Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет69/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113

210
Ақпараттық-қатынастық технологиялар білім алушыны да-
йын оқу материалын пайымдаушы ғана емес, сонымен қатар оны 
құруда, өзгертуде, оперативті қолдану аясында қатысушы етуге 
жағдай жасайды. Қолда бар мультимедиалық курстар мен білім 
беретін программалық өнімдер қазірдің өзінде сабақты жаңашада 
дайындауға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық жəне қатынас технологиялары оқу қызметін 
ұйымдастыру мен басқару бойынша мүмкіншіліктерді өлшеусіз 
кеңейтеді жəне перспективті əдістемелік өңдеулердің өте зор 
əлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Дəстүрлі оқыту аясын-
да бұл əдістемелік өңдеулер сұраусыз қалып қойды немесе белгілі 
бір объектілердің əсерінен тиісті əсерін тиігзе алмады. 
Салыстырмалы түрде оқытудың бірнеше жаңа əдістері бар жəне 
олардың пайда болуы заманауи ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарының өмірге келуімен жəне оларды пайдаланумен 
байланысты. 
Жобалау əдісі. Əлемдік тəжірибеде білім алушының өз 
бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыру əдістері іздестірілуде, 
яғни, мұнда əрбір білім алушы белсенді танымдық қызметке тар-
тылады. Осындай өзіндік жұмыстардың бір əдісі – ынтымақтаса 
отырып оқыту əдісі. Жаппай жұмыс жасаудың орнына көбінде 
жеке, жұптық, топтық жұмыстар келіп түсуде. Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, білім 
алушылардың жұптық немесе топтық жұмыс жасау нəтижесі 
түсіндіру-көрнекілеу жəне көшірмелі əдістерге қарағанда едəуір 
тиімді болып шығады. 
Мектеп оқушылары топпен жұмыс жасау арқылы бірлескен 
іс-əрекеттер жоспарын өңдейді, ақпарат көзін табады, мақсатқа 
жету тəсілдерін іздейді, рөлдерді үлестіреді, ортаға ой салып, 
оны талқылайды. Барлық білім алушылар танымдық қызметке 
еліктірілген болып шығады. Бірлесе білім алу ұжым ішінде қатынасу 
мəдениетінің элементтерін жəне басқару элементтерін (ортақ тап-
сырманы орындау барысында міндеттемелерді үлестіру шеберлігі, 
бірлескен жұмыстың нəтижесіне жəне серіктестің жетістігіне жауап 
бере отырып, толығымен мойындау) меңгеріп алуға мүмкіндік жа-
сайды.  
Оқу үрдісінің негізі ретінде оқушының қызметін қарастыруға 
болады, яғни, оның зияткерлік, ерік жігері күшінің эмоционалдық 
жан құбылыстарын жұмылдыру. Оқытушы осы қызмет түрін 


211
бағыттап, реттеу қажет. Маңыздысы, оқу материалының мазмұны, 
формасы, əдісі, оқу құралдары оқушылардың шынайы жəне əлеуетті 
мүмкіншіліктеріне сай болуы жəне оқытуда ынталандыру факторы 
ретінде алға шығады.      
Педагогикалық тəжірибеде білім алушының танымдық қызметін 
ұйымдастыру əдістері өте маңызды орын алады. Себебі, олар 
белгілі бір білімді меңгеруді, іскерлік жəне дағдылық шеберлікті 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді, соның ішінде, өмірлік мəні бар 
қиын мəселені шешу барысында білім алушының алған білімін, 
іскерлігі мен дағдыларын тəжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. 
Оқу жобаларының əдісі тұлғаның шығармашылығын дамытудағы 
əдістердің бірі болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайдала 
отырып оқушыларды оқытуда жобалау əдісін қолдануға қойылатын 
басты талаптарға жатады:
-    зерттеу, шығармашылық тұрғыдағы мағыналы тапсырмалардың 
бар болуы, яғни, олар интегралданған білімді жəне оның 
шешімін табу үшін зерттеу ізденістерін қажет етеді;
-   болжанатын нəтижелердің тəжірибелік, теориялық, танымдық 
мағынасы;
-   оқушының өзіндік (жеке-дара, жұптық) жұмыс жасауы;
-  жобамен жұмыс атқару үшін қажетті түрлі саланың түпкі 
білімін анықтау;
-   жобаның мазмұнды бөлігін құрылымдау;
-   зерттеу əдістерін пайдалану;
-   зерттеу тапсырмаларынан туындайтын мəселелерді анықтау;
- 
 оларды шешу тұжырымдамаларын алға шығару, зерттеу 
əдістерін талқылау;
-   алынған мəліметтерді сараптамалау;
-   соңғы нəтижелерді ресімдеу;
-  қорытынды шығару, тұжырым, шығармашылық есеп берулер 
жəне т.б.
Жобалау əдісі əрдайым қандай да бір мəселені шешуді түсіндіреді. 
Бұл мəселе, бір жағынан, түрлі əдістерді пайдалану, екінші 
жағынан, білімді, ғылымның, техниканың, технологияның түрлі 
салаларының шеберлігін, шығармашылық саланың білімін инте-
гралдау дегенді қарастырады. Жоба əдісі бойынша жұмыс қандай да 
бір мəселені тауып, оны ұғыну ғана емес, сонымен қатар оны ашу 
үрдісі де жатады. 


212
Жобалық тапсырманы орындау мүмкіндік туғызады:
-   базалық білім мен шеберлік жүйесін қалыптастыру жəне олар-
ды ары қарай толықтырып, дамыту;
-  тұрақты ынтаны жасап шығару жəне жобамен жұмыс жасау 
кезінде қажет болатын жаңа білімдерді тауып алу қажетілігін 
сезіну;
-   оқушылардың танымдық қызметін белсенді ету, əсіресе, олар 
жобалық-компьютерлік зерттеулер орындаған кезде;
-  өзіндік болжамға сəйкес жобалық тапсырманы іске асыруға 
мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттерді дамыту;
- 
 жаңа білімдерді алуда бастамашылыққа тəрбиелеу жəне 
олардың қолданылу аясын кеңейткен жағдайда өз беткейлікті 
жетілдіру;
-   оқушылардың өздерін білім жаратылысы ретінде ұғыну. 
Жобалау əдісі əрдайым оқушылардың өз бетінше жұмыс жа-
сауына бағытталған, яғни, жеке, жұптық, топтық тапсырманы 
білім алушылар белгілі бір уақыт мерзімінде орындап бітіруі тиіс. 
Бұл қызметтің барысында ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын пайдалану тиімді болады. Бұл тəсіл табиғи түрде 
оқытудың топтық тəсілімен үйлесімді болады. 
Шынымен де, іс жүзінде жобалау əдісін оқушыларды 
оқытуда пайдаланған жағдайда оқыту жүйесінің төмендегідей 
қосымша артықшылықтары мен ерекшеліктері пайда болуы ғажап 
емес:
-   топ оқушыларының желілік серіктестермен жұмыс жасауы;
-  жалпыға бірдей мəдениет білімін игеру, телебайланыстық 
арналар арқылы алынған мультимедиа-ақпаратық негізінде 
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру;
-  ақпараттық-қатынастық технологиялар жаңаша құралдарын 
пайдалану;
-   оқушылардың жазбаша қатынастық тілін дамыту. 
Сонымен қатар, осы тəрізді педагогикалық технологияларды пай-
далану бірнеше оқытушылардың бірлескен жұмыс ұйымдастыруына 
септігін тигізеді. Атап айтқанда, оқу жəне оқудан тыс жұмыс форма-
ларын біріктіру, білім алушылардың əлемдік ақпараттық ресурстарға 
жаңаша сапалы түрде қолжеткізілуі салдарынан жалпы орта білім 
жүйесінің мазмұнын өзгерту, ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын құрал-жабдық ретінде, жалпы айтқанда, барлық 
мектеп пəндерінде қолдану. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау