Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет95/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113

288
түрлендіруге арналған білім беру іс-əрекетінің барлық фор-
маларында қолданылатын материалдық, технологиялық жəне 
ақпараттық-мазмұндық құралдар мен ресурстар ретінде түрленеді. 
Педагогикалық ақпараттық технологияларды құру жəне дамы-
ту мемлекеттің ақпараттық-білім беру кеңістігінің қызметі үшін 
қажетті шарт болып табылады, сонымен қатар бұл технологиялар, 
педагогика, психология, информатика, басқару теорияларының 
негіздеріне сүйенеді, екіншіден қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық техниканың кең мүмкіндіктерін пайдала-
нады. 
Мемлекет масштабында Қазақстанның білім беру жүйесінің 
ақпараттық-білім беру кеңістігі бүтіндей өзіне барлық аудандар мен 
ел облыстарының ақпараттық-білім беру кеңістігін біріктіруі тиіс. 
Аймақтық сегменттерді біріктіру өзара теңқұқылы келісімдер мен 
келісулер негізінде құрылады. 
Облыстық немесе аймақтық деңгейдегі ақпараттық-білім беру 
кеңістігі өз еркімен жəне алдын ала дайындалған жəне бекітілген 
ғылыми негізделген педагогикалық моделдерге, талаптар, тех-
нологиялар жүйесіне, сəйкесінше құрылған əртүрлі білім беру 
мекемелеріндегі ақпараттық-білім беру орталарын біріктіруді 
білдіреді.
Еліміздегі бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құрудың 
нақты практикалық тəсілі оның қазіргі компьютерлік құралдарда 
телекомуникациялық алмасуына, интернет желісіне негізделуі бо-
лып табылады. Осыған орай, аймақтық жəне басты ақпараттық 
желілердің артықшылықтарын максималды пайдалануға негіз-
делген ақпараттық білім беру интернет-порталдары түріндегі 
оқу мекемелерінің ақпараттық білім беру ортасын құру талап-
тарының өзектілігі артады. Барлық ұқсас облыстық жəне аймақтық 
порталдарды біріктіретін жəне елдің ақпараттық-білім беру 
кеңістігінің дамуының жүйеқұраушы негізі болып табылатын жал-
пы мемлекеттік ғылыми-білім беру порталын дайындау жүзеге асы-
рылады.
Осылай құрастырылған кеңістік пайдаланушылардың барлық 
категориясына бірыңғай жылдам жəне қарапайым құралдар арқылы 
іздеп табуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
-  оқу мекемесін, оқушыларды дайындау бағытынан жəне орны-
нан тəуелсіз іздеуге;


289
-  оқу мекемесінің құрылымы мен қызметінің ерекшелігі туралы 
толық ақпаратты іздеуге;
-  нақты мамандық бойынша білім алуды қамтамасыз ететін оқу 
мекемелерінің тізімін, оларды ақпараттық-білім беру ортасы-
нан алуға мүмкіндік береді;
- ақпараттық-білім беру кеңістігінде тіркелген кез келген 
ақпараттық ресурс, оның физикалық орналасуынан жəне 
нақты оқу мекемесінің ақпараттық-білім беру ортасына 
тəуелсіз.
Бұдан басқа, жалпы орта білім берудегі оқу мекеме-
лерінің компьютерлік жəне телекомуникациялық техника-
мен жеткіліксіз жабдықталғанын ескере отырып, ақпараттық-
білім беру кеңістігінің құрылымының принциптері мен 
технологиялары, олардың техникалық тұрғыдан жабдықта-
луына тəуелсіз барлық оқу мекемелерінің ақпараттық-білім беру 
қызметі мен өзара əрекетінің толықтай мүмкіндіктерін қамтамасыз 
етуі тиіс.
Жалпы орта білім беру жүйесінің ақпараттық-білім беру 
кеңістігін қалыптастырудың артықшылықтары туралы айта оты-
рып, оның қазіргі таңдағы əлемдік ақпараттық кеңістікпен кірік-
тірілуінің қажеттілігін белгілемеу мүмкін емес. Мұндай кеңістік 
əлемде нақты қалыптасуда. Бұған ұйым қабырғасында, соны-
мен қатар ұйымнан тыс мекемелерде пайдалануға арналған 
ақпараттық білім беру ресурстарының санының артуы мысал бола 
алады. Сонымен қатар басты компьютерлік телекоммуникациялар 
құралдарында олардың орналасуына байланысты барлық əлемге 
қолжетімді еркін таратылған ақпараттық білім беру жүйелерін атауға 
болады. 
Бір ақпараттық білім беру кеңістігіне біріктірілген ақпа-
раттық жүйелер мен ресурстардың артықшылығы жоғары 
жылдамдықты, білім беру ақпараттарымен оперативті жəне 
жеткілікті алмасуды қамтамасыз ететін сапалы байланыс каналда-
рына негізделеді. 


290
9-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1.  Ақпараттық білім ортасы дегеніміз не? 
2. Ақпараттық білім ортасының қандай компоненттерін білесіз? Олар 
қандай принцип бойынша ерекшеленеді жəне қалыптасады?
3.  Ақпараттық білім ортасы ресурстарына қандай талаптар қойылады?
4.  Ақпараттық ресурстар дегеніміз не? 
5. Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық білім ортасының 
компоненті екендігін қалай түсінесіз? 
6. Компьютерлік жəне басқа техникаларды пайдалануға қойылатын 
санитарлық нормалар мен ережелер қандай? 
7.  Ақпараттық білім кеңістігінің оқытудағы рөлі қандай?
8.  Ақпараттық білім ортасының моделі қалай қалыптасады?
9.  Ақпараттық білім ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі 
технологиялық кезеңдерді атаңдар.
10. Ақпараттық білім кеңістігі қалай қалыптасады?


291
10-ТАРАУ БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДА 
ПЕДАГОГТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
10.1 Ақпараттандыру əдістері мен құралдарын 
пайдалануға педагогтардың дайындығын 
қалыптастыратын факторлар
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде жеткілікті 
түрде үлкен көлемде қажетті техникалық жəне бағдарламалық 
құралдар жинақталды. Сонымен қатар, қолданылып жатқан 
компьютерлік техниканың сапалы көрсеткіштері қанағаттандырады, 
мұндағы компьютерлердің қуаттылығының жоғарылауы білім беруге 
сəйкес жаңа сапалы мүмкіндіктерді бермейді. Сондықтан, мектептерді 
компьютерлермен жабдықтау ғана емес, білім беру саласында 
оларды практикалық түрде қолдану өзекті мəселе болып келе жа-
тыр. Бірақ білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарын тиімді түрде практикалық қолданудың педагогтардың 
мұндай құралдарды өз қызметтерінде қолдануға дайындығынсыз еш 
мəні жоқ. 
Жалпы орта білім беруде Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын практикалық қолдану үшін  мұғалімдерге мыналар 
тəн болуы қажет:
-   Жалпы педагогикалық дағдылар;
-   Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар 
құралдарын иелену дағдылары;
-   Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар-
ды оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу барысында қолдану 
дағдылары.
Қазіргі заманғы мұғалімдер барлығын білуі тиіс. Көбінесе, 
жалпы орта білім беру жүйесінде қызмет жасайтын педагог-
тар телекомуникациялық желілерде оқу материалдарын қайда 
жəне қалай табуды, сондай желілерді əр түрлі оқу аспектілерінде 
қолдануды, мультимедиа-технологиялары арқылы оқу пəндерінің 
мазмұнын қалай келтіруді, мультимедиа құралдарын оқытуда қалай 
қолдану керектігін білуі қажет. 
Психологиялық зерттеулердегі мəліметтерді ескере отырып, 
білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау