Зарегистрированы в Министерстве юстиции



жүктеу 118,42 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі118,42 Kb.
#5927



Жоба

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қаласы

2012 жылғы «___» ____________

№ ___


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк

операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін

қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және

бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын

талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде»
2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысына


өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ___________ жылғы № ____ және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ қаржы ұйымдарының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2008 жылғы


28 қарашадағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5411 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;

4-тармақтың 2) тармақшасында «Орталыққа» деген сөз «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық)» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Талаптар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне (бұдан әрі – төлем жүйесі) кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Талаптардың нормалары төлем жүйесінің барлық пайдаланушыларына қолданылады»;

3-тармақта:

«Осы Нұсқаулықта» деген сөздер «Осы Талаптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшада «қалыптастыру» деген сөзден кейін «немесе өзгерту» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) төлем жүйесінің пайдаланушысы – Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Орталық»;

7) тармақша «не оның қосымшасы» деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) төлем жүйесі терминалының қосымшасы – төлем жүйесінің терминалымен қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны кіруі шектеулі үй-жайда (бұдан әрі – Үй-жай) орналастырылады. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны операторларының функцияларын орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын қоспағанда, Үй-жайда төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналмаған өзге жұмыс орындарын орналастыруға рұқсат етілмейді.»;

8-тармақта «бір жыл» деген сөздер «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны ақпаратты электромагнитті арналармен жария болудан қорғайтын құралдармен қамтамасыз етіледі.»;

13-тармақта «Ұлттық Банкті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) хабарларды төлем жүйесінің пайдаланушысынан Орталыққа және Орталықтан төлем жүйесінің пайдаланушысына қабылдау және беру;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) хабарлардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын қалыптастыру және тексеру;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) хабардың электрондық цифрлық қолтаңбасының төлем жүйесінің пайдаланушысына немесе оны қоюға уәкілетті Орталыққа тиесілі екенін тексеру.»;

22-тармақта «жүйесі» деген сөзден кейін «пайдаланушысының жұмыс орны» деген сөздермен толықтырылсын;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны операторлары мен басқарушыларының төлем жүйесінің терминалына не оның қосымшасына кіруі техникалық құралдар немесе парольдер арқылы қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

«25-1. Төлем жүйесінің терминалын немесе оның қосымшасын басқару төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнынан тікелей және төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны қауіпсіздік офицерінің қатысуымен жүзеге асырылады.»;

28-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:

«Негізгі ақпаратқа рұқсат төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторларына ғана беріледі.»;

33-тармақта және бұдан әрі Талаптардың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «қызметкерлердің» деген сөз өзгермейді;

мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

«35-1. Криптографиялық кілттер Орталықтың ұсынымдарына сай бекітілген рәсімдерге қатаң сәйкестікпен ауыстырылады.»;

37-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдауышқа бөтен ақпарат жазуға;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) бөтен негізгі ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.»;

40 және 58-тармақтарда «осы Нұсқаулықта» деген сөздер «Осы Талаптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

41-тармақта «пайдаланушысының» деген сөзден кейін «жұмыс орнының» деген сөздермен толықтырылсын;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнын рұқсат етілмеген пайдаланудан қорғау құралдарын орнату және ретке келтірулерін өзгерту құқығы тек қана төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны қауіпсіздік офицерінің функцияларын орындайтын қызметкерлерге беріледі.»;

45-тармақта «жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына» деген сөздер «жүйесінің терминалына» деген сөздермен ауыстырылсын;

50-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнын басқарушы – төлем жүйесінің терминалын басқаруды тікелей жүзеге асыратын тұлға;»;

«2) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторы - өзінің ашық және құпия кілттерін жасауды және пайдалануды, кілттерді Орталықта тіркеуді, сондай-ақ төлем жүйесінің хабарларын дайындауды, өткізуді және қабылдауды тікелей жүзеге асыратын тұлға;»;

3) тармақшада «төлем жүйесінің қауіпсіздігі жөніндегі офицер» деген сөздер «төлем жүйесінің пайдаланушысы жұмыс орнының қауіпсіздік офицері» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

«50-1. Қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналарға:

1) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны операторының төлем жүйесінің терминалы не оның қосымшасы арқылы МТ 100 және (немесе) МТ 102 форматында төлем хабарларын жасау мүмкіндігінің болуына;

2) бір тұлғаның санаттарды немесе осы Талаптардың 50-тармағында көрсетілген әр түрлі санаттардың жекелеген функцияларын қоса атқаруына жол берілмейді.»;

51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) келу мақсатын көрсете отырып, төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына жіберілмеген адамдардың Үй-жайға келуін тіркеу журналы;»;

52-тармақта «Осы Нұсқаулықтың», 53 және 59-тармақтарда «осы Нұсқаулықтың» деген сөздер «Осы Талаптардың» және «осы Талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
54-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) атқаратын қызметтері көрсетіле отырып, төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны қауіпсіздік офицерлерінің, басқарушыларының және операторларының функцияларын орындайтын қызметкерлердің тізімі;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) рұқсат деңгейі және орындайтын функциялары көрсетіле отырып, осы Талаптардың 46-тармағында көрсетілген ресурстарға рұқсаты бар қызметкерлердің тізімі;

6-2) рұқсат беру мақсаттары көрсетіле отырып, желі және деректерді берудің өзге де техникалық арналары арқылы төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына рұқсаты бар қызметкерлердің және ресурстардың тізімі;»;

7) тармақша алып тасталсын;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Осы Талаптардың 54-тармағының 2) – 6-2) тармақшаларында көзделген қызметкерлердің тізімдерінде тізімге кіргізілген қызметкерлердің аты-жөні көрсетіледі.»;

56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Төлем жүйесінде жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, парольдерді немесе басқа ақпаратты жария етпеу және таратпау туралы міндеттеме белгіленеді.»;

57-тармақта «төлем жүйесінің басқарушысы және төлем жүйесінің қауіпсіздігі жөніндегі офицер» деген сөздер «төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторы мен қауіпсіздік офицері» деген сөздермен ауыстырылсын;

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберсін.

4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.А. Бектасовқа жүктелсін.





Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

жүктеу 118,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау