Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет92/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113

279
ресурстармен мазмұнды, техникалық жəне технологиялық байла-
нысты болуы тиіс. 
Ақпараттық-білім ортасында оқушыларды оқытуда 
бірыңғайланған жəне өзара байланысқан Ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын қамтитын оқу компоненттерінің бо-
луын ескеру қажет. Осыған байланысты оқу компонтін құру 
жəне қолдану психологиялық-педагогикалық əдістемелік жəне 
технологиялық сипаттағы талаптар мен ұсыныстар кешенімен қатаң 
сəйкестікте жүзеге асырылуы тиіс. Орта құрамына енетін жүйелерге 
қойылатын негізгі талаптар оларды оқыту үрдісінде қолданудың 
нақты əдістемесінің болуы, оқулыққа түсетін ақпаратты іріктеуі 
жəне ортаға енетін басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарының телекомуникациялық ресурстарымен міндетті өзара 
байланысы болып табылады.
Ортаның оқу компонентінде жинақталған ақпараттық ресурс-
тар дəстүрлі оқу құралдарына, сондай-ақ оқулықтарға, оқу жəне 
əдістемелік құралдарға қойылатын стандартты дидактикалық 
талаптарға жауап беруі тиіс. Бұдан басқа, мұндай ресурстарға 
орта компоненттерін құру мен қолдануда қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың артықшылықтарын 
пайдалануға негізделген ерекше дидактикалық талаптар қоюға бо-
лады. 
Ортаның оқу компонентінің ақпараттық ресурстарына 
қойылатын дидактикалық талаптармен нақты пəн аясындағы 
өзгешелікті жəне ерекшелікті, оқытудың қазіргі əдістерін жүзеге 
асыру мүмкіндігін есепке алатын əдістемелік талаптар тығыз 
байланысты. Ақпараттық білім ортасының оқу компоненттерінің 
ресурстарына қойылатын эргономикалық талаптар білім 
алушылардың жас ерекшелігін есепке ала отырып құрылады, оқуға 
мотивациның артуын қамтамасыз етеді, ақпараттың бейнеленуіне 
жəне нақты компьютерлік құралдардың жұмыс режиміне талаптар-
ды бекітеді.
Сонымен қатар, ақпараттық білім ортасын қалыптастыру 
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен жүзеге 
асырылатындықтан, оларға қойылатын талаптарды ескеру қажет: 
əрбір ақпараттық ресурстың мүмкіндігі оқу мекемесінің орта 
компоненттерінің мазмұнының сипатынан, барлық ортаның 
ақпараттық кеңістігі иерархиясында мұғалім мен оқушының түсінуін 
қамтамасыз етуі қажет.


280
Ақпараттық-білім ортаның біріктірілген жəне кіріктірілген 
ресурстарын қолдану мұғалімге, сонымен қатар оқушыларға 
қосымша нақты əдістемелік нұсқаулардың қатарын беруге мүмкіндік 
береді. 
Ортаның оқу ресурстарымен оқытушының жұмысы, сəйкесінше 
оқушының тақырыптық блоктарды оқып үйрену бойынша жұмыс 
нəтижелерін талдаудан басталады. Осы мақсатпен оқытушы 
оқушы туралы ақпаратты қамтитын, сонымен қатар оқушылардың 
оқу материалын оқып-үйрену сапасына бақылау жасайтын 
бақылау-өлшеу компонентерінің ресурстарын қамтитын ортаның 
ұйымдастырушылық-басқарушылық компоненттерінің ресурс-
тарына жүгінеді. Келесі кезеңде оқытушы əрбір оқушының 
ұсынылған ортаның оқу компонентінде берілген Ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарынан оқу материалының 
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау қажет. Мұнда оқытушы 
педагогикалық бақылау мен өлшеуді қамтамасыз ететін ортаның 
электрондық ресурстарымен жұмысқа дайындау үшін əрбір 
оқушыға жеке тапсырма дайындайтын жеке тəсіл болуы мүмкін. 
Бұл кезеңде педагог оқушылардың тапсырманы орындауы-
на бөлінген уақытты жəне оның ақпараттық-білім ортасының 
бақылау-өлшеу компонентімен жұмысының басталу уақытын 
анықтайды. 
Əрі қарай, оқушылардың нақты ақпараттық ресурстармен 
жұмысқа дайындық деңгейіне байланысты оқытушы оқу сабағын 
өткізу əдістемесін таңдайды: дəстүрлі сабақ, ойындар, тренинг 
жəне т.б. Бұған қосымша мұғалім оқу практикасында ортаның 
ғылыми-зерттеу жəне оқудан тыс компоненттеріне біріктірілген 
ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін талдай білуге міндетті 
болуы тиіс. Оқу үрдісінде мұндай ресурстарды қолдану оның 
тиімділігін арттырудың қосымша факторы бола алатындығы 
жоққа шығарылмайды. Мұндай талдау оқу мекемесінің бірыңғай 
ақпараттық-білім ортасында түрлі ресурстарды құрастыру мен құру 
тəсілдерінің бірлігінде нақты бола алады. Орта ресурстарымен 
жұмыс барысында, оқытушы жалпы орта білім беру аясында оқу 
жоспарымен сəйкестікте жоспарланған оқу бағдарламасындағы оқу 
материалын оқушылардың оқып үйрену мақсаты мен нəтижелерін 
салыстыра білуі тиіс. 
Ортаның оқу компоненті ортаның ұйымдастырушылық-басқару 
компонентінде жинақталған ақпараттық-қатынастық технология-


281
лар құралдарымен өзара байланысты, сондай-ақ бұл компонент оқу 
үдерісіне қызмет көрсететін сервистік қызметтер мен ақпараттық 
ресурстардың толық жиынтығын қамтамасыз ететін программалық 
кешенді көрсетеді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізгі 
дидактикалық қызметін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру 
əдістерін практикалық енгізу ортаны келесідей мақсаттарда қолдану 
мүмкіндігін біледі:
-   оқушылардың дайындығын жəне сапасын арттыратын, 
оперативті көмек көрсетуді ұйымдастыратын, компьютерлік 
жəне телекомуникациялық техниканың оқу мекемелеріндегі 
оқу іс-əрекеті мəдениетін қалыптастыру мақсатындағы 
программалық-əдістемелік мүмкіндіктерін жүзеге асыратын 
оқыту құралдары
-   ғылыми зертхана жұмыстарын модельдеу жолымен зерттеу іс-
əрекеті дағдысын қалыптастыру, оқушылар мен мұғалімдердің 
біріккен оқу жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, 
тəжірибелік іс-əрекет нəтижелерін оперативті жəне өзбетіндік 
өңдеу мақсатындағы таным құралы
-   ортақ жоба бойынша əріптестерден бастап, басқалармен 
ақпараттармен, идеялармен, жоспарлармен оперативті ауысу 
мақсатындағы əртүрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпараттарды 
алу білігі мен дағдысын қалыптастыратын телекоммуникация 
құралы
-   қарым-қатынас мəдениетінің дағдысын қалыптастыру мен 
оқушылардың гуманитарлық дамуын арттыру мүмкіндіктерін 
жүзеге асыру есебінен тұлғаны дамыту құралы;
-   оқу іс-əрекетінің нəтижелерін бақылау мен түзетудің тиімді 
құралы.
Оқушылардың дайындық деңгейін арттыратын ақпараттық білім 
ортасының тағы бір мүмкіндігін қосымша айта кету керек. Дəстүрлі 
əдістерді жəне оқыту құралдарын (оқулық, тапсырмалар жиынтығы, 
көрнекілік құрал) пайдалану арқылы оқыту қарқыны сыныптың 
үлгерім ерекшелігінен тəуелді болып табылады. Ақпараттық білім 
ортасының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білімді меңгеру 
қарқыны оқушының дербес жеке ерекшеліктерінен тəуелді жəне 
нақты уақыт аралығындағы пайдаланушы мен ортаның ақпараттық 
ресурстарының арасындағы байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік 
береді. Мұнда кіріктіру жəне біріктіру, жеке бейімдеу негізінде 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау