқатар проблемалардың алдын алуға бо-
лады. Егер əрбір мұғалім оқыту үдерісін Ақпараттық-қатынастық
технологияларды құралдарын қолдану арқылы өз бетімен емес, ар-
найы нақты анықталған, бірыңғай таңдалған жəне апробацияланған
мектептің денсаулық сақтау ортасын ұйымдастырса. Мұндай
оқушылардың денсаулығына кері əсерін тигізбейтін оқыту,
оқушыларды басқа пəндерден оқытуда жəне оқудан тыс іс-
əрекетіндегі оқытуда қолданылатын кіріктірілген өлшемдермен
қатар жалпы денсаулық сақтау жүйесінің толыққанды сатысы болуы
тиіс.
Бүгінгі таңдағы білім беру мекемелерін біріктіру
оның əртүрлілігімен жəне оқу жоспары мен бағдарламала-
рының, білім беру мен тəрбиелеуге жаңа əдістерді енгізумен
ауыстырумен байланысты денсаулық сақтау ортасын қалыптас-
тыру қажеттігін ескеру керек. Оқытудың жаңа тəсілдері
негізінде жастардың танымдық қызығушылығын жəне қабі-
284
леттерін ескеру мақсатындағы тұлғаның даму проблемалары
жатыр.
Қазіргі мектепте жүзеге асырылатын жаңа жаңарулардың
мақсаты, сəйкесінше əлеуметтік жəне аймақтық тапсырыстағы
дамыған, əлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
үшін шарттар кешенін қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің
жаңа сапалы моделін тұрақты дамыту механизмін дайындаудан
тұрады.
Мұндай жағдайда оқу мекемесінің негізгі міндеті білім
беру сапасын арттыру болып табылады. Тəжірибе көрсеткеніндей,
бұл міндетті əдістемелік, жалпы білім берерлік, тəрбиелік жəне
соңында денсаулық сақтау іс-əрекетін жүзеге асыру арқылы
шешуге болады. Оқу-тəрбие үдерісінде балалардың денсаулығын
сақтау мен дамыту негізгі міндеттердің бірі екендігіне назар аудару
маңызды.
Білім беру мекемелерін дамыту бағдарламасы денсаулық сақтау
бағдарламасын дамытуды, пəндер мен сыныптар бойынша тəрбиелік
жəне денсаулық сақтау бағдарламаларын құруды, əрбір оқу жылына
сыныптар мен пəндер бойынша тəрбиелік жəне денсаулық сақтау
бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша əрекет жоспарын дайын-
дауды қамтуы тиіс.
Бұдан, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын
қолданумен оқытуда денсаулық сақтау шаралары біріншіден,
пəннің ерекшелігін жəне барлық жас топтарындағы оқушылардың
психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалуы
тиіс, екіншіден, орта мектептің жалпы денсаулық сақтау сатысының
ажырамас бөлігі болып табылады.
Дербес алғанда, мектептің денсаулық сақтау ортасын
қалыптастыру мен дамыту ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын қолдану арқылы оқытудың теориясы мен
практикасына қажетті кең таралатын бірқатар шараларды қамтиды,
атап айтқанда:
- педагогтардың оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау бойынша
педагогика, физиология, психология, экология саласындағы
білім деңгейін жəне құзыреттілігін арттыру;
- оқу-тəрбие үдерісін оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі дина-
микасын есепке ала отырып ұйымдастыру;
- əртүрлі іс-əрекетті кезекпен ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |