Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет41/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113

125
Кеңестер, конференциялар, хат алмасу өткізу үшін жəне 
мектеп оқушыларын электрондық кітапханалардағы оқу 
жəне басқа ақпаратпен қамту үшін компьютерлік желiлер мен 
ондағы жарияланған мультимедиа-ресурстар, дерекқор мен оқу 
мекемелерінің электрондық басқару жүйесі осындай техноло-
гияларды пайдаланады. Осыған пайдаланылатын мультимедиа-
технологиялардың маңызды қасиетіне мектеп оқушыларын жедел 
басқару, мұғалiммен жəне сыныппен қарым-қатынас барысында 
тəрбиелеу мүмкiндiгі болып табылады. 
Негiзiнен, оқу үрдісiне кейс-технология енгiзу – жалпы орта 
бiлiм беру жүйесiндегі  дəстүрлi əдiстердiң  бай мүмкiндiктерiн пай-
далану мен сақтау талабымен байланысты оқушылардың өзіндік 
оқуының үлкен көлеміне көшудің ыңғайлы тəсiлi.
Сипатталған тəсілдер шеңберіндегі өзіндік оқытуда 
қолданылатын мультимедиа-материалдардың ерекшелiктері мына-
лар:
- мектеп оқушыларына пəнді мұғалiммен кездесуді қысқарту 
жəне дəстүрлi мектеп кітапханаларынан алыстау жағдайында өз ал-
дына толық зерттеуге мүмкіндік беретiн жүйелі-ұйымдастырылған 
мультимедиа-материал кешенінің толықтығы жəне бүтiндiгі;
- оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын білдіретін жəне 
ынталандыратын барлық мультимедиа-ресурстардың маңызды 
интербелсенділігі;
- оқушылардың кəсiби қызметiне мүмкін бағытталу (əсiресе 
бейінді оқу үшiн).
Өзіндік оқудың арту мүмкіндігіне қарамастан, мультимедиа-
технологияларын пайдаланумен өткізілетін мектептегі дəстүрлі 
күндізгі сабақтар мұндай технологиялардың маңызды элементі 
болып табылады. Мұндай пəндер мектеп оқушыларының оқу 
материалының үлкен дербес блоктарын дербес зерттеу мен ұғыну 
кезінде алынған түрлi бiлiм-дағдыларын практикалық қолдануға 
есептелуi керек. 
4-тараудың сұрақтары мен тапсырмалары
1.  Мультимедиа зерттеу объектiсi болған жағдайдағы негізгi оқыту 
əдiстерін көрсетiңiз. Мектеп оқушыларының мұндай оқу мазмұнына 
не кiруi керек?
2. Мультимедиа-технологияларды белсендi зерттеуге не себеп болады?


126
3. Мектеп оқушыларын қажеттi мультимедиа-ресурстарын iздестiруге 
қалай үйретуге болады?
4. 
 
Оқу телекомуникациялық жобалары шеңберiнде мектеп 
оқушыларымен жүзеге асырылатын мультимедиа-ресурстарын 
іздестiру ерекшелiгi қандай?
5. 
 
Мектеп оқушыларын мультимедиа-технологияларын қолданумен 
оқытудың қандай əдiстерін белсендi оқыту əдiстерiне жатқызуға бо-
лады? Нелiктен?
6.  Ақпараттық ресурс əдiсін сипаттаңыз жəне мысалмен келтiрiңiз.
7.  Мультимедиа-технологияларын қолданумен  жүзеге асырылатын жо-
балар əдiсін сипаттаңыз жəне мысалмен келтiрiңiз.
8. Мультимедиа-технологияларын қолданумен  жүзеге асырылатын 
көрсету əдiсін сипаттаңыз жəне мысалмен келтiрiңiз.
9.  Белсендi оқыту əдiстерін мультимедиа-технологияларды пайдалану-
мен  бірге қолдану мектеп оқушылары дайындығының тиiмдiлiгіне 
қалай əсер етедi? Жауапты дəлелдеңiз.
10.  Оқушылармен мультимедиа-құралдарын қолданумен iскери жəне 
дидактикалық ойындарды жүргізудің мүмкін əдістерін сипаттаңыз. 
11. 
Мультимедиа-технологияларды қолданумен iскери жəне 
дидактикалық ойындардың негізгі құрамдас бөліктері мен кезеңдерін 
сипаттаңыз. 
12.   Сынып-сабақтық жүйе шеңберінде мультимедиа-технологияларға 
негізделген ойындарды жүргiзу мүмкiн бе? Жауапты мысалмен 
түсiндiрiңiз.
13. 
Мультимедиа-технологияларды қолданумен iскери жəне 
дидактикалық ойындардың оқушыларды оқытудағы оң əсерлерін 
көрсетіңіз. Бұл жағдайда мультимедиа-технологиясын оқыту 
тиімділігін арттыруға қалай əсер етеді?
14. 
 
Жүзеге асырылуы мультимедиа-технологияға негізделетін 
оқушылармен ең қарапайым оқу ойынына мысал табыңыз. 
15. 
 
Мультимедиа-технология жəне мультимедиа-ресурстарын 
қолданумен өткізілетін оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі 
түрлерін атап шығыңыз.
16.   Оқушылардың  өзіндік  жұмысында  қолданылатын  мультимедиа-
ресурстардың ерекшеліктерін көрсетіңіз. 


127
5-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
5.1 Ақпараттық технологиялар ұғымы, 
ерекшеліктері мен түрлері
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен байланысты 
білім беруді ақпараттандыру ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияның кеңінен таралуы, жетілуімен сипатталады. Олар 
ақпаратты алу жəне қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытушы 
мен оқушының қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін кеңінен 
қолданылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні оқытушы ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технология аясындағы білімді меңгеріп 
қана қоймай, өзінің кəсіби іс-əрекетінде оларды қолдана алатын ма-
ман болуы тиістігін түсінуі қажет.  
«Технология» гректің сөзі жəне аудармасында өнімді, материал-
ды, жартылай өнімді затқа түрлендіру, өңдеу немесе қайта өңдеу 
əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл сөздің 
қазіргі түсінігі ғылыми жəне инженерлік білімді практикалық тап-
сырмаларды шешуге қолдануды қамтиды. Бұл жағдайда ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технология деп ақпаратты өңдеу мен 
түрлендіруге бағытталған технологияларды есептеуге болады.
Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар – бұл 
ақпаратты алу жəне тасымалдау, өңдеу, сақтау, жинау алгоритмі мен 
əртүрлі тəсілдері, əдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым. 
Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі енгізілмеген. Өйткені, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану, тағы бір тех-
нологиясын – ақпараттандыру технологиясының бір бөлігі болып та-
былатын, білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық тех-
нологияларды медицинада, əскери істе жəне адам əрекетінің басқа 
да аясында қолдану технологиясы туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Осы қолдану аясында ақпараттандыру технологиясының өзінің 
ерекшеліктері бар. Мысалы, ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технология ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын 
айтуға болады. Мұнда, білім беруде Интернетті қолдану технология-
сын ақпараттық жəне телекомуникациялық технология ретінде емес, 
білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеу орынды.
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының 
мағынасы білім беру аясында ақпараттық жəне телекомуникациялық 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау