Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет94/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113

285
-   оқу-тəрбие үдерісінде еңбек пен демалыстың үйлесімділігін 
ұйымдастыру
-   оқыту барысында динамикалық үзілістерді ұйымдастыру;
Сонымен бірге мектепте ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын қолдану арқылы оқытудың əдістемелік 
жүйесі жəне практикалық шарттарын жетілдіру бірыңғай 
денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастыруға айтарлықтай үлес 
қосуы тиіс. Мұндай ақпараттық жəне қатынастық технологиялар-
ды қолдану негізінде қалыптасатын кеңістікті қамтитын негізгі эле-
менттер: 
-   оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдаланумен оқу-
тəрбие үдерісін жетілдіру;
-   компьютерлік техниканы қолданумен оқытудың əдістемелік 
жүйесін жүзеге асыру аясында денсаулықты сақтауды бақылау;
-   оқыту үдерісінде денсаулықты сақтауды жүзеге асыратын 
медициналық-профилактикалық қамтамасыз ету;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
аясында оқу-тəрбие үддерісін денсаулық сақтаумен сүйе-
мелдеуді жоспарлау;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
аясында оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтаумен меди-
циналық-психологиялық қамтамасыз ету;
-  оқушылардың денсаулығына кері əсерін тигізбейтін оқыту 
құралдарын іріктеу мен қолдану. 
Мектептің денсаулық сақтау ортасының теориялық моделін 
қалыптастыру жəне Ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдарын қолдану арқылы оқыту үдерісінде оқушылардың 
денсаулығын сақтау ерекшеліктерін жеке есепке алу, туындаған 
мəселелерді жоюға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар 
практикада педагогтар мен мектептің əкімшілігі қолдана алатын 
жалпы жəне жеке ұсыныстар мен технологиялық қадамдарды бере 
алады. Мұндай қадамдарға, бірінші кезекте, келесілерді жатқызу 
қажет:
-   оқу-тəрбие үдерісінде денсаулық сақтауды дамытуды жоспар-
лау;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану арқылы оқыту барысында пайдаланылатын мектептің 


286
іс-əрекетін денсаулық сақтау мақсатында ұйымдастыру бойын-
ша əрекетті талдау мен жоспарлау;
-   оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау мен сүйемел-
деуге бағдарланған оқытушылардың дайындығы мен мотива-
циясы;
-   компьютерлік техниканы қолданумен сабаққа дайындалу 
мен өткізу барысында СанПиН талаптарын сақтау бойынша 
бақылауды ұйымдастыру;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолданумен оқыту барысында демалыс пен оқу іс-əрекетінің 
рационалды сəйкестігін сақтау бойынша бақылау жүйесін 
ұйымдастыру;
-   денсаулық сақтау мақсатындағы мұғалімдер, оқушылар жəне 
ата-аналардың үздіксіз білім беру жүйесін құру;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану арқылы оқушылардың шаршауын азайту мақсатын-
дағы оқу материалын жүйелеу, кіріктіру жəне оңтайландыру 
жолымен оқыту мазмұны мен əдістерін жетілдіру;
·   ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мектеп 
оқушыларының денсаулығына əсерін оқып-үйрену. 
Оқу бағдарламаларын жаңа мазмұнмен толықтыра оты-
рып, оқу жоспарының мазмұнын жетілдіре отырып, шығарма-
шылық үдеріспен жəне əртүрлі ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдарын пайдалануға қызыға отырып, педа-
гогтар оқушылардың мүмкіндігі, физикалық жəне психикалық сипат-
тамалары туралы ұмытады. Нəтижесінде білім сапасы төмендейді, 
ал дұрыс емес педагогикалық əрекет оқушылардың денсаулығын на-
шарлатады. 
Мектепте денсаулық сақтау жүйесін құру, денсаулыққа əсер 
ететін барлық факторларды біріктіру жəне оларды ақпарат-
тық-қатынастық технологиялар құралдарын қолданумен оқытуда 
меңгеру, мектептегі барлық оқу сабақтарында жəне оқушы-
лардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, ағзаның 
жұмысқа қабілеттілігі мен қызметтік жағдайы оңтайлы деңгейін 
сақтауға міндетті түрде əсер етеді. Бұл ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдарын қолданумен оқытудағы басты 
мақсатының бірі. Қазіргі қоғамның дені сау, ақпараттық ағымда 
бағдарлануға қабілетті жəне ақпараттық технологиялардың 


287
негіздерін меңгерген мамандарды дайындауға жағымды əсерін 
тигізеді. 
9.4 Ақпараттық білім кеңістігі оқу орындарының 
ақпараттық білім орталарын бірлестігі ретінде
Нақты оқу мекемесіндегі ақпараттық білім ортасын 
құрудың алғышарты жалпы орта білім беру оқу мекемелерінің 
барлық іс-əрекет түрлеріндегі ақпараттандыру үдерісінің қалып-
тасуы мен дамуының үлкен жəне күрделі жолының басын бас-
тайды. Қазір болашақ оқу мекемелерінің ақпараттық ортасын 
жалпы мемлекеттік масштабтағы бірыңғай ақпараттық-білім 
кеңістігіне кіріктірудің мүмкін болатын алғышарттарын қарастыру 
мақсатқа лайық. Шынында, мұндай мүмкіндіктер білім берудің 
мемлекеттік жүйесін кешенді ақпараттандыру қарқынына ықпалын 
тигізеді.
Ақпараттық-білім беру ортасының негізін құрайтын оқу 
мекемелерінің барлық іс-əрекеті саласындағы ақпараттандыру ре-
сурстары мен технологияларын бір кешенге біріктіру қажет. Жал-
пы орта білім беру жүйесіне таралған мұндай кешен жалпы біртипті 
əдістемелік талаптар мен ұсыныстармен толықтырылуы тиіс. 
Сəйкесінше жобалық, техникалық, педагогикалық жəне əдіснамалық 
тəсілдер кезеңмен жеке оқу мекемелерінің бірыңғай ақпараттық-
білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді жəне оларды біріктіріп, 
бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін қалыптастыруға жағдай жа-
сайды.
Ақпараттық-білім кеңістігін адамдардың қазіргі ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану негізін-
дегі білім беру мақсатын жүзеге асыру ретінде анықтауға бо-
лады, білім беру іс-əрекетін ұйымдастырудағы басты рөлді 
бүтіндей алғанда елдің, ауданның, қаланың ақпараттық білім беру 
кеңістігін құрастыру мен құрылымдаудың міндеттерінің өзектілігі 
анықтайды. 
Оқу мекемелерінің көпөлшемді ақпараттық-білім беру 
кеңістігін қалыптастыру жағдайында дəстүрлі педагогикалық тех-
нологиялар педагогикалық ақпараттық технологиялар – ақпаратты 
өңдеу, тасымалдау жəне таратуға жəне оны көрсету тəсілдерін 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау