Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет75/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113

228
-   оқу құралдарының құрамдас бөліктерін, бақылау жұмыстары 
мен жаттығулар түрлерін анық айқындайтын белгілер мен 
басқа да символдардың қолданылуы;
-   теориялық сипаттамалардың пркактикалық мысалдар-
мен бақылануы, практикадан алынған мысалдар негізінде 
құрастырылған бақылап-өлшеу материалдарының құрасты-
рылуы;
-   оқу материалы мен мектеп оқушыларының дербес танымдық 
қызметіне сүйеу болатын қосымша дидактикалық қызметтер 
сипаттамасына ие бақылау-өлшеу материалының арасындағы 
байланыс сипаттамасы (жаңа материалды түсіндіру, оқы-
тушылардың кеңестері, бейнеконференциялар, форумдар 
жəне т.б.).
-   тілдік стильдің қолжетімділігі мен достығы, оның оқушылар-
дың мақсаттық топтарына бағыты;
-   оқу материалдары, сұрақтар жəне бақылау кешенінің тапсыр-
малары мен білім деңгейін өлшеу бойынша навигацияның 
жеңілділігі;
-   жалпы қабылданған анықтамалар мен терминологиялардың 
сақталуы;
-   барлық пайдаланылған объекттер мен қарым-қатынастарды 
құрайтын анықтамалық режим;
-   мектеп оқушыларының өзіндік жұмысы берілген материал-
ды игеру ретінде, сонымен қатар сəйкесінше бақылау-өлшеу 
үдерістері ретіндегі қате əрекеттерді өзгерту мүмкіндігінің 
орындалуы.
Ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың педагогикалық 
өлшеу жүйесіне кіруін айта отырып, өлшеу мен бақылаудың 
өнімділігін айтатын аспекттерді бөліп қарастыруға болады. Соны-
мен қатар бұндай аспекттер педагогикалық өлшеумен айналысатын 
оқытушылар мен серіктестердің дайындық жүйесіне ену керек. Бұл 
аспекттердің қатарында: 
-   əрбір оқушыға педагогикалық өлшеу дайындау мен жүргізуге 
арналған қиын жұмысты орындаудан оқытушының босаты-
луы,
-   оқытушыға кəсіби əрекетті шығармашылық іске асыру үшін 
уақыт беру,
-   оқу нəтижелілігінің жан-жақты жəне толық тексерілуін 
қадағалау,


229
-   педагогикалық өлшеулердің объектілігі мен оларды стандарт-
тауды қадағалаудың өсуі,
-   педагогикалық өлшемнің нысандануы мен бір ізге салуының 
жоғарғы дəрежесі,
-   бірнеше оқушыларға арналған өлшемнің бір уақытта өту 
мүмкіндігі,
-   телекомуникациялық технологияларды қолдана отырып
қашықтан педагогикалық өлшеуді ұйымдастыруды қадағалау 
мүмкіндігі,
-   көптеген оқытушыларды бақылау-өлшеу материалдар қорын 
жасау, жүргізу жəне қолдануға назарларын аудару мүмкіндігі,
-   педагогикалық өлшем нəтижелерін жасаудың жедел қимыл-
даушылығы мен көп факторлылығы,
Педагогикалық өлшемді ақпараттандырудың мүмкін теріс əсері 
көрінеді:
-   оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеу 
жылдамдығы – көптеген жағдайларда педагогикалық өлшеу 
нəтижелеріне əсерін тигізетін негізгі фактор;
-   оқушылардың компьютердегі жұмыс үдерісін келесі талдау мен 
бағалау серпінінде сақтау мүмкін емес, оның жұмыс нəтижесі 
қағаз түрінде сақталуы мүмкін;
-   білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары жалпы 
орта білім беру жүйесінде қолданылатын техника түрі мен 
бағдарламалық қамтамасыз етудің тізімін белгілемейді. Бұл 
қорытынды бақылауға əсерін тигізетін компьютерлер мен 
бағдарламаларды оқытуда қолданылатын ақпараттық жəне 
бағдарламалық қамтамасыз ету түрінің сəйкессіздігіне əкеліп 
соғады;
-   көптеген жағдайларда Ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдары педагогикалық өлшеудің объектілігін 
теріс көрсететін фактор болып табылады. Оқу нəтижесін 
өлшеудің педагогикалық жүйесінің сəтті енгізілуі үшін үш 
негізгі міндетті шешу керек. Олардың біріншісі, осындай 
өлшеу жүйелерін маңызды, сонымен қатар технологиялық 
деңгейде жасаудан тұрады. Білім талаптарына сай əрбір 
оқушының жетістіктерінің, біліктілігі мен дағдыла-
рының нəтижесін анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік 
жалпы орта білім беру стандарттарына тіркеулі жүйелері. 
Екінші міндет, оқытушылардың қазіргі кездегі жүйелер мен 


230
өз пəні аумағында өлшенетін педагогикалық құралдарды 
кешенді қолдану қажет екендігін көрсетеді. Соңғысы, 
үшінші міндет, ол оқушылардың білімін тексеру мен өзін-өзі 
тексеру біліктілігі мен қарым-қатынасын жасау қажеттілігіне 
қатысты.
7.3 Тəрбиелеу мен оқудан тыс жұмыстағы 
ақпараттық технологиялар
Ақпараттану жəне қатынастық технологиялар оқушы-
лардың оқудан тыс жəне сыныптан тыс жасалатын жұмыстарына 
қолданыла отырып, оқушының дамуында жоғары нəтиже көрсетуі 
мүмкін. 
Кез келген мектептегі оқудан тыс жасалатын жұмыстар оқушы 
өміріндегі маңызды элементтердің бірі жəне мұғалімдер мен оқу 
басқармасында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұл бағыт 
негізгі үш компоненттен тұрады: 
-  оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары, 
-   мұғалімдердің оқушылармен жасалатын сыныптан тыс 
жұмыстары, 
-   сыныптан тыс жұмысты басқару жүйесі. 
Білім беру мекемелерінде ең алдымен, білімнің сапалылығының 
артуы керек екендігін естен шығармаған жөн. Оның негізгі түрлі 
бағыттарының арасынан оқу барысында оқушы өзі қалаған бағытты 
таңдайды. 
Кез келген мектепте мұндай оқушы қалаған бағыттарды 
анықтауға арналған арнайы адамдар бар. Мысалы оқушымен сы-
ныптан тыс жұмыс жасайтын мұғалім-тəлімгер, тəрбиеші, сынып 
жетекшісі, мектеп директоры басқармасы жəне т.б мамандар айна-
лысады. 
Бұл мамандар оқушы мектептен тыс жерде, бос уақытта не-
мен айналысатынына, немен шұғылданатынына аса көңіл бөлу ке-
рек. Үдеріс барысында оқушы қалауына бағытталған оқытудың 
əдістемелік құралы жасалып, оқушы сол əдістемелік құрал арқылы 
экспериментальдық-зерттеу мəселелерімен айналысуға мүмкіншілігі 
ашылады. Оқушылардың білімді жетілдіру барысында жинаған 
ақпараты жəне оны іздеу қабілеттілігі оқыту барысындағы негізгі 
мəселелердің (факторлардың) бірі. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау